2021 жылғы 21 шілдеде ғалым, «Поиск предков» сайтының редакторы Елена Валерьевна Коровченко «АЛЖИР» музейі қорындағы 2017 жылғы шілдеде Астанаға сапары кезінде Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырған белорус әйелдерінің архивтік құжаттармен танысты. Танысу мақсаты – тұтқын әйелдер жайлы мақала жазу. Жұмыс барысында бас қор сақтаушы Жанар Ергельдинова мен маман Сая Майлыбаева музейдің қор жинау мен зерттеу қызметі жайлы айтып, Елена Кучинская-Старостенконың (Белорус мемлекеттік университетінің ректоры Алексей Кучинскийдің әйелі), Лидия Сташевскаяның (жазушы Василя Сташевскийдің әйелі), Елена Рыдзевскаяның (жазушы Петруся Бровкийдің енесі), Анна Лютьконың (Жлобинск аудандық атқару комитеті төрағасының әйелі), Анастасия Лебединскаяның (Азеран шіркеуінің діни қызметкерінің әйелі) және Мария Залесскаяның (БКСР жер шаруашылығының халық комиссары Александр Залесскийдің әйелі) архивтік құжаттарының көшірмелерін берді.
Сонымен қатар, қонаққа мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» және "ALJIR. Qorqiniєti tustey... Kak strashnyi son..."атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.