Ғылыми іс-шаралар
Ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттарының бірі ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстел мен кездесулер өткізу болып табылады.
Ғылыми іс-шаралар 2017 қаңтар
18 қаңтарда «Зерде» залында директордың әкімшілік және шаруашылық жөніндегі орынбасары Қ.Т.Дүйсекеев мұражай ұжымына «Заманауи терроризм. Негізгі бағыттардың талдауы» тақырыбында дәріс оқыды.
20 қаңтарда «Зерде» залында техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері А.И.Аблякимова мұражай ұжымына «Жұмысшылар мен жұмыс берушілердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.
25 қаңтарда «Зерде» залында мұражайдың бас инженері С.И.Оршабеков мұражай ұжымына «Бейнебақылау жүйесінің қызметі» тақырыбында дәріс сабағын ұйымдастырды.
1 ақпанда қазақтың тұңғыш режиссері, драматург, қазақ ұлттық кәсіби театр өнерін қалаушылардың бірі, Қазақ кеңестік социалистік республикасының халық әртісі, 1938 жылдың 26 ақпанында тұтқындалып, ату жазасына кесілген Жұмат Тұрғынбайұлы Шаниннің ұрпағы Жанат Шанина жеке мұрағатындағы құжаттардың көшірмелерін мұражай қорына тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде: Жұмат Шаниннің мүшелік билеті мен Ішкі Істер Халық Комиссарына жазған өтініші, өз қолымен жазылған өмірбаяны, Жұмат Шаниннің әйелі Жанибике мен ұлы Раупбекпен түскен фотосуреті, Раупбек Шаниннің комсомол билеті мен музыка теориясына арналған дәптері, Жұмат Шаниннің Сәкен Сейфуллинге араб әрпімен жазылған хаты, Қазақ музыкалық театрдың көркемдік жетекшісі Жұмат Шанин қойған Мәскеудегі «Қыз-Жібек» спектаклінің алғашқы қойылымына арналған «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Москва тепло встретила первое выступление» мақаласы.
7 ақпанда мұражайдың сайтына Марий Эл Республикасының Йошкар-Ола қаласынан хабарласқан Галина Яковлевна Фетисова зерттеу бөлімінің қызметкерлеріне 1938 жылы Отанын сатқандардың мүшесі ретінде 8 жылға тұтқындалған «АЛЖИР» тұтқыны Изабелла Степановна Киселева туралы материалдар бар екенін айтты. Изабелла Степановна лагерден босатылып шыққаннан кейін баратын жері болмай жүргенде, Қазан вокзалында Я. Г. Фетисованың анасын кездестіріп, сол отбасында 40 жыл өмір сүрді. Ол 1986 жылы қайтыс болды. Галина Яковлевна мұражай қорына И.С. Киселева туралы қысқаша ақпарат жіберді.
16 ақпанда Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырған бір күндік тренингке мұражай қызметкері Б. Са-ханова қатысты. Тренинг барысында көпжылдық өтілі бар профессионалды журналистер мен РR-менеджерлер ұйымдарды жайғастыру негіздері туралы, бұқаралық ақпарат құралдарымен коммуникация қағидасы туралы, ақпарат беру, жазылған пресс-релиздер мен әлеуметтік желідегі жұмыстар жайында сөз етілді. Тренинг Metropolitan Business School бизнез мектебінде өтті.
19 ақпанда Израильде Хайфа қаласында тұрып жатқан «АЛЖИР» тұтқыны Мариам Лазаревна Анцистің немересі Татьяна Борисовна Шевченко мұражайға анасы Валентина Шевченконың «Счастливое детство» кітабын пошта арқылы жіберді. Сонымен қатар Татьяна Борисовна «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында 2017 жылдың 29 мамырында өткізілетін «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысатынын хабарлады.
