ekspozitsionno-vystavochnaya-deyatelnost-2016g

Экспозиция және көрме бөлімінің қызметі

"АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде саяси қуғын-сүргін тарихы мен тарихи-мәдени мұраны дәріптеу мақсатында тақырыпты, арнайы, ауыстырылатын көрмелер ұйымдастырылады. Мұражай дайындаған тұжырымдамаға сәйкес заттарды көрсету арқылы жасалған көрмелер білім алуға және тәрбие беруге бағытталған.

4-11 қаңтар аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында «АЛЖИР» қасіреті мәңгі біздің жадымызда сақталады» слайд көрмесі ұйымдастырылды.

18 қаңтарда Астана қаласы № 48 мектеп-гимназиясының 8 және 10 сынып оқушыларына «Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің Ақмола арнайы бөлімшесі» («АЛЖИР») слайд көрсетілімі бойынша дәріс сабағы өтті.

22 қаңтарда «Зерде» залында Астана қаласы № 25 орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларына Ксения Ивановна Никольскаяның туғанына 115 жыл толуына орай «Ксения Ивановна Никольская – «АЛЖИР» тұтқыны» дәріс сабағы ұйымдастырылды.

29 қаңтарда Целиноград ауданы Жаңажол ауылы № 7 негізгі мектебінің оқушыларына «АЛЖИР» тұтқыны, 8 жылға «отанын сатқандар отбасының мүшесі» ретінде айыпталған Гүләндам Қожанованың туғанына 115 жыл толуына орай «Тағдыр тауқыметін тартқан Қожановтар шаңырағы» слайд көрсетілімі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

3 ақпанда Астана қаласы № 53 мектеп-лицейінің 9 «Ж» сынып оқушыларына Ауған кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл толуына орай «Ауған қасіреті» дәріс сабағы мен көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Дәл сол күні Астана қаласы № 53 мектеп-лицейінің 9 «В» сынып оқушыларына Әзиза Рыскұлованың туғанына 115 жыл толуына орай «Әзиза Түбекқызы Рысқұлова – «АЛЖИР» тұтқыны» тақырыбында көшпелі көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

10-18 ақпанда «АЛЖИР» мұражайының «Алаш» залында Ауған кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27-жыл толуына орай «Ауған қасіреті» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.

18 ақпанда Астана қаласы № 73 мектеп-лицейінің 9 «А» және «Ә» сынып оқушыларына Гүлжамал Майлинаның туғанына 116 жыл толуына орай «Гүлжамал Майлина – «АЛЖИР» тұтқыны» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

1 наурызда "АЛЖИР" мұражайының қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен "Қоғамдық келісім" РММ-мен бірлесіп, ҚР Тұңғыш президенті кітапханасының ғимаратында 1 наурыз – алғыс күніне орай "Тарихтан тағылым" – өткенге тағзым "Память во имя будущего" экспозициясын ұйымдастырды.

1-7 наурызда мемориалды-мұражай кешенінде Алғыс айту күніне арналған «Халықтар достығы» слайд көрмесі ұйымдастырылды.

2 наурызда «Зерде» залында Астана қаласы № 27 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушыларына Уәзипа Күленованың туғанына 105 жыл толуына орай «Уәзипа Күленова –АЛЖИР» тұтқыны» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

Дәл сол күні Астана қаласы №27 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушыларына Наталья Воронкованың туғанына 105 жыл толуына орай «Наталья Воронкова – «АЛЖИР» тұтқыны» тақырыбында дәріс сабағы ұйымдастырылды.

10 наурызда Астана қаласы № 27 мектеп-лицейінің 7-ші сынып оқушыларына «Зерде» залында қазақтың тұңғыш банкирі Төребек Османовтың жұбайы Фатима Османованың туғанына 110 жыл толуына орай «Фатима Османова – «АЛЖИР» тұтқыны» дәріс сабағы оқылды.

10 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Целиноград ауданы Жаңажол ауылының орта мектебінің оқушыларына Алашорда үкіметінің негізін салушылардың бірі, қазақтан тұңғыш шыққан математика ғылымдарының профессоры, саяси қудалауға ұшырап және 10 жылдан астам өмірін лагерлерде өткізген Әлімхан Ермековтің туғанына 125 жыл толуына орай «Тұлға тағылымы» тақырыбында дәріс сабағын ұйымдастырды.

