2021 жылғы 8 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Талғат Қайыркенұлы Ибраев, бас қор сақтаушы Серікжан Құдайбергеновна Жүзжанова және ғылыми қызметкер Балым Серікқызы Айтмағамбетова келді. Келу мақсаты – тәжірибе алмасу, музей экспозицияларымен танысу, бірлескен көшпелі көрме ұйымдастыру. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді және мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» және "ALJIR. Qorqiniєti tustey... Kak strashnyi son..."атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.