27 ақпанда мұражай қызметкерлері «EXPO-2017: болашақ энергиясы» атты Халықаралық көрмесінің аясында Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жастар сарайы» спорт кешенінде ұйымдастырған Астана қаласы әкімдігінің мәдениет мекемелері қызметкерлерінің арасындағы «Көңілді старт» спорттық жарысқа қатысты. Жарыс соңында мұражай ұжымы Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Астана қаласының кәсіпшілер одағы ұйымының бастапқы төрағасы С.К. Иманқұлованың атынан спорттық жетістіктері үшін дипломдармен марапатталды.
28 ақпанда экспозиция және көрме бөлімінің маманы Г. Төлепбергенова Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті кітапханасында әлеуметтік-мәдени жобалардың ұйымдастыруымен өткен «Алғыс айту күні Қазақстан халқы бірлігінің нышаны іспеттес» дөңгелек үстелге қатысып, «Қазақ еліне тағзым» (26-шы нүктеде тағдырлары түйіскен өзге-ұлт өкілдерінің қазақ еліне алғысы) тақырыбындағы баяндамасын оқыды.
2 наурызда Астана қаласындағы «Шейх Кунта Қажы» мешітінің Бас имамы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және Жезқазған қаласының құрметті азаматы Жақияқажы Абдоллаұлы Исмаилов пен Айбасова Арайлым «Зерде» залында мұражай ұжымына «Теріс пиғылды діни ағымдар мен дәстүрлі ислам дінінің арасындағы қайшылықтар» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.
13 наурызда «АЛЖИР» тұтқыны Ирина Людвиговна Столярскаяның қазіргі таңда Мәскеу қаласында тұратын немересі Нина Владимировна Саруханова мұражай қорына жеке мұрағатының отбасылық фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттарын тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде: 30-шы жылдардағы Ирина Столярскаяның құрбысымен бірге түскен фотосуреті, Альфред Карлович Бем-Столярский мен Ирина Людвиговна Столярскаяның ақтау туралы анықтамалары, Альфред Бем-Столярскийдің тұтқындалғанға дейінгі фотосуреті мен туу туралы куәлігі, Альфред Карлович жұбайы Ирина Людвиговна мен қызы Данута Столярскийлердің отбасылық фотосуреті, Данута Столярскийдің туу туралы куәлігі мен жас кезіндегі фотосуреті мен Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтын тәмамдағаны туралы дипломы, сонымен қатар қуғын-сүргін құрбанының қызы ретінде саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккені туралы анықтамасы.
8 сәуірде Ақмол ауылы жаппай диктант штабының хаты бойынша қор директоры Ольга Ребковецтің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін «Жаппай диктант» білім беру акциясы «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде ұйымдастырылды. Жаппай диктант бүкіл әлем бойынша 800 қалаларда өткізілуде, соның ішінде Қазақстан Республикасының 8 қаласы мен Ақмол ауылында. Білім беру акциясына жас ерекшеліктері шектелмеген барлық қатысушылар қатыса алады. 2017 жылғы Жаппай диктант мәтінінің авторы –орыс жазушысы, сценарист, тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты Юзефов Леонид Абдрамович.
19 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында өткен жиналысында мұражай директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады.
29 сәуірде «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Сенбілікте мұражай ғимаратының терезелері жуылып, Алаш бағының аумағы қоқыстан тазартылды.
3 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында мұражай ұжымы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 72 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы № 44813 әуе қорғаныс күштерінің әскери бөлімі мен Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің «Қаһарман» тобымен бірлесіп «Елін қорғау – ерге серт» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Ақмол ауылының тыл және ауған соғысының ардагерлері мен Қазақстанға жер аударылғандар қатысты. Іс-шара соңында қонақтар «Алаш» бағы аумағында орнатылған әскери шатырдан әскери боткадан дәм татып, Ұлы Отан соғысы жылдары құрбан болғандарды еске алды.
