ekspozitsionno-vystavochnaya-deyatelnost-2019g

Экспозиция және көрме бөлімінің қызметі

"АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде саяси қуғын-сүргін тарихы мен тарихи-мәдени мұраны дәріптеу мақсатында тақырыпты, арнайы, ауыстырылатын көрмелер ұйымдастырылады. Мұражай дайындаған тұжырымдамаға сәйкес заттарды көрсету арқылы жасалған көрмелер білім алуға және тәрбие беруге бағытталған.

11 қаңтарда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің экскурсия жүргізушісі Ә. Ескендірова Астана қаласы № 69 мектеп-гимназиясының 7-9 сынып оқушыларына «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ақысыз түрде 1938 жылдың 6 қаңтарында «АЛЖИР» лагеріне алғашқы легінің келуіне орай «АЛЖИР» қасіреті мәңгі біздің жадымызда сақталады» тақырыбында слайд түріндегі көрмесі (10 адам) мен дәріс сабағын ұйымдастырды (15 адам).

2019 жылғы 17 қаңтарда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Целиноград ауданы № 3 Талапкер ауылы орта мектебінің 7-9 сынып оқушыларына ақысыз түрде «Құпия сандық сыр шертеді» слайд түріндегі көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты Отансүйгіштікке, патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық тарихқа деген құрмет пен мақтаныштарын қалыптастыру, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Көрме Ақтөбе облыстық мұрағаты мен Ақтөбе облыстық өлкетану мұражайынан алынған және қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары тапсырған материалдары негізінде жасалған.

Көрмеде Темірбек және Дәмеш Жүргеневтердің, Ұзақбай және Әйіш Құлымбетовтардың, сонымен қатар 1930-1950 - жылдары Батыс Қазақстан облысынан шыққан басқа да саяси қуғын-сүргін құрбандарының фотосуреттері, мұрағаттық материалдары ұсынылды.

Темірбек Жүргенев 1898 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген, белгілі қоғам қайраткері, ҚазКСР-ның ағарту министрі, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған. Жұбайы – Дәмеш Жүргенева (Ермекова) «халық жауының әйелі» ретінде тұтқындалып, «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген.

Ұзақбай Құлымбетов 1891 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген, белгілі саяси қайраткер, ҚазКСР-ның Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған. Жұбайы – Әйіш Құлымбетова «халық жауының әйелі» ретінде тұтқындалып, «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген. Көрмемен және дәріспен 15 адам танысты.

24-31 қаңтарда Жастар жылы аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында «Гулагтың балалары» тақырыбында слайд түріндегі көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «АЛЖИР» тұтқындары Әзиза Исенғұлованың балалары Сәуле мен Риданың, Фатима Османованың қыздары Зарема мен Айткүлдің, Күлжамал Майлинаның балалары Еділ, Мереке және Рәзияның, Анна Каганның балалары Феликс пен Владимирдың, Ирина Шубрикованың балалары Искра, Майя және Владимирдың, Зина Ахметованың қызы Азалияның, Зүфнұн Нұрмақованың балалары Ноян мен Тамараның, Хана Мартинсонның балалары Мартин және Иннаның, сондай-ақ Кира Андроникошвилидің баласы Борис пен Нина Всесвятскаяның балалары Юлий және Алиналардың фотосуреттері мен аналарына жазған хаттары ұсынылды. Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Әлихан Бөкейхановтың қызы Елизавета Садуақасовамен ұлы Үкітайдың және қуғын-сүргін құрбаны, Алаш қайраткері, қазақтың жазушысы Қошке Кемеңгеровтің балалары Нартай, Сәуле мен Зайралардың фотосуреттері мен хаттары көрсетілді (236 адам).

2018 жылғы желтоқсан - 2019 жылғы қаңтар аралығында Қазтұтынуодағы Жоғары сауда-экономикалық колледжіндегі күндізгі оқу бөліміндегі «Аудармалық жұмысы» факультетінің 2 курс студенті Диана Шувашева мұражайдың экспозициялық-көрме бөлімінде кәсіби тәжірибеден өтті. Диана Шувашева тәжірибеден өтіп жүрген кезіңде мұражайға келген шетелдік қонақтарға ағылшын тілінде экскурсия жүргізді, тұрақты көрмелерді ұйымдастыруға көмектесті.  

