nauchnye-meropriyatiya-2018

Ғылыми іс-шаралар

Ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттарының бірі ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстел мен кездесулер өткізу болып табылады.

22 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында өткен жиналысында мұражай директоры Мейрамбай Әскербайұлы Оралов Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтарында Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Бұл жолдау мемлекеттің ресурстары мен елімізді дамыту бойынша халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, өмір сапасының жоғары стандартын қамтамасыз етуге бағытталған. Жолдаудағы он түсінік пен нақты міндеттер 4.0. жаңа технологиялық тәртіптің барлық артықшылықтарын пайдаланатын, түбегейлі жаңа экономикалық модельге көшу бойынша нақты әрекет бағдарламасын көрсетеді. Қазақстандықтар қазақстандық кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыруды жеделдетуі тиіс. Атап айтқанда, музей қызметкерлері ашық ақпаратқа барша адамның қолы жетімді болу үшін музей қорында сақталып жатқан (түпнұсқа мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер мен заттай заттар) материалдарды сандық форматқа енгізу қажет.

22 қаңтарда «Зерде» залында мұражайдың бас инженері С.И.Оршабеков мұражай ұжымына «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» тақырыбында дәріс сабағын оқыды. Мұражайдағы өрт сөндіру қауіпсіздігінің негізгі ережелерін түсіндіріп, сонымен қатар еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының кіріспе нұсқамалығын өткізді.

29 қаңтарда «Зерде» залында директордың әкімшілік және шаруашылық жөніндегі орынбасары Қ.Т. Дүйсекеев мұражай ұжымына «Бейнебақылау жүйесінің қызметі» тақырыбында дәріс сабағын оқыды. Мұражайды бейнебақылаумен жабдықтандыру мұражай келушілеріне бүтіндей қауіпсіздік кепілгері болып табылатынын айтты.

14 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында мұражай ұжымы мен Ақмола облысы дiн iстерi жөнiндегi басқармасының «Халықаралық конфессионалды қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ҚММ-сi жанындағы ақпараттық-түсіндірмелі жұмыс бөлімінің маманы Малика Ғарифоллақызы Аппасовамен кездесу өткізілді. Сондай-ақ, ол «Қазақстан Республикасының заңнамасында діни қызмет және діни бірлестіктер» тақырыбында дәріс сабағын ұйымдастырды. Дәріс сабағына 12 адам қатысты.

19 ақпанда «Зерде» залында мұражайдың техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері Ж. Әмірғалиев мұражай ұжымына «Өрт қауіпсіздігі және өрттің алдын алу» тақырыбында дәріс сабағын ұйымдастырды. Дәріс барысында Ж. Әмірғалиев кәсіпорындар мен ұйымдардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші кезектегі міндеті болып табылатынын айтты. Жұмыс орында мұражай қызметкерлеріне алғашқы өртке қарсы нұсқамалығын өткізді.

21 ақпанда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің экскурсия жүргізушілері Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен «Ел жүрегі – Астана» Қазақстан Республикасының Елордасы – Астананың 20-жылдығын мерекелеу аясында өткен «Экскурсиялық жұмыстардың қазіргі жай-күйі және оның мәдени мұраны насихаттаудағы орны» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Б. Саханова «АЛЖИР»-дің экскурсиялық және көрме жұмысы бөлімінің қызметі» тақырыбында баяндама оқыды. Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Кәрімтайұлы Сатубалдин ұйымдастырылған іс-шараға қатысқаны үшін мұражай қызметкерлеріне алғысын білдіріп, сертификат табыстады.

26 ақпанда «Зерде» залында директордың орынбасары Қ.Т.Дүйсекеев мұражай ұжымына жемқорлыққа қарсы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында Қ. Т. Дүйсекеев мұражай қызметкерлерін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Қазақстан Республикасының заңымен, «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен таныстырды.

26 ақпанда мұражай қызметкерлері «Ел жүрегі – Астана» Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығы шеңберінде Орбұлақ шайқасы жеңісінің 375 жылдығына орай Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар сарайы» спорт кешенінде өткен Астана қаласы әкімдігінің мәдениет мекемелері қызметкерлерінің арасындағы «Көңілді старт» спорттық жарысқа қатысты. Спартакиада соңында мұражай қызметкерлері жарысқа белсене қатысқаны үшін Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының атынан алғыс хаты мен дипломымен марапатталды.

