nauchnye-meropriyatiya-2016

Ғылыми іс-шаралар

Ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттарының бірі ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстел мен кездесулер өткізу болып табылады.

14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтымен бірігіп ұйымдастырған Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры М.Ә. Оралов қатысты.

15 қаңтарда «АЛЖИР» мұражайының экскурсия жүргізушілері туризм мәселелерін талқылау және Астана қаласының «Recommended by ЭКСПО-2017» әріптестік бағдарламасына кіру мақсатында «Астана Конвеншн Бюросы» ЖШС және «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастыруымен астаналық мұражай қызметкерлері мен гид-аудармашылардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты.

1 наурызда "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде Алғыс айту күніне орай кішігірім конференция ұйымдастырылды. Конференцияға ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты мен "АЛЖИР" мұражайының қызметкерлері қатысты.

13 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде Қазақстанға жер аударылған халықтардың өкілдері мен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдардағы қасіретті есте сақтау және тоталитаризм құрбандарына қатысты әділдікті қалпына келтіру, жастардың бойындағы патриотизм мен адамгершілікті қалыптастыру.

Кездесуге жер аударылған қырым татарлары А.И. Аблякимова, Ш.А. Смаилова, жер аударылған неміс отбасының қызы М.Г. Ходоровская, қуғын-сүргін құрбаны болған Қапан Мұхамеджановтың қызы Күлпараш Мұхамеджанова қатысты.

Қонақтар депортация жылдары қасірет көрген отбасылар туралы айтып берді. 1938 жылы 26 ақпанда ату жазасына кесілген, саяси бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарған, Күлпараш Мұхамеджанованың әкесі Қапан Мұхамеджанов туралы айтты.

Жер аударылғандар өкілдерінің балалық шағы, депортация жылдары қиын кезеңдерді бастарынан өткізген жанұялардың естеліктері кездесу қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Олар адамдар Қазақстанға мәжбүрлеп әкелінгенімен, олардың көпшілігі оны екінші отаным деп есептегенің айтты.

24 мамырда Астана қаласындағы «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» Монументінің жанында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету» дирекциясының ұйымдастырған іс-шараға «АЛЖИР» мұражайының директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов қатысып, сөз сөйледі.

26 мамырда мұражай қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайымен бірігіп ұйымдастырған «Мәңгілік ел: менің тағдырым ел тағдырында» азаматтық форумына қатысты. Форумның негізгі мақсаты – қазақстандықтардың тарихи санасын қалыптастыруына атсалысу.

27 мамырда мұражай маманы Cаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған ҚР Ұлттық мұражайы ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде, Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында ҚР Президенті әкімшілігінің, Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласы мәслихатының, Ақмола облысы мен Целиноград ауданы әкімдігінің және «Ақмола-Феникс» АҚ-ның, шетел елшіліктері мен этно-мәдени бірлестіктері өкілдерінің, сонымен қатар саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар мен Қазақстанға күштеп жер аударылғандардың ұрпақтарының қатысуымен Зерде қабырғасына гүл шоқтарын қою рәсімі мен еске алу митингісі өтті.

Митингте ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары – Мәскеу қаласынан келген «АЛЖИР»-дің бұрынғы тұтқындары Ксения Никольскаяның лагерде туылған қызы Татьяна Никольская және Мағрипа Қазбекованың немересі Зәуре Оспанова сөз сөйледі.

Сонымен қатар, 31 мамырда мұражай ұжымы Астана қаласының Республика мен Абай қиылысында орналасқан «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» Монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Астана қаласының әкімі, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қалалық мекемелері мен қала тұрғындары атынан «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» Монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

4 маусымда мұражай аумағында армян, белорус және украин этно-мәдени орталықтардың қатысуымен армян ұлтты әйелдеріне арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасындағы Арменияның Төтенше және өкілетті елшісі Ара Саакян Окопович және экскурсиялық-көрме бөлімінің меңгерушісі Р.Р. Жақсыбаева сөз сөйледі.