4 ақпанда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында және Ақмол ауылының мәдениет үйінде Целиноград ауданының әкімі М. Таткеевтің тұрғындардың алдында Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалиннің қатысуымен өткен есепті кездесуінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Целиноград ауданы Ішкі саясат бөлімі» ММ бірлесіп туған өлкенің тарихын зерттеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық тарихқа деген құрмет пен мақтаныштарын қалыптастыру мақсатында «Тар жолда тайғақ кешкендер» тақырыбында көшпелі көрмесін ұйымдастырды.

      Көрмеде мұражай қорындағы Қазақстанның қалалары бойынша және шет елдерге зерттеу іс-сапарлар барысында жинақталған архивтік материалдар, соның ішінде Әзиза Рысқұлованың және оның анасы Әрифа Есенғұлованың, Дәмеш Жүргеневаның, Рабиға Асфендиярованың, Уәзипа Күленованың, Мағрифа Қазбекованың, әнші Лидия Русланованың, жазушы Галина Серебрякованың, Кира Андронникошвилидің, Ашхен Налбандянның, Рахиль Плисецкаяның және т.б. архивтік құжаттары, фотосуреттері, естеліктері, «АЛЖИР» тұтқындарының ақтау туралы анықтамалары ұсынылды. Көрмемен 123 адам танысты.

12 ақпанда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Ауғанстан оқиғасының тарихи мағынасын ашу, интернационалист-жауынгерлерді еске алу, патриоттық сезімге  және адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Целиноград ауданы Қызылжар ауылы № 42 мектебінің 9-10 сынып оқушыларына Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығарылғанына 30 жыл толуына  арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» слайд түріндегі көрмесі (13 адам) мен дәріс сабағын (13 адам) ұйымдастырды. Көрмеде Ауғанстан оқиғасының фотохроникасы, хабар ошарсыз кеткен және қаза тапқан қазақстандықтардың сандық кестесі, сонымен қатар Целиноград ауданында туып-өскен, интернационалист-жауынгер Ж.Т.Дүйсекеевтің мұражай қорына тапсырған құжаттары мен фотосуреттері ұсынылды. Ұйымдастырылған көрме аясында интернационалист-жауынгерлердің тағдырын баяндайтын «Ауған соғысы» атты бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды.

14 ақпанда АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Назарбаев университетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «Ұрпақтар есінде» көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Қазақ КСР денсаулық сақтау халық комиссары Хасен Нұрмұхамедовтың және оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Қазақстан атқару комитетінің Президиум мүшесі Мұхамедқали Тәтімовтің және оның жұбайы Шәкітайдың, Алматы облысы Кеген ауданының прокуроры Шәкір Ғайсиннің және оның жұбайы Ғайнижамалдың, «АЛЖИР» тұтқыны Сұлухан Бағызбаеваның, Амторг төрағасы Саул Бронның және оның жұбайы Клараның, Добруш Мемлекеттік банк бөлімінің директоры Севек (Сендер) Лихтенштейннің және оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Ентаның, КСРО Мемлекеттік банкі директорының орынбасары Соломон Михайлович Хариннің және оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Софья Зильбербергтердің фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары ұсынылды (35 адам).

20 ақпанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің экскурсия жүргізушісі К.Пархоменко «Зерде» залында 2018 жылғы ғылыми іс-сапар кезінде Алматы облыстық мұрағатында жиналған материалдар негізінде дайындалған «ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихы» тақырыбында дәріс оқыды (10 адам).

21 ақпанда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Г.Төлепбергенова Целиноград ауданы Жаңа Жол ауылы №7 орта мектебінде қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының көсемі, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Мұхаметжан Тынышпаевтың 140 жыл толуына орай «Ел үшін еңіреген ұлы тұлға» (24 адам) слайд түріндегі көрмесі мен дәріс сабағын (24 адам) ұйымдастырды.

