ekspozitsionno-vystavochnaya-deyatelnost-2018g

Экспозиция және көрме бөлімінің қызметі

"АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде саяси қуғын-сүргін тарихы мен тарихи-мәдени мұраны дәріптеу мақсатында тақырыпты, арнайы, ауыстырылатын көрмелер ұйымдастырылады. Мұражай дайындаған тұжырымдамаға сәйкес заттарды көрсету арқылы жасалған көрмелер білім алуға және тәрбие беруге бағытталған.

8-12 қаңтар аралығында АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Назарбаев университетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «Ұрпақтар есінде» көшпелі көрмесін ақысыз түрде ұйымдастырды. Көрмеде Қазақ КСР денсаулық сақтау халық комиссары Хасен Нұрмұхамедов пен оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Қазақстан атқару комитетінің Президиум мүшесі Мұхамедқали Тәтімов және оның жұбайы Шәкітайдың, Алматы облысы Кеген ауданының прокуроры Шәкір Ғайсин және оның жұбайы Ғайнижамалдың, «АЛЖИР» тұтқыны Сұлухан Бағызбаеваның, Амторг төрағасы Саул Брон мен оның жұбайы Клараның, Добруш Мемлекеттік банк бөлімінің директоры Севек (Сендер) Лихтенштейн және оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Ентаның, КСРО Мемлекеттік банкі директорының орынбасары Соломон Михайлович Харин мен оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Софья Зильбербергтердің фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары ұсынылды.

15-22 қаңтарда «АЛЖИР» залында 1938 жылдың 6 қаңтарында «АЛЖИР» лагеріне тұтқын әйелдердің алғашқы легінің келуіне 80 жыл толуына орай «АЛЖИР» қасіреті мәңгі біздің жадымызда сақталады» слайд көрмесі ұйымдастырылды. Көбіне олар «халық жауы» атанған және 1937-1938 жж. атылған белгілі мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлерінің жарлары, аналары мен апа-қарындастары еді. 1938-1953 жж. «халық жауының әйелдері» және «отанын сатқандардың отбасы мүшесі» ретінде еліміздің түкпір-түкпірінен 18 мыңнан астам әйел тұтқындалды, солардың ішінде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың жұбайы Әзиза Рысқұлова, енесі Әрифа Исенгулова, Қазақ КСР білім халық комиссары Темірбек Жүргеневтің жұбайы Дәмеш Әмірханқызы Жүргенева-Ермекова, мәскеулік богема уәкілінің бірі Лидия Михайловна Френкель, дыбыссыз киноның шебері және атақты балет бишісі Мая Плисецкаяның анасы Рахиль Михайловна Плисецкая және т.б.

20 қаңтарда мұражайдың экскурсия жүргізушісі Ә. Ескендірова Астана қаласы Политехникалық колледжінің студенттеріне 1938 жылдың 6 қаңтарында «АЛЖИР» лагеріне тұтқын әйелдердің алғашқы легінің келуіне 80 жыл толуына орай «АЛЖИР» қасіреті мәңгі біздің жадымызда сақталады» тақырыбында дәріс оқыды.

25 қаңтарда экспозиция және көрме бөлімінің маманы С. Майлыбаева мұражай келушілеріне «АЛЖИР» тұтқыны Роза Цыпкинаның рухына арналған «Өмірдің қатыгез шындығы» тақырыбында дәріс оқыды. Роза Цыпкина 1938 жылы «Отанын сатқандардың отбасы мүшесі» ретінде 8 жылға еңбекпен түзеу лагеріне жіберілді. Өмірдің ауыр сынағын көтере алмай 1940 жылы «АЛЖИР»-де қайтыс болды.

Қазіргі уақытта «АЛЖИР» залына реэкспозиция жасауға дайындық жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, қор сақтау, экспозиция және көрме, зерттеу бөлімінің қызметкерлері тақырыптық-экспозициялық жоспар құруда. 2015-2017 жж. мұражай қорына келіп түскен фотоматериалдарды, құжаттарды және заттай деректерді іріктеу жұмыстары жасалуда.

15 ақпанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ауғанстан – біздің есімізде» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Іс-шара қонақтары –Целиноград ауданы Ауған одақтастығы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Аппасов Зейнулла Қабылдаұлы, ауыл әкімі, ауған соғысының ардагері Дүйсекеев Жанат Төлеуұлы, сонымен қатар Бекен Ақжүнісұлы Жақыпов, Болат Садықұлы Жармұханов, «Нұр Отан» партиясы Аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Рахым Жақиұлы Түлкібаев және Қазақстан Республикасының № 44813-ші әуе қорғаныс күштерінің әскери жауынгерлері қатысты. Директордың орынбасары Қ.Т.Дүйсекеев интернационалды борыштарын абыроймен өтеп бергендері үшін қонақтарға алғысын білдіріп, іс-шараны бастап берді. Құрметті қонақтар Ауғанстан туралы қайғылы оқиға естеліктерімен бөлісті. № 44813-ші әскери қызметтегі сарбаздар соғыс туралы тақырыптық өлеңдер айтты. Іс-шара барысында қонақтарға Ауған соғысы жайында түсірілген «Пришел приказ» атты бейнеролик көрсетілді. 

Мұражай ұжымы іс-шара қонақтарына мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы табыс етілді. 

Өткізілген іс-шара бұқаралық ақпарат құралында жарияланды. «Евразия 1 арнасы»-ның тілшілері өткен іс-шара туралы түсірілім жасап, ауған соғысының ардагерлері Жанат Төлеуұлы Дүйсекеев пен Зейнулла Қабылдаұлы Аппасовтан сұхбат алды.

15 ақпанда зерттеу жұмысы бөлімінің маманы мұражай ұжымы мен Қазақстан Республикасының № 44813-ші әуе қорғаныс күштері әскери бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай өткізілген іс-шара аясында Қазақстан Республикасының № 44813-ші әуе қорғаныс күштері әскери бөлімінің жедел қызметтегі жауынгерлерге «Ауған қасіреті» тақырыбында дәріс оқыды.