26 қыркүйекте мұражай ұжымы Целиноград ауданының әкімдігі, ішкі саясат бөлімі мен «Нұр Отан» партиясы Целиноград аудандық филиалымен бірігіп мұражайдың Зерде залында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамының идеясын ілгерілету бойынша «Еңбек династиясының» алғашқы форумын өткізді. Іс-шара қатысушылары, Целиноград ауданы мен Ақмол ауылында тұратын отбасылардың әулеттері өмірінің көп бөлігін арнаған еңбек қызметі туралы баяндап берді. Іс-шараға Целиноград ауданы бойынша ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері мен Ақмол ауылында тұратын жағдайы төмен отбасылардың балалары мен жасөспірімдері, сонымен қатар Целиноград ауданының ІІАБ есебінде тұрған жасөспірімдер қатысты.

20 қазанда Астана қаласындағы мемлекеттік қызмет департаментінің маманы А.Р. Рахматуллин «Зерде» залында мұражай қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.

25 қазанда Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толуына орай Қазақстан тарихшылары қауымдастығы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ұйымдастырған «Қазақстандағы желтоқсан (1986) көтерілісінің тарихи және халықаралық маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық кон-ференцияға экспозиция және көрме бөлімінің қызметкерлері қатысты. Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар, Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткерлері және ғалымдардың қатарында шет елдерден келген (Ресей, Голландия, Германия, Қырғызстан, Молдавия және т.б.), сонымен қатар шетел мемлекеттердің елшілері қатысты.

4 қарашада мұражай қызметкерлері мұражай аумағында көк шырша көшеттерін екті.

7 қарашада Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-өнегелілік құндылықтарды нығайту бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 4 тармақтарына сәйкес, балаларды жоспарлау мен тәрбиелеуге байланысты Ақмол ауылының жас отбасыларына психологиялық және консультативті көмек көрсету бойынша Целиноград аудандық емханасының психологі Л. М. Гадзиевамен кездесу ұйымдастырылды. Лейла Магомедқызы қызметкерлерге «Отбасылық психология негіздері» тақырыбында дәріс сабағын ұйымдастырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

8 қарашада мұражай ұжымы «АЛЖИР» мұражайының «Зерде» залында Астана қаласы мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы С. К. Иманқұловамен кездесу ұйымдастырды.

16 қарашада «АЛЖИР» мұражайы кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.Р. Жақсыбаева Астана қаласы мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы С. К. Иманқұлованың ұйымдастыруымен өткен «ҚР Еңбек кодексі. Ұжымдық келісім шарт» тақырыбындағы семинар жұмысына қатысып, семинарды табысты аяқтағаны туралы сертификат алды.

7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Зерде» залында мұражай қызметкерлері мен Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің оқушыларына Астана қаласы мемлекеттік мұрағаты құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің басшысы Балтабаева Бақыт Сапарқызы «Тәуелсіздік Қазақстан» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.

8 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің ұжымы «Зерде» залында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманы Галина Станиславовна Ареновамен кездесу ұйымдастырып, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі» тақырыбында Қазақстан Республикасы еңбек кодексі заңының ережелерінің негізгі баптарымен таныс болды.

13 желтоқсанда директордың әкімшілік және шаруашылық жөніндегі орынбасары Қ.Т.Дүйсекеев «Зерде» залында мұражай ұжымына «Экстремизм мен терроризмге – жоқ!», «Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекетке қауіп-қатер» тақырыбында дәрістер оқыды.

14 желтоқсанда мұражайдың бас инженері С.И.Оршабеков «Зерде» залында мұражай ұжымына «Бейнебақылау жүйесінің қызметі», «Мұражайдағы еңбекті қорғау ережелері» тақырыбында дәріс сабақтарын ұйымдастырды.

15 желтоқсанда техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженер А.И.Аблякимова «Зерде» залында мұражай ұжымына «Мәдени-ағартушылық мекемелердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында дәріс сабағын оқыды.

FaLang translation system by Faboba