25 ақпанда саяси қуғын-сүргін тақырыбы бойынша қосымша ақпаратты жинақтау мақсатында мұражай қызметкерлері Э. Айағанова мен Г. Төлепбергенова Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия Университетінде «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, алаштанушы, филология ғылымдарының кандидаты Сұлтан Хан Аққұлұлымен кездесті. Сұлтан Хан Аққұлұлы мұражай қорына өзі шығарған «Әлихан Бөкейхан» екі томдық кітабын, Әлихан Бөкейхановтың 15 томдық шығармаларын, «Алаш» партиясының қызметі туралы кітабы мен Тұрағұл Абайұлының, Елдес Омарұлының, Ахмет Мамытұлының және Қажым Басымұлының шығармалар жинақтарын тапсырды (барлығы 23 кітап).

25 ақпанда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің экскурсия жүргізушісі Ә.Ескендірова Ақмол ауылының №5 орта мектебінде «АЛЖИР» тұтқыны, дыбыссыз киносының кеңес актрисасы Лидия Френкельдің 110 жыл толуына орай «Рухымыз мәңгі тірі» слайд көрмесін ұйымдастырды (53 адам).

28 ақпанда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің экскурсия жүргізушісі Ә.Ескендірова «Зерде» залында Сағадат Таштитованың 105-жыл толуына орай «Сағадат Таштитова – «АЛЖИР» тұтқыны» дәріс сабағын өткізді. Күйеуі Қайсар Таштитов ҚазКСР Орталық Комитеті комсомолының бірінші хатшысы, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған. Сағадат Таштитова 1938 жылдың 10 шілдесінде «отанын сатқанның отбасы мүшесі» ретінде 5 жылға тұтқындалып, еңбекпен түзеу лагеріне жіберілген (10 адам).

1 наурызда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және Алғыс айту күнін мерекелеу аясында өсіп келе жатқан ұрпақты толеранттылыққа  және  бір-біріне достық пен сыйластыққа, сондай-ақ Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық байланыстарын бекіту мақсатында «АЛЖИР» залында барлық этностардың бір-біріне және жер аударылғандарға мейірімділік танытқан қазақ халқына алғысын білдіру туралы «Қазақ еліне тағзым» тақырыбындағы бейнероликтің көрсетілімін ұйымдастырды. 

5 наурызда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдардағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу, мұражай қызметін насихаттау мақсатында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орайластырып, Целиноград ауданы Қосшы ауылы Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  мұражайдың экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің қызметкерлері Р. Жақсыбаева мен А. Хасенова іс-шараға қатысты. Іс-шара аясында мұражай қызметкерлері «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» тақырыбында көшпелі көрмесі (35 адам) мен дәріс сабағын (35 адам) ұйымдастырды. Экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Р. Жақсыбаева мұражайдың зерттеу және экспозициялық-көрме жұмысын, сонымен қатар ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдардағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтау бойынша өткізілген іс-шаралар жайлы айтып берді. Мұражайдан естелік ретінде  қызметкерлер Қосшы ауылындағы Мәдениет үйінің кітапханасына  мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы  мен мұражай кешенінің негізгі және ғылыми-көпшілік қорларындағы материалдар бойынша жинақталған  «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының "ALJПR. Qorqiniєti tustey…. Kak strashnyi son….", 2005 жылы Астана қаласы мен Ақмола облысының заңсыз қуғын-сүргін құрбандарының Қауымдастығы басып шығарған «Судьбы людские» естеліктер жинағы сыйға берілді.

12 наурызда «Астана – есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасы аясында мұражайдың экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Б.Жалғасова «Зерде» залында Талапкер ауылы № 3 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында слайд көрсетілімі бойынша (10 адам) «Есірткіге жол жоқ!» дәріс сабағы (10 адам) ұйымдастырылып, өсіп келе жатқан жасөспірімдердің арасында есірткіге байланысты бағдарламаның негізгі сұрақтарын ашып көрсетті. Оқушылар мұражай қызметкері қойған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.

13 наурызда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында өткен жылдардың тарихын оқып білу, ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдарындағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтау, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімде  тәрбиелеу мақсатында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Б. Жалғасова ақысыз түрде Астана қаласындағы техникалық колледждің 1 курсында оқитын жетім балалар мен көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге «АЛЖИР» тарихтың өшпес парағы...» слайд түріндегі көрмесі (10 адам) мен дәріс сабағын (10 адам) ұйымдастырды. Көрмеде Әзиза Рысқұлованың, Гүләндам Қожанованың, Зұфнұн Нұрмақованың, Рабиға Асфендиярованың, Күлжамал Майлинаның, Рәзия Меңдешеваның, Жанбике Шанинаның, Мәриям Есқараеваның, Зағфи Тналинаның, Сағадат Таштитованың, Елизавета Сәдуақасованың, Мағрифа Қазбекованың, Шафиға Нұралинаның, Сұлухан Бағызбаеваның, Қазима Алманиязованың архивтік құжаттары мен фотосуреттері ұсынылды. Іс-шараға 20 адам қатысты.