23 ақпанда АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Назарбаев зияткерлік мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «Ұрпақтар есінде» көшпелі көрмесін ақысыз түрде ұйымдастырды. Көрмеде Қазақ КСР денсаулық сақтау халық комиссары Хасен Нұрмұхамедов пен оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Қазақстан атқару комитетінің Президиум мүшесі Мұхамедқали Тәтімов және оның жұбайы Шәкітайдың, Алматы облысы Кеген ауданының прокуроры Шәкір Ғайсин және оның жұбайы Ғайнижамалдың, «АЛЖИР» тұтқыны Сұлухан Бағызбаеваның, Амторг төрағасы Саул Брон мен оның жұбайы Клараның, Добруш Мемлекеттік банк бөлімінің директоры Севек (Сендер) Лихтенштейн және оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Ентаның, КСРО Мемлекеттік банкі директорының орынбасары Соломон Михайлович Харин мен оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Софья Зильбербергтердің фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары ұсынылды.

23 ақпанда мұражай қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Астана қаласы «Дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты» ММ-нің 8 «А» сынып оқушыларына «Ұрпақтар ұмытпайды» слайд көрмесі мен дәріс сабағын ақысыз түрде ұйымдастырды. Көрмеде мұражай ұжымы 2017 жылдың 29 мамырында жаппай саяси қуғын-сүргіндердің басталғанына 80 жыл және «АЛЖИР» мұражайының 10 жылдығына орай ұйымдастырған «Ұрпақтар ұмытпайды» халықаралық жобасы барысында алыс және жақын шет елдерден келген қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары табыстаған «АЛЖИР» лагері тұтқындарының мұрағаттық құжаттары мен материалдары ұсынылды.

26 ақпан – 5 наурыз аралығында «АЛЖИР» залында «АЛЖИР» тұтқындарының тарихы туралы «АЛЖИР» қасіреті мәңгі біздің жадымызда сақталады» слайд көрмесі ұйымдастырылды. Негізінен тұтқындалғандар «халық жауы» атанған және 1937-1938 жж. атылған белгілі мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлерінің жарлары, аналары мен апа-қарындастары еді. 1938-1953 жж. «халық жауының әйелдері» және «отанын сатқандардың отбасы мүшесі» ретінде еліміздің түкпір-түкпірінен 18 мыңнан астам әйел тұтқындалды, солардың ішінде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың жұбайы Әзиза Рысқұлова, енесі Әрифа Исенгулова, Қазақ КСР білім халық комиссары Темірбек Жүргеневтің жұбайы Дәмеш Әмірханқызы Жүргенева-Ермекова, мәскеулік богема уәкілдерінің бірі Лидия Михайловна Френкель, дыбыссыз киноның шебері және атақты балет бишісі Майя Плисецкаяның анасы Рахиль Михайловна Плисецкая және т.б.

27 ақпанда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің экскурсия жүргізушісі Целиноград ауданы Жаңажол ауылы орта мектебінің 7-9 сынып оқушыларына атақты ақын, бард және музыкант Булат Окуджаваның лагердегі қиын күндерді басынан өткізген анасы Ашхен Налбандянның туғанына 115 жыл толуына орай «АЛЖИР» тұтқыны – Ашхен Налбандян» тақырыбында дәрісін оқыды.

27 ақпанда зерттеу жұмысы бөлімінің маманы мұражай қонақтарына «АЛЖИР» залында «АЛЖИР» тұтқындары – белорус әйелдерінің рухына» тақырыбындағы дәрісін оқыды. 2017 жылғы шілдеде Астанаға сапары кезінде Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырған белорус-әйелдерінің мұрағаттық құжаттары мен «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген белорус ұлтты әйелдердің тағдыры туралы айтып берді. «АЛЖИР» лагерінде барлығы 134 белорус ұлтты әйелдер жазасын өтеген.

1 наурызда Қазақстан Республикасының алғыс айту күнін мерекелеу аясында мұражай қызметкерлері Ә. Ескендірова мен А. Саморокова Астана қаласының «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 Әскери бөлімі» РММ-сінде «Благодарность сквозь века» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырып, қуғын-сүргін жылдары қазақ халқы «АЛЖИР» тұтқындарына қалай көмектескені туралы айтып берді. Іс-шара соңында Алғыс айту күнін мерекелеу аясында 3660 әскери бөлімінің жеке құрамын патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін қызметкерлерге грамоталар табысталды.

1 наурызда Ақмол ауылының Мәдениет үйінде Алғыс айту күніне орай қайырымдылық кеші ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақ жерін екінші отаным деп есептеген, Қазақстанға жер аударылған халықтардың тағдырына арналған «Тарихтан тағылым – Өткенге тағзым» тақырыбында көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ақмол ауылында тұрып жатқан қоныс аударушылардың фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары ұсынылды.

2-11 наурыз аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен мұражай педагогикасы аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «АЛЖИР» залында Целиноград ауданы Ақмол ауылының «Жас-Шабыт» балалар шығармашылық орталығы балаларының салған суреттері мен қолдан жасаған бұйымдары бойынша 8 наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай «Өнерге қанат қаққандар» тақырыбындағы көрмесін ұйымдастырды.

5-9 наурыз аралығында «Алаш» залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қанмен жазылған тарих» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде «АЛЖИР» тұтқындары Әзиза Рысқұлованың, Гүлжамал Майлинаның, Татьяна Афонинаның, Софья Зильбербергтің, Мариам Анцистің, Елизавета Сәдуақасованың және т.б. фотосуреттері, мұрағаттық анықтамалары мен құжаттары ұсынылды.

15 наурызда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева Астана қаласы № 53 мектеп-лицейінің 9 «Е» сынып оқушыларына «Клара Брон – «АЛЖИР» тұтқыны» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды. Клара Бронның күйеуі Саул Брон тұтқындалғанға дейін Нью-Йоркте «Амторг» акционерлік қоғамының басшысы және Лондонда кеңестік сауда өкілі болған. 1937 жылдың 25 қазанында тұтқындалды. Тыңшылық айыптау бойынша қамауға алынып, 1938 жылдың 21 сәуірінде ату жазасына кесілген. Клара Брон 1937 жылдың 5 қарашасында тұтқындалды. 12 маусымда 8 жыл бас бостандығынан айырылып, Ақмола еңбекпен түзеу лагеріне жіберілді. Клара Азарьевна Брон босатылуына аз қалғанда, лагердің ауруханасында асқынған сүт безі қатерлі ісігіне ота жасалғаннан кейін ауруы одан әрі ушығып, 1945 жылдың 22 қаңтарындағы қорытындысы бойынша бауыр қатерлі ісігі метастазынан қайтыс болған. Дәріс соңында оқушыларға «АЛЖИР» тұтқыны Лидия Френкель Виолинаның немересі, режиссер Дарья Виолинаның «Дольше жизни» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды (20 адам). Сонымен қатар, сол күні С. Майлыбаева Астана қаласы № 53 мектеп-лицейінің 9 «Г» сынып оқушыларына «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағын және «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілімін ұйымдастырды. Соңында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен Астана қаласының № 53 мектеп-лицейі арасында одан әрі ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қойылды.