4 мамырда жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «КАЗтелефильм» «Тәуелсіз продюсерлік орталығы» ЖШС Қазақстан Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша ұйымдастырған «АЛЖИР. Қармен жуылған қан» көркем телевизиялық фильмінің тұсау- кесері «Сарыарқа» сауда орталығындағы № 5 Kinopark-те өтті. Көркем фильмінің түсіріліміне мұражай мамандары Р. Жаксыбаева, Г. Төлепбергенова және Е. Саморокова қатысты. Бұл фильм 7 мамырдан бастап Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларының барлық кинотеатрларында көрсетілді. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында бес бөлімнен тұратын фильмнің толық нұсқасы «Қазақстан» телеарнасында көрсетілді.
11 мамырда «АЛЖИР» тұтқыны Наталья Борисовна Воронкованың ұлы Андрей Иванович Богданец жеке мұрағатынан Иван Федорович Богданец пен Наталья Борисовна Воронкованың неке қию туралы куәлігін, Украина прокуратурасының И.Ф. Богданецтың ақтау туралы анықтамасын, «АЛЖИР» тұтқындары Н.Б. Воронкова мен К.И. Мальцеваға арнап «Мария» қорының басқарма төрағасы С. Лаптеваның «Мария»: День за днем» мақаласын мұражай қорына тапсырды.
18 мамырда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні қарсаңында зерттеу жұмысы бөлімінің жетекшісі Л. Әбдірахманова «Еңбек даңқы» медалімен, сонымен қатар мұражай қызметкерлері Б. Саханова, А. Искендирова, Р. Қажыбаева, Қ. Айдосов, С. Бектібаев Астана қаласы мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы С. К. Иманқұлованың алғыс хатымен марапатталды.
18 мамырда Халықаралық мұражайлар күніне орай «АЛЖИР» мұражайында ашық есік күні өтті. Осы күні келушілер үшін «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша тегін экскурсиялар ұйымдастырылып, «АЛЖИР»-дың ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
18 мамырда Халықаралық мұражайлар күніне орай «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің ұжымы Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттандыру басқармасы мен Мәдениет үйі және Ақмол ауылы № 5 орта мектебімен бірігіп «Музейдегі түн» іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында мұражай қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен өткен оқиғаны жаңғырту және «АЛЖИР» лагері тұтқындарының өмірінен алынған сахналық көрінісін ұйымдастырды. Көрініс әйелдерді қарсы алу, соның ішінде аяғы ауыр келіншектер мен балаларды күзетші айдауымен вагоннан күштеп түсіру, вагон ішіндегі көрініс – әйелдер бармақтарын қан аққанша тістеп, сол қанмен қағаз бетіне хат жазады, хатты орап вагонның тесіктеріне тастайды. Барактағы көрініс – Осакаровтағы балалар үйіне жіберу үшін НКВД қызметкерлері әйелдердің балаларын тартып алды. Іс-шараға БАҚ құралдары қатысты. Оларға кофе-брейк ұйымдастырылды. «Музейдегі түн» іс-шарасы барлық БАҚ құралдарында, әлеуметтік желілерде және электронды ақпарат порталында жарияланды.
20 мамырда мұражай аумағында сенбілік өткізілді. Қызметкерлер мұражай мен «Алаш» бағының аумақтарын қоқыстан тазартты.
22 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында «Несгоревшая свеча» конференциясы өтті. Конференция қатысушылары – Білім басқармасының әдіскері Қ.Қ. Адинаева және Астана қаласы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері жаппай саяси қуғын-сүргінге арналған баяндамаларын оқыды.
23 мамырда Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай мұражай қызметкерлері Астана қаласының әкімі Ә.Исекешевтің алғыс хатымен Э. Аяғанова, Ж. Ергельдинова мен А. Бораш, сонымен қатар, Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттандыру басқармасының бастығы Б. Б. Мажағұловтың алғыс хатымен А. Хасенова мен Б. Рахимова марапатталды.
29 мамырда Ақмол ауылының Мәдениет үйінде Астана қаласының әкімдігі мен Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің ұйымдастыруымен мұражайдың 10 жылдығы мен саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» Халықаралық жобасы өткізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсат – саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен Қазақстанға жер аударылғандардың, ХХ-шы ғасырдың 30-50-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін тақырыбын зерттеушілердің естеліктері негізінде ұрпақтардың сабақтастығын көрсету.