15 наурызда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. «АЛЖИР» мұражайының директоры М.Ә.Оралов сөз сөйледі. Іс-шара барысында Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің оқушылары «Әсем ән мен тәтті күй» атты музыкалық шығармашылығын ұсынды, домбыраның сүйемелдеуімен өлеңдер айтты, ұлттық ойындарға қатысты, іс-шараға қатысқан қонақтар мұражай ұжымы дайындаған наурыз көжеден дәм татты (30 адам).

24 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің бірінші орынбасарының 2017 жылғы 14 наурыздағы тапсырмасына сәйкес Астана қаласында «Жасыл көпір» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Жер Сағаты» акциясына қатысты. Акция кезінде сағат 20:30-ден 21:30-ға дейін мұражайдың сыртқы аумағындағы жарықтар өшірулі болды. Мұражай қызметкерлері аталған акцияға арналған бейнеролик шығарды.

6 сәуірде адамдар көп жиналатын объектілерде өрт профилактикасын жандандыру аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені қызметкерлерінің бастамасымен мұражайдың аумағында Целиноград ауданы азаматтық қорғау гарнизоны көшіру элементтерін практикаға енгізу мен шартты өртті сөндіру бойынша су көзіне әскери техниканы орнату және өрт сөндіргіш құралдарды беру бойынша өрт-тактикалық оқу өткізілді.

Оқу аясында мұражай қызметкерлері мен шетелдік қонақтар мұражайдан көшірілді. Азаматтық қорғау қызметкерлері алғашқы өртті сөндіру бойынша тәжірибелік сабақ өткізді. Мұражай ұжымы көшіру бойынша практикалық курстан өтті, өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері практикада өрт сөндіру бойынша теориялық курсын игерді. 

9 сәуірде «АЛЖИР» тұтқыны Елизавета Тимофеевна Минышутинаның  қазіргі таңда Мәскеу қаласында тұрып жатқан шөбересі Мария Юрьевна Ермолаева мұражай қорына мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде: 1885 жылы туылған Елизавета Тимофеевна Минышутинаның атына жазылған тұтқындау сауалнамасы,  контрреволюциялық террористтік-диверсиялық топқа қатысқаны үшін 1937 жылы тұтқындалған Алексей Александрович Минышутиннің, 1880 жылы туылған, тергеу ісі бойынша айып тағу анықтамасы, Елизавета Тимофеевна Минышутинаның тұтқындау анықтамасы.

Елизавета Тимофеевна Минышутина 1885 жылы туылған, «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеп жүргенде 1942 жылы 57 жасында қайтыс болған. 

Сәуірде «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері 1920-1930 жылдары Әзірбайжанда саяси қуғын-сүргін мұражайын құру бойынша Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік Шекара Қызметіне қолдау көрсетті. Мұражай өткен ғасырдың ортасында Ішкі Істер Халық Комиссариаты, кейін КСР Әзірбайжан Министрлері комитеті жанындағы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің ғимаратында орналасады. Жертөлелер мен  ІІХК-ның ішкі түрмесі Әзірбайжанның жазықсыз жазаланған мыңдаған азаматтарының қатыгез тағдырларының куәгерлері болған. 2011 жылғы 31 мамырда мұражай аумағында «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген әзірбайжан-тұтқын әйелдерінің  рухына арнап ескерткіш тақтаның ашылуы барысында Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан Республикасының елшісі Закир Ариф оглы Гашимов  тапсырған  44 әзірбайжан әйелдерінің құжаттарын мұражай қызметкерлері сканерлеп, Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік Шекара Қызметінің электронды поштасына жіберді.