15-23 наурыз аралығында «Алаш» залында «Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды» тақырыбында көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ақмол ауылындағы № 5 орта мектебінің 1-5 сынып оқушыларының наурыз тақырыбына арналған суреттері мен қолдан жасалған бұйымдары қойылды.

4 сәуірде Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде саяси қуғын-сүргін жылдары таланты кемелденген кезінде  қаза болған ХХ ғасырдың ұлы ақыны, қазақ жерінің перзенті Павел Васильевтің өмірі мен шығармашылығы туралы «Раненая песня» атты ақынның өміріне арналған фотоқұжаттар көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Көрмені Павлодар қаласындағы Павел Васильев мұражай-үйінің директоры Зәкия Саясатқызы Мерц ашып, дәріс сабағында С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің студенттеріне қуғын-сүргін құрбаны болған ақынның өмірі мен шығармашылық қызметі туралы айтып берді.

Көрмеде  Павлодар қаласындағы Павел Васильев мұражай-үйі қорындағы құжаттар мен материалдар ұсынылды. Көрменің көркем бөлігін П. Васильевтің туындылары бойынша павлодарлық суретші В. Поликарповтың гравюралық жұмыстары құрайды. Көрме 2018 жылдың 11 сәуіріне дейін өтті.

5 сәуірде «АЛЖИР» мұражайының маманы Б. Жалғасова Целиноград ауданы Қараөткел ауылы № 6 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушыларына «АЛЖИР» тұтқын-әйелдерінің тағдыры туралы «Жалғанмен үзілген өмір» слайд көрмесі мен дәріс сабағын, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» атты деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

11 сәуірде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Целиноград ауданы кітапханасының ұйымдастыруымен өткен ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдары Қазақстанға жер аударылған халықтарға арналған  семинар жұмысына мұражай қызметкерлері Р. Жақсыбаева, Б. Саханова және Е. Саморокова қатысты. Сондай-ақ, аталған семинарға бүгінде Ақмол ауылында тұрып жатқан Қазақстанға жер аударылған халықтардың және ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты. Семинар барысында мұражайдың экскурсия жүргізушісі Б. Саханова «Қазақстанға жер аударылған халықтар» тақырыбында слайд көрмесін ұйымдастырып, дәріс оқыды. «АЛЖИР» тұтқыны Ефросинья Васильевна Яковленконың немересі Татьяна Александровна Ибраева әжесі лагерден кейінгі қиын-қыстау кездерін, соған қарамастан ол лагерь орналасқан жерді екінші отанындай көргендігін және сол жерде отбасын құрғандығы туралы айтып берді. Ефросинья Яковленконың босап шыққаннан кейін туылған ұлы Александр Серікбаевич Тайгаринов бүгінде Ақмол ауылында тұрады.

17 сәуірде мұражай қызметкерлері Г. Төлепбергенова мен Б. Саханова Талапкер ауылындағы № 3 орта мектебінің оқушыларына «АЛЖИР» тұтқыны – Мариам Анцис» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды. Мариам Анцистің күйеуі Завель Иосиффович Муллер тұтқындалғанға дейін Краснолучинскідегі (б) БКП қалалық комитетінің хатшысы қызметін ақтарған. 1937 жылдың күзінде Ішкі істер Халық комиссариаты ұйымының шешімімен «халық жауы» атанып және ату жазасына кесілді. Бақытсыз әйелге ойлануға да мұрша бермей, тез арада оны да қамауға алады. Бір сағаттың ішінде отбасы мәңгілікке жойылды: жолда кетіп бара жатқанда көліктен қызын алып кетті және Мариам Анциске түрменің есіктері ұзаққа 16 жылға жабылды. «АЛЖИР» лагерінде Мариам Анцис тігін цехының басшылық қызметін атқарған. Соңында  «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев пен Талапкер ауылының № 3 мектебінің директоры Б.Т. Ермағанбетов арасында одан әрі ынтымақтастықты нығайту туралы көшпелі көрмелер мен дәрістерді ұйымдастыру бойынша меморандумға  қол қойылды.          

24 сәуірде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Астана қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, қоғам және мемлекет қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың 120-жылдығына орай «Тағылымды тұлға Жанайдар Сәдуақасов» тақырыбында іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға Жанайдар Сәдуақасовтың қарындасы, тарих ғылымдарының кандидаты Перизат Құрманқызы Сәдуақасова қатысып, Жанайдар Сәдуақасовтың мемлекеттік және қоғамдық қызметі мен қайғылы тағдыры туралы айтып берді.

1920-1930 жылдары Жанайдар Сәдуақасов қазақ жастары ұйымының жарқын жетекшілерінің бірі болды, белсенді қоғам қайраткері, ҚазОАК-нің хатшысы, Қазақ АКСР-ның қаржы халық комиссары, әділет халық комиссары және республиканың прокуроры. Тікелей жазушылармен байланыста болып, қазақ кеңес әдебиетінің болашағы үшін көпшілік пікірталастың бастамашыларын, жас жазушыларды ұлттық рухты сақтауға тәрбиелейтін жаңа туындыларын рецензиялаған. 30-шы жж. үшінші кезеңі саяси қуғын-сүргіндердің жаңа толқынымен есте қалды. 1937 жылдың 17 қыркүйегінде тұтқындалып, 1938 жылдың 25 ақпанында атылған. 1957 жылы ақталған.