Іс-шара қатысушылары – Қазақстаннан, алыс және жақын шет елдерден келген ұрпақтар, Қазақстанға жер аударылғандар, тарихшылар және саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеушілер, Қазақстан Республикасындағы аккредиттелген елшіліктер мен Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, шығармашыл зиялы-қауым, музей қызметкерлері, БАҚ және т.б. Жоба аясында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарымен кездесу, «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағының тұсаукесері, ұрпақтардың қатысуымен «Қақ айырылған жұлдыз» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі және «Алаш» бағында алма ағаштарын отырғызу, сонымен қатар мұражай экспозициялары бойынша ақысыз түрде экскурсия ұйымдастырылды.
Конференция барысында Астана қаласы әкімінің және Целиноград ауданы әкімінің орынбасарлары, Қазақстаннан, алыс және жақын шет елдерден қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтар баяндама оқып, «АЛЖИР» тұтқыны, ақын, Софья Солунованың лагерде жазған «Надо мной раскаленный шатер Казахстана» және Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің оқушысы А. Котенконың орындауында «Құрт – қымбат тас» өлеңдері оқылып, Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің оқушылары дайындаған «Зерде алауы» шағын спектаклі қойылды.
Ақмол ауылының «Малика» мейрамханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арнап ас берілді.
1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Хасен Нұрмұхамедовтың ұлы Леон Нұрмұхамедов мұражай қорына жеке мұрағатынан отбасылық түпнұсқа фотоматериалдарын, сонымен қатар, өзінің «АЛЖИР» лагерінде отырған анасы Кира Берсеневаға жазған хаттары мен салған суреттерін тапсырды.
«АЛЖИР» тұтқыны Мариам Лазаревна Анцистің немересі Татьяна Борисовна Шевченко мұражай қорына әжесінің альбомға жапсырылған лагерде жасалған кесте үлгілері мен Майя Шейнинаның атынан оның анасы Софья Зильбербергтің қолданған күлсалғышы мен жеке мұрағатының отбасылық түпнұсқа фотосуреттерін тапсырды.
Сәуле Қожықова мұражай қорына «АЛЖИР» тұтқыны Фатима Дивееваның шәлін тапсырды.
Гайсина Ғалия мұражай қорына оның анасы «АЛЖИР» тұтқыны Ғайнижамал Ғайсинаның қолданған «Зингер» тігін мәшинасы мен ағаштан жасалған тостағанын тапсырды.
1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, Алаш Орда жетекшілерінің бірі Мұхамеджан Тынышпаевтың немересі Елена Тынышпаева мұражай қорына 1925 жылы басылып шыққан «Материалы к истории киргиз-казахского народа» кітабын тапсырды.
Қазіргі уақытта келіп түскен материалдар өңдеуден өткізілуде.
31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде, мұражайдың 10 жылдығы және жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Алаш» залында қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесіп, Зерде қабырғасына гүл шоқтарын қойды.
31 мамырда Астана қаласында орналасқан «Ашаршылық құрбандарына» ескерткіші мен Зерде қабырғасына Астана қаласының, Ақмол ауылы мен Ақмола облысының тұрғындары мен қоғамдық өкілдерінің қатысуымен Астана қаласы әкімінің, Астана қаласы мәслихаты депутаттарының, қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары мен Астана қоғамы өкілдерінің, Ақмола облысы әкімдігінің атынан гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шара барысында мұражай ұжымы көрме залында «АЛЖИР»-дің бірегей жәдігерлері» көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Атырау, Ақтөбе, Екатеринбург және т.б. қалаларға іс-сапарлар нәтижесінде жинақталған, 1930 ж. қуғын-сүргін құрбандарының жеке заттары, фотосуреттері, мұрағаттық құжаттары мен заттай жәдігерлер қойылды.
