«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен "Жастар" ресурстық орталығы бірлесіп «Наурыз – жыл басы» атты іс-шара ұйымдастырды

14 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігі аясында Целиноград ауданы "Жастар" ресурстық орталығы мен Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжімен бірлесіп Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – жыл басы» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара қазақтың ұлттық дәстүрі – Көрісуден басталды. Музей қызметкерлері "Жастар" ресурстық орталығының кызметкерлері мен кәсіптік-техникалық колледжінің мұғалімдері мен студенттерімен көрісіп, амандасып, жақсылық тілеп қана қоймай жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдірді. Құт-береке мен молшылықты білдіретін «Шашу» ежелгі қазақ салт-дәстүрлерінің бірі өткізілді. Астана қаласы кәсіптік-техникалық колледждің мұғалімдері Төребек Нығметұлы және Толғанай Әйтімбетқызы халық әндерін орындап, студенттер – жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар «Бес асық», «Ләңгі», «Жаяу тартыс» спорттық ойындар ойнады.

FaLang translation system by Faboba