26 сәуірде мұражай қызметкерлері  Б.Саханова мен Г. Төлепбергенова Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 1 орта мектебінің 8 «А» және «Ә» сынып оқушыларына Майя Тодоровна Кляшторнаяға арналған «Ұрпақ естелігі» тақырыбында слайд көрмесін ұйымдастырып, дәріс сабағын оқыды. Оның әкесі Тодор Тодорович Кляшторный, белорус ақыны, халық арасында «Белорус Есенині» аталған, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған. Жұбайы Янина Михайловна Германович күйеуі тұтқындалғаннан кейін, 8 жылға «АЛЖИР»-ге 4 айлық қызы Майямен жіберілді.

 Майя Тодоровна Кляшторная 1937 жылы туылған. Майя анасы Янина Германовичпен «АЛЖИР»-де үш жасқа дейін болды, сүйек туберкулезімен ауырды. Үш жаста анасынан айырылып, Қарағанды облысы Осакаров ауылындағы мамандандырылған балалар үйіне Тұрар Рысқұловтың қызы Рида Рысқұловамен бірге жіберілді. 2014 жылы Минск қаласына іс-сапары кезінде экспозициялық көрме жұмысы бөлімінің басшысы Р. Жақсыбаева Майя Кляшторнаямен кездесті. Кездесу барысында ол мұражай қорына анасы лагерде кестелеген белбеуі мен анасы оны  ораған көрпешесін тапсырды. Майя Кляшторная ХХ ғасырдың қатыгез трагедияның тірі куәгері болып саналады.

2017 жылға 31 мамырда ол Минскіден Қазақстанға келді. «АЛЖИР» мұражайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуге қатысты.

2017 жылғы 31 мамырда Майя Тодоровна Кляшторная  өзінің 80 жасын атап өтті.

27 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігі 1938-1953 жж. «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген корей әйелдеріне арналған ескерткіш тақтаның қайта ашылуы  өткізілді. Алғашқы рет ескерткіш белгі мұражай аумағында 2013 жылы ашылған болатын. Іс-шара ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдардағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адагершілікке тәрбиелеу, мұражай қызметін насихаттауға бағытталған. «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев кіріспе сөз сөйледі.

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэн Сик 30-50-шы жж. саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз жапа шеккен құрбандары рухының құрметіне арнап сөз сөйледі.

Сонымен қатар, ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасында тұрып жатқан корея диаспорасының өкілдері қатысты.  

Іс-шара барысында ескерткіш белгісіне гүл шоқтарын қою рәсімі мен «АЛЖИР» тұтқындарын еске алу құрметіне 1 минут үнсіздігін жариялады.

1-5 мамыр аралығында «АЛЖИР» залында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Халықтар достығы – ел бірлігі» тақырыбында  слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан 130-дан астам ұлт өкілдерінің фотосуреттері ұсынылды.

17 мамырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында Астананың 20-жылдығы және Халықаралық мұражайлар күні қарсаңында ресей режиссері-құжатшы Радик Нажибович Кудояровтың қатысуымен  Кәрім Әбдірауфұлы Хәкімов және Нәзір Төреқұлұлы Төреқұловтардың өмірі мен қызметіне арналған «Герои Аравии: две жизни, одна судьба» тақырыбында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің ұжымы «Аманат-«АЛЖИР» Қоғамдық қоры мен  «РАЙТ» кинокомпаниясымен бірлесіп іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында Радик Нажибович Кудояровтың «Карим Хакимов. Аравийский визирь Кремля» деректі фильмінің тұсаукесері өткізіліп, сонымен қатар ол өзінің жобасы туралы айтып берді және іс-шара қатысушылары қойған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара аясында «Алаш» залында «Герои Аравии: две жизни, одна судьба» көшпелі көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды. Іс-шара қатысушылары Қазақстандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің мемлекеттік сұрақтар бойынша атташесі София Сергеевна Гальчина, e-history порталының тілшілері, «Нұр Отан» партиясы Целиноград аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рахым Жакияұлы Түлкібаев, Қаз МЗУ-нің  «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Раушан Мұхамеджанова, Астана қаласындағы № 53 мектеп-лицейінің тарих мұғалімі Қарлығаш Абдразаққызы Бекниязова, «АЛЖИР» тұтқыны Ксения Трофимовна Чупряеваның немересі Игорь Витальевич Демченко, Ақмол ауылының № 5 орта мектебі мен Астана қаласындағы № 53 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.  

18 мамырда көрме залында Халықаралық мұражайлар күніне орай «Мұражай әр адамның жадында» слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының қалалық және өлкетану мұражайлары көрсетілген. 

24 мамырда «АЛЖИР» мұражайының маманы Б. Жалғасова Астана қаласы кәсіптік техникалық колледжінің 1, 2 курс студенттеріне «Бабасы мықтының баласы мықты» слайд көрмесі мен дәріс сабағын, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» атты деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырып, қазақ жазушысы, драматург, Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығын, оның жұбайы Гүлжамал Мұсабайқызы Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 5 жылға тұтқындалғандығы және олардың балалары туралы баяндап берді.

29 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында мұражай қызметкері Б. Саханова Жастар сарайында «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағы мен «Великая память страны» кезеңінен алынған «26 точка – борьба и надежда» тақырыбында дәріс-сұхбатын өткізіп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі мен «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» бейнебаянының көрсетілімін ұйымдастырды. Көрмеде «Жастар» сарайының қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының № 3660 жедел әскери қызметтегі сарбаздары, елорданың жоғарғы оқу орындарының студенттері мен Астана қаласындағы орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің қызметкерлері  қатысты.        Ұйымдастырылған іс-шара аясында орталықтандырылған академиялық кітапхана жүйесінің қызметкерлері 30-50-шы жж. кезеңде саяси қуғын-сүргін тақырыбына арналған кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Соңында Жастар сарайының әкімшілігі мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаевты,  экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің қызметкерлері Р. Жақсыбаева мен Б. Саханованы қуғын-сүргін құрбандарының рухын мәңгі құрмет тұтқаны үшін алғыс хаттармен марапаттады.

31 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың рухына арналған митинг өткізілді. Іс-шара барысында Зерде қабырғасына Астана қаласының әкімі, Астана қаласы мәслихаты, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары мен Астана қоғамы өкілдерінің, «Ақ жол» Халықтық-демократиялық партиясының, Целиноград ауданы әкімінің Астана қаласының тұрғындары мен қоғамы өкілдерінің, Ақмола облысы және Ақмол ауылы атынан гүл шоқтары қойылды.