Ақмол ауылының «Малика» мейрамханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына арнап ас берілді
.21 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында мұражай ұжымының Целиноград ауданы Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған Ақмола облысы дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-нің маманы Мейіржан Ерланұлы Нұрмұхамедпен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында маман мұражай қызметкерлеріне орталықтың негізгі жұмыс бағыттары мен экстремисттік ағымдардың түрлері туралы айтып берді.
26 маусымда зерттеу жұмысы бөлімінің жетекшісі Л.О. Әбдірахманова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Читающая нация в читающем мире» Халықаралық симпозиум жұмысына қатысты. Симпозиум қатысушылары: халықаралық мекемелердің өкілдері, дипломатиялық корпустың, ғылыми және шығармашылық қоғамының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, отандық және шетелдік кітапханалар мен мұражайлардың өкілдері, шетелдегі қазақстандық мәдениет орталықтары.
27 маусымда экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы «АЛЖИР» тұтқыны Зельда Кульбактың Израильде тұрып жатқан қызы Рая Кульбакпен байланыс орнатты. Мұражай қорына Рая Кульбак электронды пошта арқылы жеке мұрағатынан қуғын-сүргінге ұшыраған ата-анасының отбасылық фотосуреттерін тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде: Моисей және Зельданың тұтқындалғанға дейінгі фотосуреті (1930 ж.), Зельда Кульбактың босатылғаннан кейінгі түскен фотосуреті (1955ж.), Зельда Кульбактың өмірбаяны, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған, драматург, ақын, Моисей Кульбакқа арналған «Эй, возьмите меня с собой!» Шуламит Шалиттің очергінен алынған үзіндісі.
30 маусымда «Жастар ресурстық орталығы» ҚММ-мен «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің ұйымдастыруымен Ақмол ауылының Орталық алаңында «Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні және олардың заңсыз айналымы» акциясы аясында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты мен міндеті – салауатты денсаулық өмір салты идеясын насихаттау және жастар арасында физикалық белсенділікті, жастардың есірткіге қарсы ұмтылысы болып табылады. Іс-шара барысында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Нашақорлық – қоғамдық дерт» слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.
7 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері Л.Абдрахманова, Р.Жақсыбаева және С.Майлибаева Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында Астана қаласындағы Татарстанның мәдениет күніне орай өткен «Сохранение нематериального культурного наследия в Республике Татарстан и Республике Казахстан» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
19 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері А.Хасенова мен Т.Гусева Астана қаласында тұрып жатқан «АЛЖИР» тұтқыны Ксения Трофимовна Чупряеваның немересі Игорь Витальевич Демченкомен кездесті. Игорь Витальевич мұражай қорына әжесі Ксения Трофимовна Чупряеваның медициналық институтын тәмамдағаны туралы дипломын, әжесінің бас бостандыққа шықаннан кейінгі фотосуретін, өзінің анасы Татьяна Федоровна Чупряеваның фотосуретін, сонымен қатар, Ксения Трофимовна Чупряевамен бірге «АЛЖИР» лагерінде отырған 1938 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қалмақ ағартушысы Антон Мудренович Амур-Сананның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Капитолина Васильевна Гаврилованың фотосуреті мен оның «Хотелось жить и работать» атты өмірбаяндық кітабын тапсырды.
24 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері Л.Абдрахманова және Б. Саханова «Аржан» қоғамдық қордың ұйымдастыруы мен «Гараж» заманауи өнер мұражайының қолдауымен өткен семинарға қатысты. Семинарда зағип және нашар көретін, ақыл-ой дамуы бұзылған, сонымен қатар, есту қабілеті бұзылған келушілерге мұражайдағы қызмет көрсету мәселелері мен ерекшелігі туралы сұрақтар талқыланды.
