БАСТЫ

Байланыс

Директор «Amanat-ALZHIR» ҚҚ – Раиса Рамазанқызы Жаксыбаева

т.8\7172\499455

с.т.87016296846

e-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

e-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Amanat-ALZHIR» қоғамдық қорының

ЖАРҒЫСЫ

  1. Жалпы ережелер

1.1. «Amanat-ALZHIR» Қоғамдық қоры (әрі – Қор) осы Жарғыда қарастырылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін құрылған ерікті коммерциялық емес, қайырымдылық ұйым болып табылады және оның қызметінен пайда келтіру мүмкін емес.
Қор заңды тұлға болып табылады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына және басқа да заңды және нормативті актілерге, сонымен қатар осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

1.2. Қордың заңды тіркелген мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарырка ауданы, Жеңіс даңғылы, 71 үй, 56 пәтер.

1.3.  Қордың толық атауы:

- Мемлекеттік тілінде: «Amanat-ALZHIR» Қоғамдық қоры;

- Орыс тілінде: Общественный фонд  «Amanat-ALZHIR».

1.4.  Қор өз қызметінің Қор Құрылтайшылары мен қызметкерлері арасында түскен пайданы солардың табыстары ретінде бөлу үшін мақсатты ұстанбайтын заңды тұлға болып табылады. Қор қызметінің нәтижесінде алынған табыс жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін жұмсалуы тиіс. Қор мүлкі Жарғыда көрсетілген мақсаттарда пайдаланылады. Қор мақсатына негізделген және жалпы қоғамдық пайда үшін жүргізілетін кәсіптік қызметтермен айналысуға Қор құқылы. Қор жыл сайын мүлікті пайдалану бойынша есеп беріп отыруға міндетті. 

1.5.  Қор Жарғыны мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап заңды тұлға құқығына ие. 

1.6. Қор меншігіндегі мүлікке заң бойынша салынған тәркілеу шараларына Қор жауап беруге міндетті.  

1.7.  Қор Мемлекет пен Қор Құрылтайшыларының міндеттемелеріне жауап бермейді.  

Мемлекет және оның органдары Қор міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

  1. Қор қызметінің мәні мен мақсаты::

2.1.Қор қызметінің мәні:

  • мәдени-ағарту қызметі, ; 
  • мақсаттық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру; 
  • ағарту және мәдениет саласындағы бағдарламалар мен жобаларды бағалау;
  • шығармашылық топтар мен ұжымдарды құру, ғылыми, ағарту және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • шығармашыл интеллегенция мен азаматтарды қолдау, соның ішінде демеушілерді тарту арқылы; 
  • театралдық-концерттік,экскурсия және мәдени-ағарту қызметінің басқа да түрлерімен айналысу;
  • кітаптар, журналдар, газеттер, брошюралар, кинофильмдер, бейнефильмдер және басқа да мәдени және ағарту сипаттағы өнімді шығару;
  • егер олардың қызметтері Қордың жарғылық мақсатын шешуге ықпал етсе, арнайы сыйлықтар мен сыйақылар тағайындау, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің азаматтарына атаулы стипендиялар тағайындау, Қордың жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін діни қоғамдастықтардың жұмысына қатысу;
  • Қордың жобалары мен бағдарламаларын қаржыландыру үшін демеушілер іздеу, қаражат жинау;
  • Қордың мақсаты мен міндетін насихаттау, өзінің қызметі туралы қоғамға жариялау;

 

2.2. Қор қызметінің мақсаты: 

  • тарихи мұраны сақтау және дамыту, атап айтқанда:
  • саяси қуғын-сүргін тақырыбындағы шығармаларды жинақтау, зерделеу және жариялау;
  • саяси қуғын-сүргін тарихы мен мәдениетін дамыту мәселелері бойынша ғылыми-практикалық, шығармашылық, оқу теориялық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
  • саяси қуғын-сүргін тақырыбын зерттеуде және насихаттауда шығармашылық ұйымдарға, оқу орындарына, және жеке тұлғаларға жәрдемдесу, шығармашыл және ғылыми ізденуші жастарға моральдық көмек көрсету және материалдық қолдау, олардың қазақ халқының мәдениетін дамыту мәселелерін шешу бойынша бастамаларын ынталандыру;
  • баспалық, театр, кинематография, теле- және радио тарату қызметтері арқылы «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметін насихаттау және танымал ету;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау бойынша шараларға қатысу, мерейтойлық және еске алу жиналыстарын ұйымдастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері


«Саяни куғынөсұргін және тоталитаризм кұрбандарының «Алжир» мемориалды мұражай кешені» МККҚ-ның Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде 2019 жылға арналған жоспары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған жоспарын бекіту туралы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қараша N 410-V.

«Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» МКҚК-ның Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде 2016 жылға арналған жоспары

2016 жылдың сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес бойынша жоспарды бекіту туралы бұйрық

2017 жылдың сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес бойынша жоспарды бекіту туралы бұйрық

«Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» МКҚК-ның Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде 2017 жылға арналған жоспары

«Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» МКҚК-ның Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде 2018 жылға арналған жоспары

2018 жылдың сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес бойынша жоспарды бекіту туралы бұйрық

Жауапты қызметкерді бекіту туралы

2018 жылдың 9 айының қорытындысы Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департамент қызметінің нәтижелері туралы ақпарат.

«Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» МКҚК-ның Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде 2019 жылға арналған жоспары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы
FaLang translation system by Faboba