vzaimodejstvie-so-smi-2018

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара жұмыс

8 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің мекенжайына Ресей Федерациясы Воронеж қаласында шығатын «Работница» журналының № 10 шығарылымы келіп түсті. Аталған нөмірде 2017 жылдың шілдесінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне келген, баспасөз басылымының редакторы Оксана Чистякованың «Печальный «АЛЖИР» мақаласы басылған .

14 ақпанда «24 Хабар» арнасының тілшілері 2017 жылы мұражайдың бірегей жәдігерлерін қалпына келтіру жұмыстары өткізілгені туралы репортажы түсірілді. Бас қор сақтаушы Ж. Ергельдинова жәдігерлердің өткен ғасырдың бірегей куәгері ретінде сақталып қалуы үшін оларға қалпына келтіру жұмыстарын өткізу маңызды екенін айтты. Қалпына келтірілген материалдардың ішінде «АЛЖИР» тұтқындарының балаларына, балалардың аналарына жазған хаттары, тұтқын-әйелдердің 30-шы жылдардағы фотосуреттері, ақтау туралы анықтамалары.

Мұражай директоры М.Ә. Оралов шілдеде мұражай қорына түскен Астанаға ресми сапар кезінде Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырған «АЛЖИР» лагерінің белорус ұлтты тұтқын әйелдерінің бірегей мұрағаттық құжаттары туралы айтып берді.

Зерттеу жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева жазасын «АЛЖИР» лагерінде өтеген әйгілі әйелдерді, соның ішінде балерина, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Татьяны Павловна Афонина туралы айтып берді.

26 ақпанда «24 Хабар» арнасының жаңалықтарында 2017 жылы мұражайдың бірегей жәдігерлерін қалпына келтіру жұмыстары өткізілгені туралы репортажы шықты. Репортажбен танысу үшін «АЛЖИР» мұражайының арнайы сайтындағы медиа бөлімінің https://m.youtube.com/watch?v=fbkiDRAzT4A сілтемесіне кіру арқылы танысуға болады.

Наурызда Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешені МКҚК басып шығарған 2018 жылы № 1 (33) «Астана мәдениеті. Культурная Астана» журналында зерттеу жұмысы бөлімінің жетекшісі Л. Әбдірахманованың 2017 жылғы шілдеде Астанаға сапары кезінде Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырған мұрағаттық құжаттары негізінде жазылған «АЛЖИР» тұтқындары – белорус әйелдерінің рухына» тақырыбындағы мақаласы жарыққа шықты.

6 сәуірде Астана қаласының www.city01.kz сайтында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен Павлодар қаласындағы Павел Васильевтің мұражай-үйі бірлесіп  ұйымдастырған саяси қуғын-сүргін жылдары таланты кемелденген кезінде  қаза болған ХХ ғасырдың ұлы ақыны, қазақ жерінің перзенті Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Раненая песня» ретроспективті көрмесі туралы Владимир Ареновтың «Сын казахской степи» мақаласы  шықты. Аталған көрме «Туған жер» жобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сонымен қатар Астананың 20-жылдығына орай ұйымдастырылды. Мақаламен https://www.city01.kz/news/2003953 сілтемесіне кіру арқылы танысуға болады.

17 сәуірде экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешені МКҚК басып шығаратын «Астана мәдениеті. Культурная Астана» журналының тілшісі Әнуар Құтбанбековке сұхбат берді. Әңгіме барысында А. Хасенова ақын, қазақ жерінің перзенті, 1937 жылы қуғын-сүргін құрбаны болған Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Павел Васильевтің әйелі Елена Александровна Вялова Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде тұтқындалып, «АЛЖИР» лагерінде жазасын өтеген.   Аталған көрме «Туған жер» жобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сонымен қатар Астананың 20-жылдығына орай ұйымдастырылды.

18 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ҚазМЗУ-нің «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Раушан Мұхамеджанованың бастамасымен Шотландиядағы Глазго университетінің туризм бойынша лекторы Гийом Тиберген келді. Тиберген мырза бұрынғы лагерлердің орындары бойынша туризм тақырыбын, солардың ішінде Карлаг пен АЛЖИР-ді зерттеумен айналысады. Кездесу барысында  мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев «АЛЖИР» лагерінің шығу тарихын, экскурсиялық қызметі туралы, сонымен қатар туристерді, соның ішінде шетелдік азаматтарды мұражайға келтіру үшін қандай іс-шаралар ұйымдастыру қажеттігі туралы айтып берді. National Digital History сайты e-history порталының шығарушы редакторы Арман Сүлейменов мұражайға келіп, Тиберген мырзамен ГУЛАГ орындары бойынша туристік сапарларды жүзеге асыру жобасы туралы әңгімелесті.