Зерде қабырғасында Астана қаласы мәслихатының хатшысы, алтыншы шақырылым бойынша Жанат Ғазизұлы Нұрпейісов, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, соның ішінде Мәскеу қаласынан келген «АЛЖИР» тұтқыны Ксения Ивановна Никольскаяның қызы Татьяна Ивановна Никольская және 1937 жылы қуғын-сүргін құрбаны болған Қапан Мұхамеджановтың немересі Айгүл Үкіметовна Сүйінжанова сөз сөйледі.

Зерде қабырғасында Нұр Астана мешітінің бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы және Астаналық шіркеу округінің діни қызметшісі архимандрит Сергий дұға оқыды.

31 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің көрме залында «АЛЖИР»-дің бірегей жәдігерлері» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 2016-2017 жж. мұражай қорына түскен фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар, және 1930 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың жеке заттары қойылды.  

Көрмеге қойылған материалдардың ішінде: «АЛЖИР» тұтқыны М. Айсаринаның түпнұсқа мұрағаттық анықтамасы, отбасы құрамы туралы анықтамасы, М. Айсаринаға қатысты алдын кесу шараларын таңдау туралы қаулының көшірмесі, тінту хаттамасы, тұтқындау сауалнамасы, айыптау қорытындысы, НКВД жанындағы Ерекше Кеңестің шешімімен еңбекпен түзеу лагеріне 5 жылға М. Айсаринаны қамауға алу туралы хаттамадан үзінді көшірмесі, істің күшін жою туралы анықтамасы, Мәдина Айсарина және оның күйеуі қазақтың жазушысы және публицист, 1938 жылы қуғын-сүргін құрбаны болған  Әбдірахман Айсариннің ақтау туралы анықтамасы; Кеңес дипломаты, Кеңес Одағының араб елдеріндегі бірінші өкілетті өкілінің әйелі «АЛЖИР» тұтқыны  Хадича Гайнутдиновна Хакимованың мұрағаттық құжаттары; «АЛЖИР» тұтқыны Ксения Трофимовна Чупряеваның материалдар жиынтығы; «АЛЖИР» тұтқыны Капитолина Васильевна Гаврилованың материалдар жиынтығы; «АЛЖИР» тұтқыны Сима Моисеевна Вайнштейн-Черниктің материалдар жиынтығы, атап айтқанда, тұтқындалғанға дейінгі, Казақ КСР Қызылорда қаласында тұтқында болған кезінде және ақталғаннан кейінгі фотосуреттері.

Көрме ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдардағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіруге бағытталған.

31 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында  «Время и Астана: После будущего» қала кеңістігі уақытының әдеби зерттеу көрмесі аясында жасалған суретші Асхат Ахмедияровтың қамыспен қапталған орақ пен  балға түріндегі конструкциясы тәрізді «Краткая история севера» жұмысы қойылды. Көрсетілген жұмыс отпен тазарту метафорасы ретінде далада өртелді.

          Мамырда «АЛЖИР» залына реэкспозиция жасауға дайындық жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, қор сақтау, экспозиция және көрме, зерттеу жұмысы бөлімінің қызметкерлері тақырыптық-экспозициялық жоспар құруда. 2015-2017 жж. мұражай қорына келіп түскен фотоматериалдарды, құжаттарды және заттай деректерді іріктеу жұмыстары жасалуда.

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде мұражайдың экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің мамандары А. Хасенова мен Б. Саханова «АЛЖИР» және «Зерде» залдарында мұражай келушілеріне  «АЛЖИР-дегі сәбилер» слайд көрмесі мен «Біз ана алақанын сағындық» дәріс сабағын ұйымдастырды. Көрмеге «АЛЖИР» тұтқындары Әзиза Исенғұлованың балалары Сәуле мен Риданың, Фатима Османованың қыздары Зарема мен Айткүлдің, Күлжамал Майлинаның балалары Еділ, Мереке және Рәзияның, Анна Каганның балалары Феликс пен Владимирдың, Ирина Шубрикованың балалары Искра, Майя және Владимирдың, Зина Ахметованың қызы Азалияның, Зүфнұн Нұрмақованың балалары Ноян мен Тамараның, Хана Мартинсонның балалары Мартин және Иннаның, сондай-ақ Кира Андроникошвилидің баласы Борис пен Нина Всесвятскаяның балалары Юлий және Алиналардың фотосуреттері мен аналарына жазған хаттары ұсынылды. Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Әлихан Бөкейхановтың қызы Елизавета Сәдуақасовамен ұлы Үкітайдың және  қуғын-сүргін құрбаны, Алаш қайраткері, қазақтың жазушысы Қошке Кемеңгеровтің балалары Нартай, Сәуле мен Зайралардың хаттары мен фотосуреттері көрсетілді.

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде «АЛЖИР» мұражайы мамандарының балалары, сонымен қатар көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мұражайдың аумағында асфальтқа түрлі-түсті бормен  сурет салды, ермексаздардан мүсіндер және қағаздардан аппликациялар жасады, сонымен қатар ойындар ойнатылды. Іс-шара соңында «Аманат – «АЛЖИР» қоғамдық қоры атынан мерекеге қатысқан балаларға тәттілер таратылды. 

4 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің ұжымы Целиноград ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткізілген салтанатты іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің алып келу және алып кету, сонымен қатар, тудың көтерілу рәсімдері өткізіліп, ҚР Мемлекеттік әнұраны шырқалды. Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин құттықтау сөзінде Целиноград ауданының 90 жылдығы аясында «Рухани жаңғыру» саябағының ашылуы туралы айтып өтті. Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Іс-шара соңында Мәдениет үйі қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

5 маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай мұражайдың экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Ә. Ескендірова «Зерде» залында мұражай келушілеріне «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым» дәріс сабағын ұйымдастырды.

6 маусымда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің мамандары Р. Жақсыбаева мен Б. Жалғасова «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң ЕЦ-166/10 мекемесi» РММ қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға  «Ұрпақтар ұмытпайды» тақырыбындағы слайд көрмесін, дәріс сабағын және  «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

11 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайына барып, экспозициялармен танысты. Сапар барысында мұражай қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, «Мамочкино моласы»-на барып, «АЛЖИР» тұтқындары мен балаларына арнап құран бағыштады.