11 наурызда Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылының № 3 орта мектебінің 9-шы сынып оқушыларына қазақтың мемлекет қайраткері және ішкі сауда халық комиссары Шәкір Дивеевтің жұбайы, «АЛЖИР» лагерінің тұтқыны Фатима Дивееваның туғанына 120 жыл толуына орай «Жалғанмен үзілген өмір» тақырыбында дәріс сабағы мен көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.

14-31 наурызда Целиноград ауданының Орталық аудандық кітапханасында қоғам және мемлекет қайраткері, оқытушы, ғалым, журналист, этнограф, «Алаш» партиясының көшбасшыларының және негізін қалаушылардың бірі, өзінің барлық саналы өмірін қазақ халқына арнаған Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығына арналған «Ұраным – Алаш!» атты көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.

16 наурызда Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылының № 3 орта мектебінің 9 сынып оқушыларына Зағипа Тінәлинаның туғанына 105 жыл толуына орай «Зағипа Тінәлина – «АЛЖИР» тұтқыны» тақырыбында дәріс сабағы ұйымдастырылды.

16 наурызда Астана қаласының мектеп оқушыларына мұражайдың «Біз куәлік етеміз» залында Ғайнижамал Ғайсинаның туғанына 110 жылдығына орай «АЛЖИР» тұтқыны – Ғайсина Ғайнижамал» көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

17 наурызда Ақмол ауылының № 5 орта мектеп оқушыларына «АЛЖИР»-дің дәмін тартқан аналар» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.

18-24 наурызда мұражайда «Ұлтымыздың ұлылығы – Наурыз» көрмесі ұйымдастырылды.

14-18 сәуірде мұражай маманы Целиноград ауданы Қаражар кентінің мектеп оқушыларына саяси қайраткер, Ұзақбай Құлымбетовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Елі барда, Құлымбетов ұмытылмайды!» атты жылжымалы көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

14 сәуірде мұражайының маманы Астана каласының №15 орта мектебінің оқушыларына «Әлімбеков Имам (1885-1937)» Әлімбеков Имамның өмірі мен қызметі туралы дәріс сабағын оқыды.

15-27 мамырда «Алаш» залында Әлімхан Ермековтің туғанына 125 жыл толуына орай «Тұлға тағылымы» атты көрменің тұсаукесері өтті.

21 сәуірде Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылының № 3 орта мектебінің 10-шы сынып оқушыларына Қошмұхамед Кемеңгерұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Қошке Кемеңгерұлы» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

27 сәуір-2 мамыр аралығында көрме залында Әлихан Бөкейхановтың 150-жылдығына орайластырылған «Ұраным – Алаш!» атты көшпелі көрмесін ұйымдастырды.

29 сәуір – 5 мамыр аралығында мемориалды-мұражай кешенінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ұлттар достығы» көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

4-10 мамырда «АЛЖИР» мұражайында Жеңіс күніне орай «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ұлы Отан соғысының қатысушылары, Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлына қатысты материалдар қойылды.

18 мамырда Халықаралық мұражайлар күніне орай «АЛЖИР» мұражайы ашық есік күні мен «Мұражай әр адамның жадында» фотокөрмесін ұйымдастырды.

25 мамыр-10 маусым аралығында«АЛЖИР» мұражайы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР»-дің бірегей жәдігерлері» көрмесін ұйымдастырды.

30 мамырда «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері Астана қаласындағы Ұлттық сурет галереясында «Сол бір зұлмат жылдар» көшпелі көрмесін ұйымдастырды.

1-3 маусым аралығында «АЛЖИР» залында «Гулагтың балалары» слайд көрмесі мен «Біз ана алақанын сағындық» дәріс сабағы ұйымдастырылды.

4-8 маусым аралығында «АЛЖИР» залында «Елімнің рәміздері – Тәуелсіздіктің белгісі» бейнепанорамалы көрмесі мен «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым» дәріс сабағы ұйымдастырылды.

8 маусымда мұражай келушілеріне «Зерде» залында экспозиция-көрме бөлімінің маманы Кусни-Камал Байгаскинаның туғанына 115 жыл толуына орай «Байгаскина Кусни-Камал – «АЛЖИР» тұтқыны» дәріс сабағын оқыды.

10 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің «зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қауіпі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы – баспанасы» КММ - де «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» тақырыбында көшпелі көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

13-22 маусым аралығында «АЛЖИР» мұражайының көрме залында зерттеу бөлімінің маманы Қошмұхамед Кемеңгерұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Елім деп жүріп, емен болып бекіген» тақырыбында көрмесін ұйымдастырды.