25 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ресей режиссері, деректі жобалардың, соның ішінде бірінші кеңес дипломаты, араб елдеріндегі Кеңес Ресей өкілетті уәкілі, 1937 жылы қуғын-сүргін құрбаны Карим Абдрауфович Хакимовқа арналған «Карим Хакимов. Аравийский визирь Кремля» деректі фильмінің авторы Радик Нажибович Кудояров келді.

Қазіргі таңда Радик Нажибович Кудояров елорданың көшірілуіне 20-жылдығына арналған Астана туралы деректі фильмін құруда. Фильмде жас астананың құрылу тарихы, қаланың басты көрікті жерлері көрсетіледі, солардың ішінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені де бар. Сапар барысында зерттеу жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева башқұрт режиссеріне  «АЛЖИР» лагерінің тарихы, тұтқын-әйелдер және олардың қиын жылдары қалай аман қалғандары туралы  сұхбат берді.

Түсірілген бейнематериал елорда туралы сол деректі фильмде көрсетіледі.

2 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне  Петропавл қаласынан «Qyzylzhar»  телеарнасының түсіру тобы және телеарнаның редакторы, «АЛЖИР» тұтқыны Мәдина Айсаринаның шөбересі Индира Баймұхамбет келді. Телеарнаның тілшілері бейнесюжеттің түсірілімін жүргізу барысында «АЛЖИР» тұтқыны Мәдина Айсаринаның немересі Зияда Жолдозекқызы Базарбаева мұражай қорына мұрағаттық құжаттарын және әжесінің жеке заттарын тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде: 80-шы жылдары жүннен тоқылған күрте, М. Айсаринаның түпнұсқа мұрағаттық анықтамасы, отбасы құрамы туралы анықтамасы, М. Айсаринаға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулының көшірмесі, тінту хаттамасы, тұтқындау сауалнамасы, айыптау қорытындысы, НКВД жанындағы Ерекше Кеңесінің шешімімен еңбекпен түзеу лагеріне 5 жылға М. Айсаринаны қамауға алу туралы хаттамадан үзінді көшірмесі, істің күшін жою туралы анықтамасы, Мәдина Айсарина және оның күйеуі қазақтың жазушысы және публицист, 1938 жылы қуғын-сүргін құрбаны болған  Абдрахман Айсариннің ақтау туралы анықтамасы. Зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Е. Саморокова «Qyzylzhar» телеарнасына берген сұхбатында мұражайдың қызметі мен Солтүстік-Қазақстан облысынан «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген тұтқын-әйелдер туралы айтып берді.        

17 мамырда зерттеу жұмысы бөлімінің жетекшісі Л.О. Әбдірахманова 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Хабар» телеарнасының Майя Бекбаевамен «Давайте говорить» ток-шоу бағдарламасының түсіріліміне қатысты. Бағдарламаның түсіріліміне мұражайдың зерттеу жұмысы бөлімінің басшысы Л. Әбдірахманова, «АЛЖИР» тұтқындары Шәкітай Тәтімованың немересі Сырым Ғаббасов және Мағрифа Қазбекованың немересі Зәуре Оспанова қатысты. Аталған бағдарлама  2018 жылғы 31 мамырда эфирге шықты. 

25 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Хабар» агенттігінің тілшілері Камилла Тастанбекова және Риат Шоти келді. Сапар барысында журналистер «АЛЖИР» тұтқыны  Ефросинья Васильевна Яковленконың ұлы  қазіргі уақытта Ақмол ауылында тұрып жатқан Александр Серікбайұлы Тайгариновпен әңгімелесті. Сонымен қатар, мұражай қызметкерлері Ә. Ескендірова және А. Саморокова тілшілерге мұражай қызметі мен қордың жұмысы және алдағы болатын іс-шаралар туралы айтып берді. Аталған бағдарлама 2018 жылғы 31 мамырда қазақ және орыс тілдерінде эфирге шықты. 

