БАСТЫ

Мұражайдың баспасөз қызметі

ТМД елдері мен Қазақстан қалалары бойынша ғылыми экспедициялар барысында 13 мыңнан астам жинақталған материалдар негізінде журналдар, кітаптар, «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың ұрпақтарының естеліктер жинақтары жарыққа шықты.

Мұражай ашылған 2007 жылы қордағы фото және архивтік материалдар негізінде «Узницы «АЛЖИРа» кітабы жарық көрді.

Кітапта архивтік құжаттары мен куәгерлердің естеліктері бойынша әйел қасіреті, Ақмол лагеріндегі ана мен баланың қайғысы көрсетілген.

2010 жылдың сәуірінде мұражай Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігімен бірігіп «Украинцы в Казахстане: взгляд в прошлое и настоящее» мақалалар жинағын шығарды.

2010 жылдың мамырында Қазақстан халқы ассамблеясы мен ТМД мемлекеттері қатысушыларының Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен «Тағдырларды біріктірген Қазақстан» кітабы жарыққа шықты.

Кітапқа бұрынғы Кеңестер Одағы кеңістігіндегі 30-50-шы жылдардағы кеңестік қоғамында орын алған қайғылы оқиғаларды баяндайтын «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің бірегей материалдары мен құжаттары енгізілген.

2010 жылдың мамырында мұражай ұжымы «АЛЖИР» - тарих пен тағдырлар» мәдени-ағарту журналын шығарды.

2011 жылы, мұражай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай «ALAZH-ALZHIR» екітомдық кітабын шығарды.

Кітаптың «Алаш» атты 1-ші томына қазақ мемлекеттілігінің тарихы, еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлерінің алғашқы толқынының көрнекті өкілдері-«Алашорда» партиясының, тәуелсіз және біртұтас Түркістан идеясының көшбасшылары туралы материалдар енгізілді.

Сонымен қатар «Алаш – АЛЖИР» атты жаңа жинақтың 2-ші томы мұражайдың 5 жылдық мерейтойына орайластырылған, оған мұрағаттық құжаттарды жүйелі зерделеген ғылыми-зерттеу мақалалары, сондай-ақ, бұрынғы лагерь тұтқындары және олардың ұрпақтарымен болған кездесулер, көзі тірі куәгерлердің естеліктері мен фотоқұжаттары енгізілген.

2012 жылы Астананың 15-жылдық мерей тойына қарсы, мұражай қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмысы кезінде жинақталған материалдардан «Елбасының бастамасымен ашылған еді» атты бірінші каталогы жарық көрді. Каталог «Алаш және қазақ зиялылары», «АЛЖИР» лагері тарихынан», «Гулаг-тың балалары», «Халықтарды жер аудару», «30-жылдардағы ашаршылық», «Азаттықтың азапты жолы» бөлімдерінен тұрады.

2014 жылдың мамырында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының «Algir. Qorqinisti tustey…. Kak strashnyi son….»атты естеліктер жинақ кітабын шығарды. 5 бөлімнен тұратын жинаққа «АЛЖИР». Естеліктері; «Алжирліктердің» естеліктерінен; «Алжирліктердің» ұрпақтарының естеліктерінен; БАҚ «АЛЖИР» туралы; Мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» туралы. Естеліктер жинағы негізгі және ғылыми-көпшілік қорлардың негізінде таңдаулы мақалалар, халықтың басынан кешірген зобалаң уақыт куәгерлерінің естеліктері кірді. Ақмола лагері тұтқындары Г. Майлина, Г. Қожанова, Г. Серебрякова, З. Тналина, Л. Русланова, Д. Жүргенева, Р. Плисецкая, У. Күленова, Е. Тухачевская, Л. Головнялардың айтқан әңгімелері.

2017 жылдың сәуірінде мұражай ұжымы «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» Үкіметінің құрылғанына 100 жыл, жаппай саяси қуғын-сүргіндердің басталғанына 80 жыл және «АЛЖИР» мұражайының 10 жылдығына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағын жарыққа шығарды.

Кітапты шығарудағы негізгі мақсат – ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдарындағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу.

Бұл жаңа жинақта мұражайдың бұрынғы басылымдарында жарияланбаған қуғын-сүргін ұрпақтарының естеліктері ұсынылған. Олар Сталиннің және оның айналасындағылардың саясатын әшкерелейді. Бұл кітапта Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Беларусь елдерінің қалалары бойынша зерттеу іс-сапарларында жинақталған және мұражай қорына ұрпақтар тапсырған естеліктер, түпнұсқа мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер, сонымен қатар «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының хаттары бар. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылған.

Байланыс

8 747 602 41 27, 8 777 533 48 55 - телефоны арқылы экскурсияға жазылу.

Экскурсияға өтінімдер 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады

Директордың орынбасары — Тергембаев Самат Ильясұлы,
тел. 8 (7172) 48-65-38

Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы»
Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені орналасқан мекенжайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Линейная көшесі, строение 2Б.

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені кеңсесінің мекен-жайы: Астана қ., Шоссе Қорғалжын 2/1

E-mail:

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. – Cіз өз ресми сұрауларыңызбен хаттарыңызды осы сайт арқылы жолдай аласыз.

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. – Сіз экскурсия бойынша сұрақтарыңызды осы сайт арқылы жолдауыңызға болады.

Экскурсияға өтінім беру ережелері

Экскурсияға өтінімдер (Экскурсия 16 жастан бастап 5 және одан жоғары адамнан тұратын топқа жүргізіледі).

Өтінімдер жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады.

Демалыс және мереке күндері экскурсиялар алдын-ала тапсырыс бойынша өткізіледі.

Суретке түсіруге және бейнетүсірілімге өтінімдерді беру ережелері

Мұражай экспозициясында суретке түсіруге және бейнетүсірілімге тыйым салынады.

Бұқаралық ақпарат құралдары, жарнама агенттіктері және басқа да ұйымдар, кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы мекемелер үшін кәсіби фото және бейнетүсірілім тек мұражай Әкімшілігімен алдын ала келісім бойынша жүргізіледі.

Маршрут

Нұрсұлтан қаласынан "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені орналасқан Ақмол ауылына дейін қала маңына қатынайтын бағыттар бар. Қала маңындағы маршруттардың кестесін 109 нөмірі арқылы білуге болады.

Бағанама

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені
кіру билеті экскурсиямен
Ересек адамдар үшін 500 500
Оқушылар үшін 100 100
Студенттер үшін 200 100
Зейнеткерлер үшін 300 200
Шетел азаматтар үшін 500 1500
деректі фильмді көру:
5 адамнан аз топ үшін 500
5 адамнан жоғары топ үшін 1000
25 адамнан жоғары топ үшін 2500
50 адамнан жоғары топ үшін 5000
ЖЕҢІЛДІКПЕН 50%
Үшінші топтағы мүгедектер (растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда) жеңілдік 50% жеңілдік 50%
Т Е Г І Н
5 жасқа дейінгі балаларға - -
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға (растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда) - -
Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 18 жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балаларға (растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда) - -
FaLang translation system by Faboba