15-22 маусым аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің маманы Целиноград ауданындағы Орталық аудандық кітапханасында Гүләндам Мүәйтісқызы Қожанованың туғанына 115 жыл толуына орай «Мәңгі жадымызда» тақырыбында жылжымалы көрмесін ұйымдастырды.

24 маусымда мұражай ұжымы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы А.С. Мұсағалиевамен бірігіп Целиноград ауданының орталық кітапханасының қызметкерлеріне 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталғанына 100 жыл толуына орай семинар сабағын ұйымдастырды.

28 маусымда «Алаш» залында «АЛЖИР» тұтқыны Клара Бронның шөбересі Андрей Сергеевич Шевелевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Жас Отан» жастар қанаты, мұражайға келушілер мен мұражай қызметкерлері қатысты. Кездесуде 1938 жылы «отанын сатқандардың отбасы мүшесі» ретінде тұтқындалып, 8 жылға еңбекпен түзету лагеріне жіберілген Клара Азарьевна Бронға арналған «Үмітін үзбеген...» көшпелі көрменің тұсау кесері өтті.

3-6 маусым аралығында ИКОМ-ның ұйымдастыруымен Италия мемлекетінің Милан қаласында «Museums and cultural landscapes» тақырыбында өткен 24-шы Бас конференцияға «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің экскурсия жүргізушісі А. Хасенова қатысты.

4-11 шілде аралығында «АЛЖИР» мұражайының экспозиция және көрме бөлімінің басшысы «АЛЖИР» залында 6 шілде – Астана күніне орай «Ел жүрегі – Астана» және балалардың салған суреттері бойынша «Астана – балалар көзімен» атты көрмелерін ұйымдастырды.

5 шілдеде мұражай келушілеріне «Зерде» залында экспозиция және көрме бөлімінің маманы 6 шілде – Астана күніне орай «Болашақ елдің бесігі» дәріс сабағын ұйымдастырды.

12-19 шілде аралығында «АЛЖИР» мұражайының экспозиция және көрме бөлімінің маманы көрме залында қазақтың тұңғыш банкирі Төребек Османовтың жұбайы Фатима Османованың туғанына 110 жыл толуына орай «Жүрек жарасы» атты көшпелі көрмесін ұйымдастырды.

19-31 шілде аралығында Абайдың «Жидебай Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының қызметкерлері «АЛЖИР» мұражайында аса көрнекті ғалым, абайтанушы, Карлаг тұтқыны туғанына 100 жыл толуына орай «Абайтанудың асқан білгірі» көшпелі көрмесін ұйымдастырды.

20 шілдеде мұражай келушілеріне «Зерде» залында экспозиция және көрме бөлімінің маманы 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зерттеушісі, журналист және қоғам қайраткері Ілияс Ахметовтың туғанына 119 жыл толуына орай «Ілияс Ахметов 1897-1938» дәріс сабағын ұйымдастырды.

25 шілдеде мұражай келушілеріне «Зерде» залында экспозиция және көрме бөлімінің маманы 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтың жазушысы, журналист және қоғам қайраткері Абдолла Әбдірахманұлы Асылбековтың туғанына 120 жыл толуына орай «Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков 1896-1938» дәріс сабағын оқыды.

4-11 тамыз аралығында мұражай келушілеріне «Зерде» залында зерттеу бөлімінің маманы «Кеңестік тоталитарлы жүйенің қалыптасуы» тақырыбындағы дәріс сабағын ұйымдастырды.

17 тамызда мұражай келушілеріне «Зерде» залында зерттеу бөлімінің маманы «Астана – есірткісіз қала» өңірлік бағдарламаны орындау мақсатында «Есірткі туралы шындық» дәріс сабағын ұйымдастырды.

19-25 тамыз аралығында мұражай келушілеріне «Зерде» залында экспозиция және көрме бөлімінің маманы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлының ұрпақтары, саяси қуғын-сүргін құрбандары Тұрағұл Абайұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Тұрағұл Абайұлы» және Әрхам Ысқақовтың туғанына 130 жыл толуына орай «Әрхам Ысқақов» дәріс сабақтарын ұйымдастырды.

25-31 тамыз аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің экспозиция және көрме бөлімінің маманы «Алаш» залында 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай «Ата заңым – Тәуелсіздігімнің тұғыры» бейнепанорамалы көрмесін ұйымдастырды.