16 сәуірде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру сәтінен бастап бір жылдық аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында «Жастар ресурстық орталығы» ҚММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында «Generation talks» интелектуалды ойыны өткізілді. Талқылауға Қызылжар ауылынан және Қосшы, Талапкер ауыл аймақтардан оқушылар қатысты. Оқушылармен қатар ой қорытындысымен бөлісіп және сарапшылар Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К. Айтқожинова, ішкі істер саясат бөлімінің жетекшісі Ж.Е. Байдильдина, құрылыс бөлімінің жетекшісі Қанат Ағзамұлы, аудандық маслихаттың депутаты И. Саденова, білім бөлімінің әдіскері Д.К. Сәрсембекова және Родина ауыл аймағының әкімі  Б.А. Гадзиевалар қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық командалар дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.

21, 28 сәуірде «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Сенбілікте мұражай аумағы мен Алаш бағының аумағы қоқыстан тазартылды.

21-23 сәуір аралығында Астана қаласындағы  Елордалық туризм  қауымдастығы ұйымдастырған гид-экскурсия жүргізушілердің біліктілікті арттыру курсына мұражай қызметкерлері Б. Жалғасова мен С. Майлыбаева қатысты. Өткізілген орны: ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан «Wyndham Garden Astana» қонақ үйі. Астанада бірінші рет біліктілікті арттыру гид-экскурсия жүргізушілердің халықаралық дәрежедегі маманы, Түркиядағы экскурсиялық қызметінің заңы авторларының бірі Анталиядағы гидтердің қауымдастығы басқармасының мүшесі – Мұстафа Ялчынкая өткізді.

3 мамырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында  «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 – мамыр Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай «Жас ұландар – мақтанышы елімнің» тақырыбында «АЛЖИР» мұражайының ұжымы Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан»  республикалық мектебі мен Қазақстан Республикасы № 44813-ші әуе қорғаныс күштерінің әскери бөлімімен, сондай-ақ № 5 Ақмол орта мектебінің «Қаһарман» тобымен бірлесіп мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.       

Іс-шара барысында «Жас ұлан» мектебінің ұландары флэшмоб өнерін, № 44813-ші әуе қорғаныс күштерінің әскери сарбаздары концерттік бағдарламасын, сонымен қатар «Қаһарман» тобы жауынгерлік әдістік өнерін көрсетті. 

9 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің ұжымы Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Саттарұлы Тәткеевтің қатысуымен Ақмол ауылының Орталық алаңында Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 73 жыл толуына орай  ұйымдастырылған салтанатты іс-шарасына қатысты.

17 мамырда Астана қалалық филиалында «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ мұражай бастауыш кәсіподақ ұйымының хатшысы Б. Саханова есеп беру-сайлау жиналыстары бойынша өткізілген семинар-кеңесіне қатысты. Семинар барысында мәдениет және спорт саласында өзекті мәселелер қарастырылды.

18 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің аумағында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында, елордамыз Астана қаласының 20-жылдығы және Халықаралық мұражайлар күні қарсаңында «АЛЖИР» мұражайының ұжымы Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы мен Ақмол ауылының № 5 орта мектебімен, сондай-ақ Ақмол ауылының Аудандық Мәдениет Үйімен бірлесіп «Музейдегі түн» театрландырылған іс-шарасын ұйымдастырды.        

Іс-шара барысында мұражай қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен «АЛЖИР» лагері тұтқындарының өмірінен алынған сахналық көріністер көрсетілді: белгілі тұлғаның әйелі және кішкентай қызы жүрген пәтерді тінту, анасы мен қызының айырылысуы,  барактағы көрініс – тұтқындалған қазақ әйелі неміс әйелінің баласын емізуі, сол арқылы адамға тән емес жағдайда аналық сезім күші мыңдаған баланы аман алып қалғаны,  әйелдердің ауыр жұмыстан кейін ән айтуы, өздері  жазған өлеңдерін айтуы, балаларына арнап шұлық  тоқығаны және т.б. Іс-шара барысында Астана қаласындағы Ұлттық өнер университетінің І курс студенттері, актриса Меруерт Өтекешованың шәкірттері қойған қойылымда әйелдер Жалаңаш көлінің маңында қамыс орғанын, олардан бау жасағанын, күзетшілер оларды жұмыс істеуге айдағанын, дене күшін қолданып және қарумен қорқытқанын көрсетті. Ақмол ауылы Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері ұсынған концерттік бағдарламада «Ассоль» би тобы ұжымының қатысушылары 1937 жылғы вальс биін орындады.