5-15 тамыз аралығында мұражай қорын толықтыру мақсатында мұражайдың бас қор сақтаушысы Ж. Ергельдинова мен экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы Г. Төлепбергенова Алматы қаласына зерттеу іс-сапармен барып қайтты. Зерттеу жұмысы Алматы қаласы Ішкі Істер департаменті ақпараттық-талдау орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатында ұйымдастырылды. Алматы қаласы ІІД ақпараттық-талдау-орталығының арнайы мемлекеттік мұрағаты мұражай қорына «АЛЖИР» тұтқындарының түпнұсқа фотосуреттерін, тұтқындалғандардың анкеталары мен мұрағаттық анықтамаларын тапсырды. Алаш партиясының мүшесі, тұтқындалғанға дейін 1937 жылы Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау халық комиссариатының жоспарлау-қаржылау бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласындағы №5 емхананы алғаш ұйымдастырушылардың бірі және оның бас дәрігері болып қызмет атқарған, 1937 жылы 1 желтоқсанда тұтқындалып, 8 желтоқсанда ату жазасына кесілген Асылбек Сейітовтің немересі Қажымұрат Желдібаев мұражай қорына атасының фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін тапсырды. Сонымен қатар тұтқындалғанға дейін 1921-1922 жылдары Семей қалалық атқару комитетінің төрағасы, соңынан Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі, 1936 жылдан Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметтерін атқарып, 1937 жылы 19 тамызда ату жазасына кесілген Жұмағат Қожахметовтың жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны «отанын сатқандардың отбасы мүшесі» ретінде 8 жылға бас бостандығынан айрылған Гүлбайрам Қожахметованың немересі Гүлнәр Асылбаева мұражай қорына атасы мен әжесінің түпнұсқа фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттарын, сондай-ақ әжесінің лагерде баласына арнап тіккен көкірекшесі мен лагерден босатылып шыққаннан кейінгі бас орамалын тапсырды. Биылғы жылдың тамызында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қорына көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Тұрар Рысқұловтың немересі Адель Рысқұлова әжесі Әрифа Есенғұлованың жеке мұрағатынан табылған төте жазумен жазылған жібек матаның кесіндісі мен апасы Сәуле Рысқұлованың лагерде мерзімін өтеген анасына туған күнімен құттықтап салған суретін тапсырды. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы жібек матаның кесіндісіндегі төте жазуды қазақ тіліне аударуда.
14 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында мұражай директорының орынбасары Қуат Төлеуұлы Дүйсекеев және Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғани Сауытбайұлы Сауытбай «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» тақырыбындағы дәріс сабағын ұйымдастырды.
15 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында мұражай ұжымының Целиноград ауданы Ішкі саясат бөлімі мен Целиноград ауданының жастар ресурстық орталығының қатысуымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау бойынша жиналысы өткізілді. Мұражай директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов кіріспе сөзін айтты. Сондай-ақ, «АЛЖИР» мұражайы директорының орынбасары Қуат Төлеуұлы Дүйсекеев және Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрлан Қабибұлы Беков баяндамаларын оқыды. Аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Ақанай Айтанұлы Айтбаев мұражай ұжымына «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жалпы қағидаларымен таныстырды. Мемлекет басшысы ұсынған қазақстандық қоғамындағы модернизация басымдылықтарын мұражай ұжымы толық қолдады.
16 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында мұражай ұжымына Жастар ресурстық орталығының маманы Нұрсұлтан Талғатұлы Әбдіғапаров Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» баяндамасын оқыды.
23 тамызда мұражай директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысып, Астана қаласында орналасқан Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
1 қыркүйекте «АЛЖИР» мұражайының ұжымы «Мектепке жол» акциясы аясында Целиноград ауданының Ақмол ауылында тұратын алты баланың анасы Сәуле Ширибекова мен жалғыз басты екі баланың анасы Майра Кобжановаға мұражайдың есебінен шығарылған және жөндеуден өткізілген «АСER» компьютерлерін табыстады.