29 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің экспозиция және көрме бөлімінің маманы келушілерге «Зерде» 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне орай «Ядросыз әлем – Қазақстанның жаһандық мүддесі» дәріс сабағын ұйымдастырды.

9 қыркүйекте зерттеу жұмысы бөлімінің маманы «Тоталитарлық мемлекетте әйелдер құқығының бұзылуы» слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

9-15 қыркүйек аралығында көрме залында Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы – тіршіліктің тірегі» көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

14 қыркүйекте мұражайдың экскурсия жүргізушісі «Зерде» залында 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түріктанушы, публицист, аудармашы, педагог Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы 1873-1937» слайд көрмесі мен дәріс сабағын өткізіді.

16-23 қыркүйек аралығында «Алаш» залында 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл – елдігіміздің алтын тұғыры» бейнепанорамалы көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

20 қыркүйекте экспозиция және көрме бөлімінің маманы «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң ЕЦ-166/10 мекемесi» РММ қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға «Жаппай саяси қуғын-сүргіндердің жаңғырығы» көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

28 қыркүйекте зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Ұлттық кітапханасында студенттер үшін 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет қайраткері, АҚШ-тағы «Армторг» кеңестік сауда бірлестігінің төрағасы Саул Григорьевич Бронның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Клара Бронға арналған «Үмітін үзбеген...» слайд көрмесін, дәріс сабағы мен театрландырылған қойылымын ұйымдастырды.

5 қазанда зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Астана қаласы әкімдігінің Көктал тұрғын үй алабында орналасқан (қарттар мен мүгедектер) «Әлеумет-көмек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Жазылмаған жара» тақырыбында дәріс сабағы мен слайд көрсетілімі бойынша көрмесін ұйымдастырды.

10-17 қазанда экспозиция және көрме бөлімінің маманы Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің кітапханасында «Қуғын-сүргін тақырыбына бала көзімен» тақырыбында көшпелі көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды. Көрмеде «АЛЖИР» тұтқындарының балалары жазған хаттары мен фотосуреттері көрсетілген.

13 қазанда экспозиция және көрме бөлімінің маманы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің студенттеріне «Memory of women – prisoners in «ALZHIR» Память о женщинах-узницах в музее «АЛЖИР» слайд көрсетілімі бойынша көрмесін ұйымдастырып, дәріс сабағын ағылшын тілінде оқыды.

17 қазанда зерттеу жұмысы бөлімінің маманы «Зерде» залында мұражай келушілеріне Гертруда Платайстың туғанына 106 жыл толуына орай «Гертруда Платайс – «АЛЖИР» тұтқыны» дәріс сабағын оқыды.

19 қазанда экспозиция және көрме бөлімінің маманы «Зерде» залында мұражай келушілеріне Алаш Орданың көрнекті өкілдерінің бірі, Ақмола облысының тумасы Хайретдин Болғанбаевқа арналған «Хайретдин Болғанбаев (1894-1937) – Алаш қайраткері» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.

20 қазанда экспозиция және көрме бөлімінің жетекшісі «Зерде» залында Ақмол ауылы № 5 орта мектептің қатысушыларына 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам және мемлекет қайраткері Сейтқали Меңдешевке арналған «Сейтқали Меңдешев (1882-1937)» дәріс сабағын оқыды.

21 қазанда экспозиция және көрме бөлімінің экскурсия жүргізушісі «Зерде» залында мұражай келушілеріне «АЛЖИР» тұтқыны Дәмеш Жүргенованың туғанына 111 жыл толуына орай «АЛЖИР тұтқыны – Дәмеш Жүргенова» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.

26 қазанда экспозиция және көрме бөлімінің маманы «Зерде» залында мұражай келушілеріне 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР-нің тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевқа арналған «Сүлеймен Есқараев (1897-1938)» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.

2 қарашада экспозиция және көрме бөлімінің жетекшісі Целиноград ауданының Орталық аудандық кітапханасында 1937-1938 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткерлері, «Алаш» партиясының мүшелері Жақып Ақпаевтың Жаңайдар Сәдуақасов пен Нығмет Нұрмақовтардың өмірі мен қызметіне арналған «Санадан өшпес зор бейне» көшпелі көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

11 қарашада экспозиция және көрме бөлімінің маманы Целиноград ауданы Қараөткел ауылының № 2 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушыларына «АЛЖИР» әйелдерінің тұтқынға дейінгі, лагердегі өмірі мен босатылғаннан кейінгі кезеңіне арналған «Біз куәлік етеміз» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағын оқыды.

