14 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі және Астана қаласындағы мекемелер арасында өткен «Ата салтым – асыл қазынам» атты байқау аясында «Көрісу» және «Біз шаншар» дәстүрлерін көрсетті. Мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ұмытылып бара жатқан көне дәстүрлерімізді қайта жаңғырту. Бұл күні музей қызметкерлері әділ қазы алқасымен көрісіп, амандасып, жақсылық тілеп қана қоймай жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдірді. Бұл күн — «Адам аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні. Бұл күннің бір ерекшелігі – бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман шыққандықтарына тәубе келтіреді. «Біз шаншар» рәсімі үйлену рәсімдерімен байланысты әдет-ғұрыптардың бірі болып табылады. Бұл рәсімнің мәні – құрметті жастағы ақсақал қонақтардың үйінде бізді көрнекті жеріне қадап, сондай-ақ үй шаруашылықтары қайрақтың жоғалып кеткенін байқайды. Бұл екі зат күнделікті өмірде өте қажет. Егер қыздың ата-анасы қайрақты қайтаруды сұрамаса, бұл құдаларды жіберуге болатындығын білдірді. Осындай ерекше тәсілмен біздің ежелгі ата-бабаларымыз балаларды үйлендіру арқылы туылуға ниет білдірді. Сонымен қатар, іс-шара барысында халық әндер орындалып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды, сондай-ақ мерекелік дастарқан жайылды. Музей ұжымы «Ата салтым – асыл қазынам» атты байқауына белсенді қатысқаны үшін Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.