14 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында мұражай ұжымы мен Ақмола облысы дiн iстерi жөнiндегi басқармасының «Халықаралық конфессионалды қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ҚММ-сi жанындағы ақпараттық-түсіндірмелі жұмыс бөлімінің маманы Зарина Рашидқызы Төлегеновамен кездесу өткізілді. Сондай-ақ «Бүлдіргіш жалған діни ағымдар мен ұйымдар қызметінің қауіп-қатері, мәні және көрініс нысандары» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.
15 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында Астана қаласындағы қоғамдық кеңесінің мүшесі Еркетаев Мұхтар Дүйсенұлымен кездесу өткізілді. Кездесуде кіріспе сөзбен «АЛЖИР» мұражайының директоры, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Мейрамбай Әскербайұлы Оралов сөз сөйледі. Кездесуге Целиноград ауданының зейнеткерлері, сонымен қатар Ақмол ауылының № 44813 әуе қорғаныс күштерінің әскери бөлімі қатысты. Кездесу барысында Мұхтар Дүйсенұлы «Қоғамдық кеңесінің жұмысы» тақырыбындағы баяндамасын оқыды және аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
16 қыркүйекте мұражай аумағында сенбілік өткізілді. Қызметкерлер мұражай мен «Алаш» бағының аумақтарын қоқыстан тазартты.
18 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Австрияның Вена университетіндегі Славистика институтының студенті Аппель Мариам жаппай саяси қуғын-сүргін тақырыбына байланысты зерттеу материалдары негізінде дипломдық жұмысты жазу мақсатында келді.
20 қыркүйекте «АЛЖИР» мұражайының директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде Астана қаласындағы № 3 балалар кітапханасының қызметкерлеріне жемқорлыққа қарсы дәріс сабағын оқыды.
22 қыркүйекте «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» идеясын жүзеге асыру аясында «АЛЖИР» мұражайы Целиноград аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалымен, Целиноград ауданының әкімдігімен ішкі саясат бөлімімен бірлесіп Целиноград ауданы әкімдігінің ғимаратында іс-шарасын ұйымдастырды. Дөңгелек үстел басында Целиноград ауданының әкімі М. С. Тәткеевпен ұйымдастырылған кездесуге ауданға ерен еңбегі сіңген және өскелең ұрпақ үшін үлгі болатын Банщиковтар отбасы - ауылшаруашылық әулеті, Абықайыровтар отбасы - ауылшаруашылық әулеті, ұстаздар әулеттері - Досмағамбетовтардың, Үсеновтердің, Жүкеновтардың отбасылары, Чмутовтар отбасы - коммуналдық қызметшілер әулеті, Иманқұловтар отбасы - қоғамдық тәртіп сақшылар әулеті және Сейдалиндер отбасы - ауылшаруашылық әулеттері қатысты.
25 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінде Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сапарұлы Төкеспайдың төрағалығымен жапон делегациясының мәдениет сұрақтары бойынша өткен кездесуіне «АЛЖИР» мұражайының директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов қатысты.
28 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында Целиноград ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау майоры Руслан Төлеуұлы Қоржымбаевпен кездесу өткізіліп, мұражайдың өрт кауіпсіздігінің негізгі ережелері талқыланды. Мұражайдың техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері Ж. Әмірғалиев «Өрт қауіпсіздігі және өрттің алдын алу» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.
28 қыркүйекте мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» лагерінде отырған еврей тұтқын-әйелдерінің тізімін жасап, Нью-Йорк қаласында орналасқан «Мы здесь» интернет-журналының бас редакторы, еврей кеңес ақыны, журналист және аудармашы Леонид Борисович Школьниктің атына жіберді. Басты мақсат – «МЗ» интернет-журналының беттерінде еврей тұтқын-әйелдерінің тізімін жариялауға көмектесу және Израильде тұрып жатқан «АЛЖИР» лагері тұтқындарының ұрпақтарын іздестіру.