Концерттік бағдарламадан кейін мұражай қызметкерлері ХХ ғасырдың 30-50-шы жж. жазықсыз қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және қайғы мен қасірет символы ретінде аспанға қағаз әуе шарларын ұшырды.

Осы іс-шара БАҚ-да, әлеуметтік желілер мен электронды-ақпараттық порталдарында жарияланды.

18 мамырда Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен Халықаралық мұражайлар күніне орай ұйымдастырылған Қазақстанның мұражайлар Қауымдастығының салтанатты ашылуына мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев қатысты. 

21 мамырда Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай мұражай қызметкерлері  Е. Саморокова мен Б. Рахимова Мәдениет және спорт басқармасының бастығы Б. Б. Мажағұловтың алғыс хаттарымен марапатталды.

22 мамырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына орай экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы

Р. Жақсыбаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақ әуендері» АҚ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өткен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» І фестиваліне қатысты.

24 мамырда мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күресте зардап шеккен адамдарды ақтау және мәңгі есте қалдыру жөніндегі «Каһармандар» Республикалық Қоғамдық қордың салтанатты ашылуына қатысты. Іс-шара барысында Самат Ілиясұлы «Астана – өткені, бүгіні мен келешегі» тақырыбындағы баяндамасында Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының  қалыптасуы мен  туралы айтып берді. Сөз соңында мұражай директоры  республикалық Қоғамдық қорына мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» және «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының "ALJПR. Qorqiniєti tьstey…Kak strashnyi son" естеліктер жинағын  табыстады. Іс-шара барысында«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігіүшін күресте зардап шеккен адамдарды ақтау және мәңгі есте қалдыру жөніндегі «Каһармандар» республикалық қоғамдық қоры арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде еңбек ынтымақтастық туралы келісім шарт жасалды.

24 мамырда Израильде Хайфа қаласында тұрып жатқан «АЛЖИР» тұтқыны Мариам Лазаревна Анцистің немересі Татьяна Борисовна Шевченко анасы Валентина Муллер-Шевченконың 1960-1980 жж. «халық жауының қызы» деп танылған кезеңге арнап жазған өлеңдерін мұражай қорына тапсырды.

29 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев Қазақстан  Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырған  «Қасіретті жылдар тағылымы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара барысында мемориалдың директоры «Память о них жива…» тақырыбындағы баяндамасында «АЛЖИР» тұтқындары туралы айтып берді. Дөңгелек үстелге белсене қатысып, музейдің ғылыми-ағартушылық қызметіне  үлесін қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

29 мамырда мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев              С.Сейфуллин музейінің 30   жылдық мерейтойына арналған «С.Сейфуллин  музейі – ел шежіресі»  Республиклық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференция қорытындысы бойынша С. Сейфуллин музейі шығарған жинақта мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаевтың «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені – ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдардағы  жаппай террор құрбандарына арналған бірегей ескерткіш» тақырыбындағы мақаласы шықты.  Конференцияға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

30 мамырда мұражай қызметкерлері Э. Аяғанова және Г. Төлепбергенова Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Жанайдар Сәдуақасовтың 120-жылдығына арналған конференцияға қатысты. Конференция барысында мұражай қызметкерлері 1938 жылы қуғын-сүргін құрбаны болған, әділет халық комиссары, Қазақ АКСР-ның қаржы халық комиссары, талантты зерттеуші, қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың өмірі мен қызметі арналған «Тағылымды тұлға Жанайдар Сәдуақасов» тақырыбында слайд көрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды.

5 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты арасында жасалған еңбек ынтымақтастық туралы келісім шарт аясында институттың қызметкерлері мұражай қорындағы «АЛЖИР» тұтқындарына қатысты мұрағаттық құжаттармен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар мұражай қорына институт шығарған 22 кітап тапсырды.

20 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі департаментінің қызметкері Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырған дәріске қатысты.