18-26 наурыз аралығында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында өз халқының салт-дәстүрлерін сыйластық пен ұқыпты қарау қарым-қатынаста, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында Наурыз мерекесінің тарихын, дәстүрлерін баяндайтын «Наурызым – мерекем, Наурызым – берекем» тақырыбындағы көшпелі көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің жеке бөлігін ұлттық киімдер мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары құрайды (301).

2019 жылғы 5 сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында өткен жылдардың тарихын оқып білу, ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдарындағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтау, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімде  тәрбиелеу, мұражай қызметін насихаттау мақсатында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Астана қаласындағы  Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларына «Сол бір зобалаң жылдар» слайд түріндегі көрмесін ұйымдастырды (41 адам).

Көрмеде зерттеу іс-сапарлар барысында Қазақстан қалалары бойынша және алыс және жақын шет елдерден жинақталған мұражай қорындағы мұрағаттық материалдар ұсынылады. Тапсырған құжаттардың ішінде: Әзиза Рысқұлова және оның анасы Әрифа Есенғұлованың, Дәмеш Жүргеневаның, Рабиға Асфендиярованың, Уәзипа Күленованың, Мағрифа Қазбекованың, әнші Лидия Русланованың, жазушы Галина Серебрякованың, Кира Андронникошвилидің, Ашхен Налбандянның, Рахиль Плисецкаяның, Кира Берсеневаның, Шәкітай Тәтімованың, Ғайнижамал Ғайсинаның, Сұлухан Бағызбаеваның, Ента Лихтенштейннің, Софья Зильбербергтің фотосуреттері, мұрағаттық құжаттар мен т.б. материалдар ұсынылды.

Соңында қатысушыларға «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.

5 сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында және Ақмол ауылындағы Аудандық мәдениет үйінде өткен облыстық «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауына «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Целиноград ауданы әкімшілігімен бірлесіп
туған өлкенің тарихын зерттеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық тарихқа деген құрмет пен мақтаныштарын қалыптастыру мақсатында «Тар жолда тайғақ кешкендер» тақырыбында көшпелі көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеде мұражай қорындағы Қазақстанның қалалары бойынша және шет елдерге зерттеу іс-сапарлар барысында жинақталған архивтік материалдар, соның ішінде Әзиза Рысқұлованың және оның анасы Әрифа Есенғұлованың, Дәмеш Жүргеневаның, Рабиға Асфендиярованың, Уәзипа Күленованың, Мағрифа Қазбекованың, әнші Лидия Русланованың, жазушы Галина Серебрякованың, Кира Андронникошвилидің, Ашхен Налбандянның, Рахиль Плисецкаяның және т.б. архивтік құжаттары, фотосуреттері, естеліктері, «АЛЖИР» тұтқындарының ақтау туралы анықтамалары ұсынылды (193 адам).

9-29 сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «АЛЖИР» мұражайы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи музейінде «Ғасырларға созылған қасірет» тақырыбындағы көшпелі көрменің салтанатты түрде ашылуын ұйымдастырды (328 адам).

Көрмені «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев пен Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың директоры Нұртаза Тұрабекұлы Асылов ашып, сөз сөйледі.

Іс-шара қонақтары 1938 жылы қуғын-сүргін құрбаны болған Мұхаметқали мен Шәкітай Тәтімовтардың немересі Сырым Ғаббасұлы Ғаббасов және 1938 жылы қуғын-сүргін құрбаны болған, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың қарындасы Перизат Құрманқызы Сәдуақасова сөз сөйледі. Қонақтар Саяси қуғын-сүргін тарихын сақтағаны үшін қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, өткенді есте сақтау, оларды құрметтеу және жаңа қайғы қасіретті болдырмауы туралы мұражай қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Іс-шара қонақтарына мұражай қызметкері Г. Төлепбергенова таныстыру экскурсиясын жүргізді.