25 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне  «Егемен Қазақстан» газетінің құқық бөлімінің шолушысы Елена Левкович келді. Зерттеу жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева «АЛЖИР» лагерінің тарихы мен әйелдердің тағдыры, мұражай қызметі мен алдағы болатын іс-шаралар туралы айтып берді. Бұл шара жайында 2018 жылғы 31 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінің бас парағында «Лагерь скорби надежды» мақаласы шықты. Мақаламен http://www.kazpravda.kz/articles/view/lager-skorbi-i-nadezhdi/ сілтемесіне кіру арқылы танысуға болады.

26 мамырда Қазақстан Республикасындағы Израиль мемлекетінің Елшілігі «АЛЖИР» еврей-тұтқын әйелдеріне арналған ескерткіш тақтаның ашылуына арналған Динара Құлақпаеваның «В память об узницах «АЛЖИРа» мақаласы «Астана ақшамы» газетіне шықты. Мақаламен http://vechastana.kz/v-pamyat-ob-uznicah-alzhira/ сілтемесіне кіру арқылы танысуға болады.

28 мамырда «Казконтент» АҚ тапсырысы бойынша «Агенство Профи-С» ЖШС  қызметкерлері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу туралы деректі фильм түсіру мақсатында мұражай аумағында орналасқан экспозицияларды, сонымен қатар мұражай экспозициялары бойынша бейнетүсірілім ұйымдастырды. Фильмнің түсіріліміне мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» лагерінің тарихы мен  атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Мұражай қызметкерлерінің атқарып жатқан қызметі ХХ ғасырдың 30-50-шы жж. саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтауға  бағытталған.

29 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Қазақстан» АҚ РТРК филиалындағы «Kokshe» телеарнасының тілшілері келді. Мұражай қызметкерлері А. Ескендірова және Е. Саморокова тілшілерге мұражайдың зерттеу, экскурсиялық-көрме және қор  қызметі мен алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы айтып берді. Аталған репортаж 2018 жылғы 30 мамырда қазақ және орыс тілдерінде эфирге шықты.          

29 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова Қазақ радиосына мұражайдың экскурсиялық-көрме қызметі мен  алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар туралы сұхбат берді.

30 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Евразия 1 арнасы» тілшілері «АЛЖИР» тұтқыны Ксения Ивановна Никольскаяның қызы Татьяна Ивановна Никольскаямен кездесті.  Татьяна Ивановна 1941 жылы «АЛЖИР» лагерінде туылған және 5 жасына дейін болған. Сұхбат барысында ол тілшілерге лагерьде басынан кешкендерін, атап айтқанда 9 айлығында ағасының аштықтан қайтыс болғаны жайлы айтып берді. 

31 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Г. Төлепбергенова «Хабар» телеарнасының «Білу маңызды» бағдарламасына қатысып, мұражайдың қызметі мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухын мәңгі құрмет тұтқаны үшін атқарылып жатқан қызметі туралы  айтып берді.

31 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Ә. Ескендірова «Қазақстан» телеарнасының «Апта.KZ» бағдарламасының тілшілеріне «»АЛЖИР лагерінің тарихы мен мұражайдың қызметі және бүгінде өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы сұхбат берді.

12 маусымда «Тюменское время» телеарнасының журналисі Карина Закирьянова Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай түсіріп жатқан «Самая красивая деревня» деректі фильмі бойынша мұражайдың экспозицияларына бейнетүсірілім жасады. Фильмнің түсіріліміне мұражай қызметкерлері Р. Жақсыбаева мен С. Майлыбаева қатысып, «АЛЖИР» лагерінің тарихы мен мұражайдың қызметі туралы айтып берді.

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешені МКҚК басып шығарған 2018 жылы № 3 (35) мамыр-маусым айындағы «Астана мәдениеті. Культурная Астана» журналының бас редакторы Айдана Сегізбаеваға мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаевтың берген сұхбаты және «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, сонымен қатар Астананың 20-жылдығы мен Павлодар облысының 80-жылдығына орай Павел Васильевтің мұражай-үйі мен «АЛЖИР» мұражайы бірлесіп ұйымдастырған «Трагическая судьба поэта» көрмесі туралы мақаласы шықты.