12 маусымда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Г. Төлепбергенова «АЛЖИР» залында мұражай келушілеріне 1938 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, қазақтан шыққан тұңғыш банкир, несие жүйесін негізін қалаушылардың бірі, Төребек Османовтың туғанына 125-жыл толуына орай «Төребек Османов – Қазақстанның тұңғыш банкирі» тақырыбындағы слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырып, Төребек Османовтың өмірі мен қызметі, жұбайы Фатима Қалмұхамедқызы Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 8 жылға тұтқындалғаны, балалары Айткүл, Лаура, Зарема балалар үйіне жөнелтілгені туралы баяндап берді. Көрмеде отбасылық фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар ұсынылды.

12-16 маусым аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев Алматы қаласы тарихының музейі суретші, жазушы Жұмат Әнесұлымен бірлесіп  ұйымдастырған «Алматы және оның аңыз тұлғалары» тақырыбындағы жеке көрмесі мен дөңгелек үстелге қатысты.

20 маусымда зерттеу жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева «Зерде» залында мұражай келушілеріне Қазақстанның еңбегі сіңген дәрігері, Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 5 жылға тұтқындалған Мағрифа Мырзағұлқызының туғанына 115 жыл толуына орай «АЛЖИР» тұтқыны - Мағрифа Қазбекова» тақырыбындағы дәріс сабағын ұйымдастырды. Күйеуі Ысмағұл Қазбековтың 1938 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны, қазақ жер шаруашылық институтының тұқым шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарғаны және олардың балалары туралы айтып берді.

27 маусымда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Б. Жалғасова «Алаш» залында мұражай келушілеріне 1938 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, қазақтың ақыны, көсемсөзші, оқытушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мағжан Жұмабаевтың қайғылы тағдыры» тақырыбындағы дәріс сабағын ұйымдастырып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.

Маусымда «АЛЖИР» залына реэкспозиция жасауға дайындық жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, қор сақтау, экспозиция және көрме, зерттеу жұмысы бөлімінің қызметкерлері тақырыптық-экспозициялық жоспар құруда. 2015-2017 жж. мұражай қорына келіп түскен фотоматериалдарды, құжаттарды және заттай деректерді іріктеу жұмыстары жасалуда.

2-12 шілде аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына арналған «Тарихы терең Астана» тақырыбындағы көшпелі көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде қаланың құрылу тарихы, жас астананың негізгі кезеңдері, сондай-ақ 19 ғасырдың осы уақытқа дейін, әр түрлі уақыт кезеңдеріндегі сәулет құрылыстары ұсынылған.

4-5 шілде аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «АЛЖИР» залында Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына және музей педагогикасы аясында «Астана – балалар көзімен» тақырыбындағы слайд көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Көрмеде Ақмол ауылының № 5 орта мектебі 1-7 сынып оқушыларының салған суреттері көрсетілген.

20 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Б. Жалғасова «Зерде» залында мұражай келушілеріне «Шәкәрім Құдайбердіұлы» (160 жыл толуына орай) тақырыбындағы дәріс сабағын оқыды. Шәкәрім Құдайбердіұлы, қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, философ, «Алаш» партиясының көрнекті қайраткері, 1931 жылы құғын-сүргінге ұшыраған.

25-31 шілде аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің зерттеу жұмысы бөлімінің маманы А. Саморокова «АЛЖИР» залында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «АЛЖИР» тұтқыны – Кира Андронникова» (110 жыл толуына орай) тақырыбындағы слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды. Кира Георгиевна Андронникова кеңес актрисасы және кино режиссері. Грузин КСР-нің еңбек сіңірген әртісі. Андронниковтар князь әулетінен шыққан. Кира Андронникованың күйеуі Борис Андреевич Пельняк - атақты кеңес ақыны, прозашы 1937 жылы құғын-сүргінге ұшыраған. Күйеуінің артынан Кира Андронникова «халық жауының әйелі» ретінде еңбекпен түзеу лагеріне 8 жылға сотталды. Өз мерзімін «АЛЖИР» лагерінде өтеген.

3 тамызда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Р. Жақсыбаева «Зерде» залында мұражай қонақтарына Рабиға Асфендиярова-Лапинаның 125 жыл толуына орай «АЛЖИР» тұтқыны – Рабиға Асфендиярова-Лапина» тақырыбындағы дәріс сабағын ұйымдастырды. 1937 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны, КазАКСР денсаулық сақтау халық комиссары  Санжар Асфендияровтың жұбайы Рабиға Асфендиярова-Лапина 1893 жылы Самарқанд қаласында туылған, ұлты қазақ, Санкт-Петербургтегі Смольный инабатты қыздар институтында оқыған,  алғашқы қазақ зиялы әйелдерінің бірі. Рабиға Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде бес жылдай еңбекпен түзеу Ақмола лагерінде тұтқында болған.

15 тамызда зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Е. Саморокова «Зерде» залында мұражай қонақтарына театр қайраткері, драматург, кеңес заманындағы бірінші опера режиссер әйел Наталия Ильинична Сацтың 115 жыл толуына орай  «Карлаг» тұтқыны – Наталия Сац» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.

15-25 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20-жылдық мерейтойы аясында мұражай қызметкерлері Целиноград аудандық кітапханасында «Тарихы терең Астана» тақырыбындағы көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде қаланың  құрылу тарихы, жас астананың негізгі кезеңдері, сондай-ақ 19 ғасырдың осы уақытқа дейін, әр түрлі уақыт кезеңдеріндегі  сәулет құрылыстары  ұсынылған.

28 тамызда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова «Зерде» залында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне орай «Ядросыз әлем – Қазақстанның жаһандық мүддесі» тақырыбындағы дәріс сабағын оқыды.

11 қыркүйекте экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Р. Жақсыбаева «Зерде» залында мұражай қонақтарына «Ақмол-Феникс» АҚ-ның бұрынғы директоры Иван Иванович Шарфтың рухына арналған «Жүрек зердесі» тақырыбында дәріс оқыды.  Иван Иванович Шарф – «Карлагтың 26 нүктесі» - «АЛЖИР» лагерінің орнында орналасқан  Ақмола кеңес шаруашылығының директоры және 1989 жылы алғаш рет ұйымдастырылған «АЛЖИР» тұтқындары кездесуінің ұйымдастырушысы болды. Оның бастамасымен Малиновка ауылында 30-50-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.