Көрменің ашылу салтанаты соңында ұжым атынан мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың директоры Нұртаза Тұрабекұлы Асыловқа мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді. Сонымен қатар Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың директоры Нұртаза Тұрабекұлы Асыловтың атынан мұражай ұжымына алғыс хат табыстады. 

Көрмеде «Ұрпақтар ұмытпайды» халықаралық жобасының қатысушылары мен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мұражай қорына табыстаған фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары ұсынылды. Олар: Хасен Нұрмұхамедов пен оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Мұхамедқали мен Шәкітай Тәтімовтардың, Шәкір мен Ғайнижамал Ғайсиндердің, Сұлухан Бағызбаеваның, Клара Брон және Ента Лихтенштейннің материалдар жиынтығы. Көрме «АЛЖИР» тұтқындарының жеке заттарымен толықтырылды: Қазима Алманиязованың сандығы, 20-30-шы жылдардағы Мария Даниленконың көйлегі, Бибіжамал Сырғабекованың көйлегі, Лидия Френкельге тиесілі «Голубой ларец» әтірі түпнұсқа, анасы «АЛЖИР»-ге 4 айлық қызы Майя Кляшторныйды ораған көрпешесі, Мариам Лазаревна Анцистің «АЛЖИР» лагерінде жасалған, альбомға жапсырылған кесте үлгілері түпнұсқа, сонымен қатар Леон Нұрмұхамедовтың өзінің «АЛЖИР» лагерінде отырған анасы Кира Берсеневаға жазған хаттары және т.б. Көрме 2019 жылдың 29 сәуіріне дейін жалғасады.

17 сәуірде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Е. Саморокова кіші залда мұражай қонақтарына халықтарды күштеп қоныс аудару туралы сондай-ақ, Ақмол ауылында тұратын қоныс аударылғандар туралы «Қазақстанға жер аударылған халықтар» тақырыбындағы дәріс оқыды (15 адам).

23 сәуірде экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы К. Пархоменко «АЛЖИР» залында әйгілі тұтқындары, соның ішінде Лидия Русланова, Рахиль Плисецкая, Галина Серебрякова, Жанбике Шанина, Рәбиға Асфендиярова, Наталья Сац және т.б. туралы «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» тақырыбында дәріс оқыды (17 адам).

26 сәуірде зерттеу жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева «Зерде» залында «АЛЖИР» Тұтқыны – Янина Германович» тақырыбындағы слайд түріндегі көрмесі (13 адам) мен дәрісін (21 адам) ұйымдастырды. Оның күйеуі - Тодор Тодорович Кляшторный, белорус ақыны, халық арасында «Белорус Есенині» аталған, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған. Янина Михайловна Германович күйеуі тұтқындалғаннан кейін «АЛЖИР»-ге 8 жылға 4 айлық қызы Майямен жіберілді. Майя үш жаста Осакаров балалар үйіне жөнелтілді.

2019 жылғы 30 сәуір – 3 мамырда «АЛЖИР» залында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында слайд көрмесі (47 адам) мен дәріс сабағы (44 адам) ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасында тұратын әлем халықтарының салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері қойылған.

3 мамырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Ғасырларға созылған қасірет» тақырыбындағы көшпелі көрменің салтанатты түрде ашылуы ұйымдастырылды. Көрмені «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев пен Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Бекділдаұлы Болдыков ашты.

Көрменің ашылу рәсімі барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Көрме қонақтары үшін мұражай қызметкері Г. Төлепбергенова көрме бойынша экскурсия өткізді (180 адам). Іс-шара соңында мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығына мұражай ұжымы шығарған мұражайдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағын сыйға тартты.