28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысы бойынша ЖШС «Алуан-Қызмет»-нің ұйымдастыруымен экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің маманы С.Майлыбаева «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Қыркүйек айында Астана қаласының әкімдігі мен «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Ұрпақтар ұмытпайды» халықаралық конференция материалдары бойынша жаппай саяси қуғын-сүргіндердің басталғанына 80 жыл және «АЛЖИР» мұражайының 10 жылдығына орай жинағын жарыққа шығарды. Бұл жинаққа ХХ ғасырдың 30-50 жылдары жаппай саяси қуғын-сүргінін көрсететін ұрпақтардың, тарихшылардың, зерттеушілердің, сондай-ақ «АЛЖИР» мұражай қызметкерлерінің баяндамалары енгізілді.
2-4 қазандамұражай директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов Орал қаласындағы М. Мәметованың мемориалдық мұражайында Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлы даланың батыр қызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
5 қазандаэкспозиция және көрме жұмысы бөлімінің мамандары Б. Жалғасова мен А. Хасенова Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Алаш» ұлт – азаттық қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш қозғалысы – тәуелсіздіктің бастауы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференция барысында мұражай қызметкерлері мемлекеттік және орыс тілдерінде «АЛЖИР»-дің бірегей жәдігерлері» көрмесі мен дәріс сабағының тұсаукесерін ұйымдастырып, Хасенова Анар «Алаштың азап тартқан арулары» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Конференцияға Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылары, Теміртау қаласы әкімдігінің қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, тарихшы-ғалымдар, этно-мәдени бірлестіктерінің мүшелері, мұражай қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
6 қазандамұражай директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының ғимаратында өткен Алаш партиясының 100 жылдығына орай «Алаш: замандастар көзқарасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция барысында мұражай директоры «Репрессии против видных деятелей партии «Алаш» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.
17 қазандамұражай қызметкерлері Э. Аяғанова мен Б. Жалғасова Целиноград ауданы Мәншүк ауылындағы Мәншүк Мәметованың 95 жылдығына орай «Қазақ елінің батыр қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл» тақырыбындағы дөгелек үстелге қатысты. Іс-шара барысында Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі мен Мәншүк ауылының № 26 орта мектебінің оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама өткізілді. Экспозиция және көрме жұмысы бөлімінің жетекшісі Э. Аяғанова сөз сөйлеп, мектеп директорына мұражай қорындағы материалдар бойынша жинақталған «Елбасының бастамасымен ашылған еді» каталогы мен «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының "ALJПR. Qorqiniєti tьstey…. Kak strashnyi son…." естеліктер жинақтарын сыйға берді.
26 қазандамұражай директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасында өткен «Астана қаласының шеткі аймақтарындағы жастар мен жасөспірімдер-дің бос уақыттарын қамтамасыз ету» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
27 қазанда мұражай қызметкерлері Қ. Жанатова мен Ж. Әмірғалиев Целиноград ауданы ұйымдары арасында өткен «Күзгі бал» іс-шарасына қатысып, халық шығармашылығы конкурсы бойынша І орын және бидің орындалуына ІІІ орынды иемденді.
6 желтоқсанда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш партиясының мүшесі Жанайдар Сәдуақасовтың 120-жылдығына орай «Тағылымды тұлға» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға Жанайдар Сәдуақасовтың қарындасы, тарих ғылымдарының кандидаты Перизат Құрманқызы Сәдуақасова Жанайдар Сәдуақасовтың мемлекеттік және қоғамдық қызметі мен қайғылы тағдыры туралы айтып берді. Оның жұбайы Елизавета Сәдуақасова Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 8 жылға бас бостандығынан айырылып, «АЛЖИР» лагерінде жазасын өтеді. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Жанайдар мен Елизавета Сәдуақасовтардың баласы Рүстемді 1 жасынан Елизаветаның сіңлісі Надежда тәрбиеледі. Бүгінде Жанайдар Сәдуақасовтың шөберелері Пенза қаласында тұрады. Іс-шара барысында Перизат Құрманқызына Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 7 «А» сынып оқушыларының қойған сұрақтарына жауап берді (25 адам).