18-30 қыркүйек аралығында «Алаш» залында экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева Қазақстанға жер аударылған халықтарына арналған «Қазақстан – ортақ үйіміз» көшпелі көрмесін ұйымдастырып, дәрісін оқыды. Көрмеде ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдары Қазақстанға жер аударылған Аблякимова Фатиманың, Смаилова Шевкиенің, Волкова Антонина Захаровнаның, Хван Унденің, сонымен қатар немістердің мұражай қорынан алынған  мұрағаттық материалдар, жеке заттар, ұлттық киімдер, кестелер, тұрмыстық заттар, жер аударылған халықтарға тиесілі жиынтық материалдары ұсынылды. 

20-30 қыркүйек аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен Бейбітшілік және келісім сарайының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына арналған «Рухани жаңғыру: Карлаг, «АЛЖИР» - Қазақстанның естелік орындары» тақырыбында көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде «Ұрпақтар ұмытпайды» халықаралық жобасының қатысушылары мен қуғын-сүргін құрбандарының  ұрпақтары мұражай қорына табыстаған фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары ұсынылды. Олар: Хасен Нұрмұхамедов пен оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Мұхамедқали мен Шәкітай Тәтімовтардың, Шәкір мен Ғайнижамал Ғайсиндердің, Сұлухан Бағызбаеваның, Клара Брон және Ента Лихтенштейннің материалдар жиынтығы. Көрме «АЛЖИР» тұтқындарының жеке заттарымен толықтырылды: Қазима Алманиязованың сандығы, 20-30-шы жылдардағы Мария Даниленконың көйлегі, Бибіжамал Сырғабекованың көйлегі, Лидия Френкельге тиесілі «Голубой ларец» әтірі түпнұсқа, анасы «АЛЖИР»-ге 4 айлық қызы Майя Кляшторныйды ораған көрпешесі, Мариам Лазаревна Анцистің «АЛЖИР» лагерінде жасалған, альбомға жапсырылған кесте үлгілері түпнұсқа, сонымен қатар Леон Нұрмұхамедовтың өзінің «АЛЖИР» лагерінде отырған анасы Кира Берсеневаға жазған хаттары және т.б. 

Көрмеге Гамбияның сыртқы істер министрі, Тәжікстанның ішкі істер министрлігі делегациясы, Румыния елшілігінің делегациясы, сонымен қатар шетелдік туристер келді.

20 қыркүйекте Бейбітшілік және келісім сарайында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен Бейбітшілік және келісім сарайының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына арналған «Рухани жаңғыру: Карлаг, «АЛЖИР» - Қазақстанның естелік орындары» көшпелі көрмесінің салтанатты ашылуы болды.

Көрмені «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев және Бейбітшілік және келісім сарайы директорының орынбасары Нұрдәулет Шертім ашты. Көрменің қонақтарына мұражай қызметкерлері Г. Тулепбергенова мен А. Хасенова мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде таныстыру экскурсияларын жүргізді.

21 қыркүйекте «Астана – есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасы аясында мұражай қызметкері А.Саморокова «Зерде» залында Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында   слайд көрсетілімі бойынша «Есірткісіз жол жоқ!» дәріс сабағы ұйымдастырылып, өсіп келе жатқан жасөспірімдердің арасында есірткіге байланысты бағдарламаның негізгі сұрақтарын ашып көрсетті. Оқушылар қызметкерлер қойған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.

25 қыркүйекте экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Г. Төлепбергенова «Зерде» залында Ента Ароновнаның туғанына 115 жыл толуына орай «АЛЖИР» тұтқыны Ента Ароновна Лихтенштейн» тақырыбында дәріс сабағын ұйымдастырды.  Оның күйеуі Севек (Сендер) Давидович Лихтенштейн БССР Мемлекеттік Банкі Добруш бөлімінің басшысы 1937 жылы тұтқындалған. Ента Лихтенштейн Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 8 жылға бас бостандығынан айырылып, еңбекпен түзеу лагерінде мерзімін өтеген.

9-22 қазан аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген суретші әйелдердің рухына арналған «Қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілердің туындылары» тақырыбында көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Олардың көпшілігі тұтқындалғанға дейін есімдері көпшілікке танымал, әлемдік деңгейдегі оқу орындарын бітірген қылқалам шеберлері болған.

Тұтқын суретшілердің қатарында өнер тарландары И.А.Брохман, Л.И.Покровская, М.В. Мыслина, А.Ф. Васильева және тағы басқалар болды.

Көрмеге  И. А. Борхманның – «Береза среди камней», «Дождь», «Через степную речку»; А.Ф Васильеваның – «Портрет девочки», «Автопортрет», «Портрет медсестры латышки»; А.И. Покровскаяның– «Портрет Раисы Мамаевой», «Ударница «АЛЖИРа», «Вышивальщицы», «Старушка в платке»; М. В. Мыслинаның – «Портрет Л.И. Покровской», «Степные цветы», «Л.И. Покровская в голубом», «Л.И. Покровская в образе орлекино»; Г.Ф. Цивирконың – «Горе. Набросок», «Эскизы узора ковра», «Казахский мотив», «Портрет армянки», балалардың қолжазба кітабы «В поле стоит теремок»; Б.В.   Гринманның – «Лагерный пейзаж», «Автопортрет», «Старушка в очках», «Горы и камни», «Эскиз бордюра помещения библиотеки», «АЛЖИР. Дерево у барака» жұмыстары ұсынылды.

Авторлардың әрбір жұмысында ауыр халі бейнеленген, олардың тағдырларын толығымен өзгертті.

2018 жылғы 15 қазанда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әмірханұлы Аманшаевтың тапсырмасы бойынша Бейбітшілік және келісім сарайында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Бейбітшілік және келісім сарайы мен Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайымен бірлесіп «Рухани жаңғыру: Карлаг, «АЛЖИР» - Қазақстанның  естелік орындары» мен «КАРЛАГ: қапастағылар қаламынан» тақырыбында көшпелі көрмелердің салтанатты ашылуы болды.