Көрмеде «Ұрпақтар ұмытпайды» халықаралық жобасының қатысушылары мен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мұражай қорына табыстаған фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары ұсынылды. Олар: Хасен Нұрмұхамедов пен оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Мұхамедқали мен Шәкітай Тәтімовтардың, Шәкір мен Ғайнижамал Ғайсиндердің, Сұлухан Бағызбаеваның, Клара Брон және Ента Лихтенштейннің материалдар жиынтығы. Көрме «АЛЖИР» тұтқындарының жеке заттарымен толықтырылды: Қазима Алманиязованың сандығы, Мария Даниленконың 20-30-шы жылдардағы көйлегі, Бибіжамал Сырғабекованың көйлегі, Лидия Френкельге тиесілі «Голубой ларец» әтірін, Янина Германович лагерде 4 айлық қызы Майя Кляшторнаяны ораған көрпешесі, Мариам Лазаревна Анцистің «АЛЖИР» лагерінде жасалған, альбомға жапсырылған түпнұсқа кесте үлгілері, сонымен қатар Леон Нұрмұхамедовтың «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген анасы Кира Берсеневаға жазған хаттары және т.б. (180 адам).

6-8 мамырда«АЛЖИР» залында ҰОС Жеңіс күніне орай «Желбіре, жеңіс жалауы!» тақырыбында слайд көрмесі (55 адам) мен дәріс сабағы (45 адам) ұйымдастырылды. Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарының, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Бауыржан Момышұлы сияқты атақты ҰОС қатысушыларының фотоматериалдары қойылған.

16-18 мамырда «АЛЖИР» залында 18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күніне орай «Мұражайлар әлеміне саяхат» тақырыбындағы слайд көрмесі (98 адам) мен дәріс сабағы (82 адам) ұйымдастырылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының мұражайлары мен әлем мұражайларының фотосуреттері көрсетілген.

23 мамырда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаныңда және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында, сонымен қатар ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы қайғылы күндер мен оқиғалар туралы еске алу, тоталитаризм құрбандарына қатысты әділдікті қалпына келтіру және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында экспозициялық-көрме бөлімінің маманы А. Хасенова Нұр-Сұлтан қаласының техникалық колледжінің І курс студенттеріне, оның ішінде жетім балалар, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар (9 адам) үшін ақысыз негізде слайд көрмесін ұйымдастырып, «Бабасы мықтының баласы» тақырыбында дәріс оқыды (9 адам).

Көрмеде Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссары Хасен Нұрмұхамедов пен оның әйелі «АЛЖИР»тұтқыны Кира Берсеневаның,Қазақстанның Атқарушы Комитеті президиумының мүшесі Мұхамедқали Тәтімов пен оның әйелі «АЛЖИР» тұтқыны Шәкітайдың, Алматы облысы Кеген ауданының прокуроры Шәкір Ғайсин мен оның әйелі «АЛЖИР» тұтқыны Ғайнижамалдың, «АЛЖИР» тұтқыны Сұлухан Бағызбаеваның, Амторгтың төрағасы Саул Брон және оның әйелі «АЛЖИР» тұтқыны Клара Бронның, қоғам және мемлекет қайраткері Жанайдар Сәдуақасов пен оның әйелі «АЛЖИР» тұтқыны Елизавета Сәдуақасованың, Мемлекеттік банктің Добрушка бөлімшесінің директорыЛихтенштейн Севек (Сендер) пен оның әйелі «АЛЖИР» тұтқындары Ента Лихтенштейннің, КСРО Мемлекеттік Банкі директорының орынбасары Харин Соломон Михайлович пен оның әйелі  «АЛЖИР» тұтқыны Софья Зильбербергтің фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары қойылған.

23-30 мамырда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында және 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында «АЛЖИР»-дің бірегей жәдігерлері» көшпелі көрмесі (208 адам) мен дәріс сабағы (200 адам) ұйымдастырылды. Көрмеге 2017-2019 жж. мұражай қорына түскен фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар және 1930 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың жеке заттары қойылды.

Көрмеге қойылған материалдардың ішінде: «АЛЖИР» тұтқыны Лидия Френкельге тиесілі  «Голубой ларец» әтірі, жартылай шикі нан мен тұздан «АЛЖИР» тұтқындары жасаған миниатюралық жұмыстар, Евгения Опенько-Цойдың шағын мүсіні, Янина Германовичтің лагерде қызы Майяны ораған көрпесі, Янина Германовичтің лагерде жасаған белбеуі, Гүләндам Қожанованың қамзолы, Мария Даниленко мен Бибіжамал Сырғабекованың көйлегі, репрессия құрбаны Абдулахат Қадыровтың отбасы тұтынған кілемі, Жалаңаш көлінің маңайындпғы    қамыстар  және т.б.  

