2021 жылғы 28-31 шілде аралығында Шығыс-Қазақстан жастар театрының директоры Абай Дәулетұлы «АЛЖИР» тұтқындарының тағдыры туралы спектакль түсіру мақсатында ХХ ғасырдың 1930-1950-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихын баяндайтын материалдар мен «Алаш», «АЛЖИР» музей экспозицияларымен танысты.
Экскурсиялық-көрме бөлімінің маманы Раиса Рамазановна Жақсыбаева «АЛЖИР» тұтқындарының тұтқындалғанға дейінгі өмірі, лагерьдегі өмірі мен лагерден босатылғаннан кейінгі өмірі туралы айтып берді. Мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.