Музейная педагогика-2013
4 наурызда Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің оқушылары 8 Наурыз, Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған 1-5 сынып оқушылар арасында мерекеге байланысты ең жақсы жазылған анаға хат және түрлі-түсті бояулармен салынған суреттердің байқауы өтті.
«АЛЖИР» азабын тартқан аналар» тақырыбындағы көрмеге балалардың жұмыстары қойылды. Байқауға қатысқан барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ең жақсы салынған сурет 5 «Б» сынып оқушысы Фельде Валерия танылды.
20 наурызда мектеп оқушылары «Қош келдің – Наурыз» атты ойын-сауық мерекеге қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды. Қатысқан барлық оқушыларға мұражай әкімшілігі сыйлықтар табыс етті.
27 наурызда мұражайда «Шебер қолдар» шығармашылық клубы ашылды. Бағдарлама мақсаты: безендіру және қолданбалы өнердің әр түрінде өзін көрсете алатын оқушыларды тұлға ретінде тәрбиелеу, өнер, тарих, мәдениет, дәстүрлерді тану барысында оқушылардың өзін-өзі дамыту, жетілдіру, тұрақты жүйелі қажеттіліктерді қалыптастыру.
22 сәуірде 1-4 сынып оқушыларына арналған «Бояулар сыры» атты мұражай бағдарламасы өтті. Бағдарламаны экскурсия жүргізушілері Шуленкова А. С. мен Искендирова Ә. М. қатысқан балаларды екі топқа бөліп, жарыс түрінде ойын өткізді. Балаларға сурет бояуының сиқырлы сырын слайд арқылы түсіндіріп, әңгіме құрды. Шара соңында қатысушыларға мұражай әкімшілігі атынан сынып құралдары табысталды.
22 тамызда «Зерде» залында Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай Астана қаласының «Сарыарқа» ауданының психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалары, олардың ата-аналары мен тәрбиешілердің қатысуымен «Тәуелсіз елім – тірегім» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның басында қонақтар ҚР әнұранын орындап, «Тарих – таным айнасы» бейнепанорамалы көрмені тамашалады. Көрмеден кейін экскурсия жүргізушілері балаларға ҚР Конституциясы, Мемлекеттік рәміздері туралы әңгіме өткізді. Іс-шара соңында балаларға мұражай әкімшілігі сыйлықтар табыстады.
20 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай № 5 Ақмол орта мектебінің 7-10 сынып оқушылар арасында «Дархан халықтың дана Абайы» атты байқау өтті.
Байқауға қатысушылар Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерінен үзінді оқып, қанатты сөздерге тоқталды. Қатысқан барлық оқушыларға мұражай әкімшілік атынан мақтау қағазы мен І, ІІ, ІІІ орындарға диплом, «Елорда» кітабы және сыйлық табысталды.
23 қазанда мұражайдың «Зерде» мәжіліс залында оқушылардың шы-ғармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, білім деңгейлерін кеңейу, тарих беттерін парақтау аясында Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің қазақ және орыс сынып оқушылар арасында «Қуғын-сүргін тарихына балалық көзқараспен» атты шығармашылық байқау өтті. Байқауда үздік жазылған шығарманы іріктеп алып мұражайдың баспасынан шығатын «Мұражай педагогикасы» кітапшасына басып шығарылып, алғыс хатпен марапатталды.
24 қазанда Ақмол ауылының № 5 орта мектептің 3 сынып оқушылар арасында «Күзгі жапырақтар» атты мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өтті. Бағдарламаны экскурсия жүргізушілері А. Искендирова мен А. Шулен-кова қатысқан балаларды екі топқа бөліп, күзгі тақырыпқа байланысты тақ-пақтар мен жұмбақтарын тыңдап, жарыс түрінде ойын өткізді. Шара соңында сынып жетекшісі Г.К. Ақанова оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталып, қатысушы балаларға мұражай әкімшілігі атынан сыйлықтар табысталды.
Мұражайда Целиноград ауданының білім бөлімінің өтініші бойынша ауданның озат оқушыларына тегін экскурсия ұйымдастырылды. Фарфоровый, Родина, Тастық, Төңкеріс, Оразақ, Қосшы, Максимовка, Талапкер, Тайтөбе ауылдарының озат оқушылары келді.
Балалар «Алаш», «АЛЖИР» және «Азаттықтың азапты жолы» залдары бойынша экскурсия тындап, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмін көрді.
8 қарашада Тілдер мерекесіне арналған «Дархан халықтың дана Абайы» атты байқау өткені жайлы Ақмол орта мектеп мұғалімі М. Түркешова жас ұрпаққа үлгілі тәрбие, терең білім алуына себепші болған мұражай ұжымына «Ақмол ақпаратты» аудандық газеті арқылы алғысын білдірді.
19 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қыз-меткерлері Қорғалжын ауданының Арықты және Кеңбетайық аулының орта мектептеріне «Сол бір зұлмат жылдар» тақырыбындағы слайд көрмесі мен «АЛЖИР тұтқындары» атты дәріс өткізді.
Сонымен қатар «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» атты деректі фильмі мен «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» клипін тамашалады.
10 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері Астана қаласының № 13 орта мектеп оқушыларына, сонымен қатар Мичурин қыстағындағы № 43 орта мектеп оқушыларына «Сол бір зұлмат жылдар» тақырыбындағы слайд көрмесі мен «АЛЖИР» тұтқындары» атты дәріс өткізіп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» атты деректі фильмі мен «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» клипін тамашалатты.
12 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» мәжіліс залында желтоқсан оқиғасына қатысушылары мен Ақмол ауылының № 5 орта мектеп оқушылар арасында «Желтоқсан қаһармандарына – тағзым» атты ел тәуелсіздігі үшін құрбан болған азаматтарды еске алу шарасы өтті. Кеш барысында 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында қаза болған қыршын боздақтардың рухына тағзым етіп, жалпы Тәуелсіздік туралы ұғым, азаттықтың бағасы турасындағы ой-пікірлерін ортаға салды. Мерекелік шара соңында «1986 жыл: Алаш перзенттері» атты деректі фильм ұсынылды.