28-31 мамырда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында және 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Целиноград ауданының аудандық кітапханасында мұражай қызметкерлері ұйымдастырған «Рухани жаңғыру: Карлаг, «АЛЖИР» - Қазақстанның естелік орындары» көрмесі  (25 адам)  мен дәріс сабағы (25 адам) өткізілді.

Қуғын-сүргінге ұшыраған көптеген жазушылар, ақындар, ғалымдар, суретшілердің есімдері қалың жұртшылыққа осы уақытқа дейін белгісіз болып қалуда.

Тұтқындалғандардың арасында осындай кескіндеме шеберлері, Ляце.К, Әбілқасымов М.М, Осипенко А.И, Арент В.А. және т.б. болған. «КАРЛАГ: қапастағылар қаламынан» көрмесінде Карлагта мерзімін өтеген суретшілердің картиналары ұсынылған: «Реквием. Соло на трубе» картинаның авторы К.Ляце; «Расстрел у волчьих ворот» және «Ученики 30-х годов» картиналардың авторы Әбілқасымов М; «Ведут врагов народа» және «Тридцатые роковые» картиналардың авторы Осипенко; «37 жыл» бірінші бөлімі – «Жойылған тағдырлар», «Қарама-қарсы келу»; «Степлаг» және «Қанды жолы» триптихтерінің авторы В.А. Арент.

Көрмені ашу рәсіміне «Нұр Отан» республикалық партиясы Целиноград аудандық филиалының және Целиноград ауданы кітапханасының қызметкерлері, сонымен қатар Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің мұғалімдері қатысты.

4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «АЛЖИР» залында «Рәміздер – тәуелсіздік белгісі» слайд түріндегі көрмесі ұйымдастырылды.   

4 маусымда экскурсиялық-көрме бөлімінің экскурсия жүргізушісі К. Пархоменко келушілерге «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» тақырыбында дәріс оқыды.

13-14 маусым аралығында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдарындағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әдеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіру мақсатында репрессия құрбаны Санжар Асфендияровтың 130 жыл толуына орай «Санжар Асфендияров – ҚазКСР тұңғыш денсаулық сақтау халық комиссары» слайд түріндегі көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды.

Санжар Асфендияров – әскери дәрігер, мемлекет қайраткері, ҚазКСР тұңғыш денсаулық сақтау халық комиссары, ғалым, мемлекеттік медицина университетінің директоры, профессор. 1937 жылы 22 тамызда тұтқындалды. КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының шешімімен РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-1а-2-8-9-11 бап бойынша Алматы қаласында 1938 жылдың 25 ақпанында ең жоғары жазасына кесілді. Жұбайы Рабиға Әсфендиярова «отанын сатқан отбасының мүшесі» ретінде тұтқындалып, Отанын сатқан әйелдерінің Ақмола лагеріне 5 жылға мерзімін өтеуге жіберілді.

17-22 маусым аралығында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Елбасы Н.А. Назарбаевтың елді басқарғанына 30 жыл толуына орай «АЛЖИР» залында «Елбасы жолы ертеңге өнеге» слайд түріндегі көрмесі мен дәріс сабағы ұйымдастырылды. Аталған көрмеде Елбасының Казақ КСР Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы және тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президентіне дейінгі үкіметті басқарудың негізгі оқиғалары мен кезеңдері айқындалды.

18 маусымда экспозициялық-көрме бөлімінің экскурсия жүргізушісі Ә. Искендырова «Зерде» залында Зүфнұн Нұрмақованың 115 жылдығына орай  «Зүфнұн Нұрмақова – «АЛЖИР» тұтқыны» дәріс сабағын ұйымдастырды.  Күйеуі Нығмет Нұрмақов – кеңес мемлекеттік қайраткері, Қазақ КСРХалық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған. Зүфнұн Нұрмақова «отанын сатқан отбасының мүшесі» ретінде 8 жылға еңбекпен түзету лагеріне жіберілген.

23 маусымда зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Е. Саморокова «Алаш» залында Жүсіпбек Аймауытовтың 130 жылдығына орай «Жүсіпбек Аймауытовтың қайғылы тағдыры» тақырыбында дәріс оқыды. Жүсіпбек Аймауытов – ақын, жазушы, аудармашы, ғалым-педагог, 1930 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған.

FaLang translation system by Faboba