 20 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Түркия мемлекетінің «TRT» телеарнасының тілшілері келді. Шетелдік тілшілердің сапар мақсаты әзірбайжаннің саяси қайраткері, ақын, жазушы, аудармашы, журналист, Әзірбайжан әнұран сөзінің авторы, 1937 жылы құғын-сүргінге ұшыраған Ахмед Джавада Ахунд-Заденің өмірі мен қызметіне арналған деректі фильмін түсіру. Оның әйелі Ахунд-Заде Шүкүрия Сүлейман Қызы 1937 жылы «халық жауының әйелі» ретінде сотталып, өз мерзімін «АЛЖИР» лагерінде өтеген. Тілшілер мұражай аумағында орналасқан экспозицияларды түсірді. Экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Г.Төлепбергенова «АЛЖИР» лагерінің тарихы, мұражай қызметі және саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау үшін өткізілетін іс-шаралар және «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген әзірбайжан әйелдері туралы айтып берді. 1938-1953 жылдары «АЛЖИР» лагерінде әзірбайжан ұлтының 44 әйелі жазасын өтеген.

10 тамызда «Golden Ribbon» халықаралық байқауы аясында Астана туралы  қысқа метражды фильмді түсіру мақсатында, «Хабар» телеарнасының жүргізушілері мұражай аумағында орналасқан экспозициялары мен «Алаш» «АЛЖИР» залдарына түсірілім жасады.

18 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Kazakh TV»  телеарнасының тапсырысы бойынша Алматы қаласындағы «Terra Inkognita» деректі цикл жасайтын «Fresh TV» продюсерлік орталығының тілшілері келді. Жобаның миссиясы – әлемдік аудиторияға  Қазақстан жайлы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен киелі орындары, ежелгі аңыздары мен нанымдары туралы айту. Тілшілер мұражай ғимаратының ішкі және мұражай аумағында орналасқан экспозициялардың түсірілімін жасады.  Зерттеу жұмысы бөлімінің  маманы Е. Саморокова «АЛЖИР» лагерінің тарихы мен  мұражай қызметі, сондай-ақ, «АЛЖИР» мұражайының 2017 жылы «100 киелі орындар» тізіміне кіргендігі туралы айтып берді.

5 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «National Geographik Qazaqstan» журналының бас редакторы Мақсат Асылбайұлы келді. Сапар барысында Мақсат Асылбайұлы мұражай қорына 2017 жылғы мамырда шыққан «National Geographik Қазақстан» журналының беттерінде иллюстрацияланған «АЛЖИР: Ажал апаны»  тақырыбындағы «АЛЖИР» мұражайы туралы баяндайтын мақаласы шықты.

2018 жылғы 17-18 қазан аралығында   Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының сайтында және Астана қаласы әкімдігінің сайтында Бейбітшілік және келісім сарайында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені, Бейбітшілік және келісім сарайы мен Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайымен бірлесіп «Рухани жаңғыру: Карлаг, «АЛЖИР» - Қазақстанның  естелік орындары» мен «КАРЛАГ: қапастағылар қаламынан» тақырыбында көшпелі көрмелердің ұйымдастырғаны жөніндегі мақаласы жарияланды.

27 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан бойынша саяхатта» бағдарламасының дайындығы бойынша айналысатын «Telemaster.kz» ЖШС Қазақстандық компаниясының тілшілері келді. Бұл телебағдарлама «Туристификация картасы» туралы басты нысандарды әңгімелейді. Сапар барысында тілшілер мұражай ғимаратының ішкі және мұражай аумағында орналасқан экспозициялардың түсірілімін жасады.    Экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің экскурсия жүргізушісі К. Пархоменко «АЛЖИР» лагерінің тарихы туралы және ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау үшін өткізілетін іс-шаралар туралы сұхбат берді. 

28 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Табиғат пен көшпелі мәдениеттің тұтастығы» тақырыбындағы деректі фильмінің түсірілімі бойынша Ақмола облысы туризм басқармасының түсірілім тобы келді. Сапар барысында тілшілер мұражай ғимаратының ішкі және мұражай аумағында орналасқан экспозициялардың түсірілімін жасады.    Экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің экскурсия жүргізушісі Ә. Ескендірова мұражай қызметі және саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау үшін өткізілетін іс-шаралар туралы сұхбат берді.  

FaLang translation system by Faboba