14 қарашада экспозиция және көрме бөлімінің маманы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Интеллектуалды мектебінің 9-10 сыныптарының қатысушыларына «Memory of women – prisoners in «ALZHIR» Память о женщинах-узницах в музее «АЛЖИР» слайд көрсетілімі бойынша көрмесін ұйымдастырып, ағылшын тілінде дәріс сабағын оқыды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Қуатбекқызы Иманбекова алғыс білдіру мақсатында «Астананың геометриясы» кітабын табыстады.

21 қарашада мұражай қызметкерлері Астана қаласы «Радима» Белорус этномәдени орталығында орталықтың төрағасы Дмитрий Валерьевич Останьковичпен, белорус диаспорасының өкілдері, сондай-ақ Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің қылмыстық-құқықтық тәртіп факультетінің докторанттарына, магистранттарына, студенттеріне дәріс сабағын ұйымдастыру үшін арнайы шақырылған заң ғылымдарының докторы, профессор, Белорусь мемлекеттік университетінің криминалистика кафедра меңгерушісі Вячеслав Борисович Шабановпен кездесу ұйымдастырылды. Мұражай қызметкерлері «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» тақырыбында дәріс сабағы мен слайд көрмесін ұйымдастырып, «АЛЖИР»-дың ызғарлы суығы» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

1-5 желтоқсан аралығында «Алаш» залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы – ел қалауы, тірегіміз» бейнепанорамалы көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастық шағы мен кемел шағы, отбасылық фотосуреттері, Қазақстанның экономика, білім мен медицина саласында қол жеткізген жетістіктері мен Қазақстан халқының өркендеуі жолындағы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты көрсетілді.

5 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің ұжымы Ақмол ауданының Мәдениет үйі мен «Малиновка» іздеу тобымен бірігіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Тәуелсіздіктің туы атқан күн» іс-шарасын өткізді. Іс-шара қонақтары 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар Рахметов Құрманғазы, Сағынаев Асқар, Қайранбеков Бауыржан, Тоқтар және Клара Ермековтер сол кезде бастан өткізген қиыншылықтары туралы баяндап берді. Іс-шараға Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының мүшелері, сонымен қатар № 44813 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметінің сарбаздары қатысты.

Іс-шара аясында «Алаш» залында «Желтоқсан жаңғырығы» бейнепанорамалы көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, мұражай қызметкерлері Целиноград ауданының Орталық кітапханасымен бірігіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Алаш» залында «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» көрмесінің тұсаукесерін ұйымдастырып, дәріс сабағын өткізді.

6 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында мұражай қызметкерлері Москвадағы ҚазКСР-ның өкілетті өкілі, денсаулық сақтау, еңбек халық комиссарларының бірі, қуғын-сүргінге ұшыраған және 1938 жылы ату жазасына кесілген атасы Мұқаметқали Қойшыбайұлы Тәтімов пен «АЛЖИР» лагерінде Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 5 жыл бас бостандығынан айырылған әжесі Шәкітай Тәтімованың немересі Кешенді Қауіпсіздігі Дүниежүзілік Ғылым Академиясының академигі, «Еңбек даңқы», «Кенші даңқы» салалық белгілердің толық кавалері, «Құрмет» орденінің иегері Сырым Ғаббасұлы Ғаббасовпен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында Сырым Ғаббасовтың отбасы қуғын-сүргін жылдары сынақтарды өз бастарынан өткізгені туралы, сонымен қатар «Біз куәлік етеміз» деректі фильмінің үзіндісінде Сырым Ғаббасовтың анасы Клара Тәтімова «АЛЖИР» лагерінде өткізген жылдары туралы сұхбаты көрсетілді. Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің оқушылары, «Малиновка» іздеу тобының мүшелері «АЛЖИР» туралы өлең жолдарын оқып, Целиноград ауданының «Жұлдыз» балабақшасының балалары қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер айтты. Іс-шара аясында мұражайдың маманы Анар Хасенова «Клара Тәтімова – «АЛЖИР» тұтқыны» дәрісін оқыды.

7-10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» тақырыбындағы фотокөрмесі мен «Қасіретті 1937 жыл» дәріс сабағы ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда мұражайдың «Алаш» залында жаңа витриналар орнатылып, экспозициясына жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

FaLang translation system by Faboba