Көрмеде «АЛЖИР» мұражайы қорынан алынған бірегей жәдігерлер ұсынылды: «АЛЖИР» тұтқыны Мағрифа Қазбековаға тиесілі «ҰОС Жеңісіне отыз жыл» медалі, «Еңбек Ері» медалі, «Еңбек Қызыл Ту ордені». Оның күйеуі Қазбеков Ысмағұл Сүлейменұлы Тимирязев академиясының ауыл шаруашылық бөлімін бітірген, тұтқынға дейін Қазақ институтының жер шаруашылығында тұқым өндіру кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды,  Мағрифа Мырзағұлқызы жұқпалы ауру дәрігері қызметін  атқарған. 1936 жылы Ысмағұл Сүлейменұлы халық жауы ретінде тұтқындалды, ал Мағрифа Мырзағұлқызы Отанын сатқандардың  отбасы мүшесі ретінде этаппен Ақмола лагеріне, кейін Долинкаға жіберілді. Мағрифа Мұрзағұлқызы 1938 жылы 21-ші шілдеде НКВД жанындағы Ерекше Кеңестің шешімімен Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 5 жылға бас бостандығынан айрылған. Ақмола лагеріне 1938 жылдың 1 қазанында  Шымкент қаласының түрмесінен әкелінген. 1943 жылдың 2 наурызда Карлагтан босатылды. 1943-1946 жылдары, лагерден босатылғаннан кейін, Мағрифа Мырзағұлқызы Карлагтың 26-ші нүктесінде  қалып, дәрігер қызметін атқарды. Ол 1956 жылы ақталды. Өмірінің соңына дейін Балхаш қаласында дәрігер болып, Қазақстанның еңбегі сіңген дәрігері атағын алды. Мағрифа Мырзағұлқызы 1982 жылы  қайтыс болды. Сонымен қатар көрмеге «АЛЖИР» тұтқыны Ксения Никольскаяның қасығы; ХХ ғасырдың 50-жылдардағы аллюминиден жасалған күрішке, аяқ ұршық, кішкене балаларға арналған кереует, шабадандар қойылып, НКВД қызметкерлерінің мүсіндері, қолында кішкентай баласы бар әйелдер, «АЛЖИР» тұтқындарын балаларынан айыру көрінісі  бейнеленген;

Қуғын-сүргінге ұшыраған көптеген жазушылар, ақындар, ғалымдар, суретшілердің есімдері қалың жұртшылыққа осы уақытқа дейін белгісіз болып қалуда.

Тұтқындалғандардың арасында осындай кескіндеме шеберлері, Ляце.К, Әбілқасымов М.М, Осипенко А.И, Арент В.А. және т.б. болған. «КАРЛАГ: қапастағылар қаламынан» көрмесінде Карлагта мерзімін өтеген суретшілердің картиналары ұсынылған: «Реквием. Соло на трубе» картинаның авторы К.Ляце; «Расстрел у волчьих ворот» және «Ученики 30-х годов» картиналардың авторы Әбілқасымов М; «Ведут врагов народа» және «Тридцатые роковые» картиналардың авторы Осипенко; «37 жыл» бірінші бөлімі – «Жойылған тағдырлар», «Қарама-қарсы келу»; «Степлаг» және «Қанды жолы» триптихтерінің авторы В.А. Арент. 

Көрмені «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев және Бейбітшілік және келісім сарайы директорының орынбасары Нұрдәулет Шертім ашты. Көрменің қонақтарына мұражай қызметкерлері Г. Тулепбергенова мен А. Хасенова мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде таныстыру экскурсияларын жүргізді.

18 қазанда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің мамандары Р. Жақсыбаева мен Б. Жалғасова «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң ЕЦ-166/10 мекемесi» РММ қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдарға  «Тарихтың қатал сабақтары» тақырыбындағы слайд көрмесін, дәріс сабағын және  «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

19 қазанда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова Целиноград ауданы Жаңа жол ауылы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларына 1937-1938 жж. саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтың көрнекті ақын-жазушылары Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің өмірі мен қызметіне және рухына арналған «Қызыл террор құрбандары» слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

22 қазанда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Г. Төлепбергенова Целиноград ауданы Талапкер ауылы орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларына Сұлтанбек Ходжанов Өзбекстанда орта азиядағы мақта-политехникалық институтының негізін салған, бірінші ректоры болған, 1937 жылы Сұлтанбек Ходжанов тұтқындалып, «халық жауы» ретінде ату жазасына кесілген «Сұлтанбек Ходжанов – Қазақстан және Орта Азияның көрнекті мемлекет, қоғам және саяси қайраткері» слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

22-30 қазан аралығында экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева «Алаш» залында Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің оқушылары, Ақмол ауылының «Жас-Шабыт» балалар шығармашылық орталығының балалары, сонымен қатар көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан және Целиноград ауданының ІІ аудандық бөлімінің есебінде тұрған балалардың салған суреттері бойынша «Қуғын-сүргін тақырыбына бала көзімен» көшпелі көрмесін ұйымдастырды.

23 қазанда зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Е.Саморокова мұражай келушілеріне «АЛЖИР» тұтқыны Шәкітай Тәтімованың туғанына 110-жыл толуына орай «Олардың бейнесі біздің есімізде мәңгі сақталады» тақырыбында дәрісті оқыды. Оның күйеуі – еңбек және денсаулық сақтау халық комиссары қызметін атқарған, 1938 жылы тұтқындалған. Шәкітай Тәтімова «халық жауының әйелі» ретінде «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеді. Шәкітай мен бірге лагерде қыздары Клара, Наура және Зәуре болды.

25 қазанда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы А. Хасенова «АЛЖИР» залында мұражай келушілеріне Кира Берсеньеваның тағдыры туралы «Карлаг» тұтқыны – Кира Берсеньева» тақырыбында дәріс оқыды. Оның күйеуі – Хасен Нұрмұхамедов ҚазКСР-нің денсаулық сақтау халық комиссары қызметін атқарған, 1938 жылы тұтқындалған. Кира Берсенева «халық жауының әйелі» ретінде 5 жылға тұтқындалып, Еңбекпен түзеу лагерінде мерзімін өтеді. НКВД Карлагтың Ақмола бөлімшесінде, Карлагта, Жезказғанлагта мерзімін өтеген. 1943 жылы Босатылды.

FaLang translation system by Faboba