1 тамызда Целиноград ауданының 90-жылдығын мерекелеу аясында Ақмол ауылындағы Аудандық мәдениет үйінде ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында мұражай директорының орынбасары К.Т. Дүйсекеев және экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Р.Р. Жақсыбаева мерекелік медальдерімен, сондай-ақ, экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің жетекшісі Аяғанова Э. Е. мен экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Төлепбергенова Г. Ш. құрмет грамоталарымен марапатталды.

     17 тамызда Ақмол ауылының Орталық стадионында Целиноград ауданының 90 жылдығын мерекелеу және «Ақ бидай-2018» аудандық спартакиаданың ашылу рәсімі өтті. Мұражай қызметкерлері Э. Аяғанова, Г. Төлепбергенова, Ж. Ергельдинова, Е. Саморокова, А. Хасенов және К. Пархоменко театрландырылған сахнада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы «Отанын сатқандардың отбасы мүшелері» ретінде тұтқындалған әйелдердің рөлін орындады.

23 тамызда экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің мамандары Г. Төлепбергенова мен А. Хасенова ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Астананың мәдени мәтіні» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференция барысында мұражай қызметкерлері «Ұрпақтар есінде» тақырыбындағы көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Ұрпақтар ұмытпайды» халықаралық жобасының қатысушылары мен қуғын-сүргін құрбандарының  ұрпақтары табыстаған Хасен Нұрмұхамедов пен оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Мұхамедқали мен Шәкітай Тәтімовтардың, Шәкір мен Ғайнижамал Ғайсиндердің, Сұлухан Бағызбаеваның, Клара Бронның, Ента Лихтенштейннің фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары ұсынылды.

23 тамызда ынтымақтастық аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында  мұражай ұжымы мен «Аналар рухы»  мешітінің имамы Әбілхан қажы Балтаұлымен кездесу өткізілді. Кездесуді ұйымдастырудағы мақсаты – діни экстремизмді алдын алу бойынша дәстүрлі діндерді жандандыру мақсатында дәстүрлі діндердің тарихын ақпараттандыру туралы, деструктивті қызметтің шешімдерінің мәнін ашу, сондай-ақ, дәстүрлі дін тарихын насихаттау. Дәрісте діни ұйымдардың идеяларының таралуын алдын алу бойынша ұсыныстар талқыланды.

Дәріс барысында мешіттің имамы діни фактордың теріс әсерін бейтараптандыру адамдардың санасына және психикасына қандай шара қолдану қажет екенін айтып, мұражай қызметкерлерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

5 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында Қазақстан халқының тілдері күніне орай орыс тілді мұражай қызметкерлері арасында «Тіл – мемлекет тірегі» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты – ұжым ішінде мемлекеттік тілді білуді кеңейту және насихаттау. 

Сайыс басында ҚР мемлекеттік әнұраны орындалып, содан соң қатысушылар қазақ тілінде өзі туралы айтып берді, мемлекеттік тілде тақпақтар оқыды, бір-біріне сұрақтар қойды, әріптерден сөздер құрастырды. Іс-шара соңында директордың орынбасары Қ.Т. Дүйсекеев қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттарды табыстады (15 адам).  

7 қыркүйекте «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай 2018 жылғы 5-18 қыркүйек аралығында өткен онкүндік аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ Целиноград ауданының кітапханасымен бірге «Нұр Отан» партиясы Целиноград аудандық филиалының ғимаратында Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына орай «Алты алаштың ақиық ақыны – Мағжан» атты тақырыптық ақындық сағатын ұйымдастырды. Мұражай қызметкерлері Э. Аяғанова мен Г. Төлепбергенова іс-шараға қатысып, 1938 жылы атылған және бірнеше рет қуғын-сүргін құрбаны болған ақынның тағдыры туралы айтып берді.

2018 жылғы 7 қыркүйекте Отбасы күні қарсаңында және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында Ақмол ауылында тұратын жас және 30,40,50 жыл отасқан отбасылардың қатысуымен «Отбасы – отанымыздың ошағы» іс-шарасы ұйымдастырылды (30 адам).

Аға ұрпақтың өкілдері  жас отбасылармен отбасылық өмірдің құпияларымен бөлісіп, қиындықтарды қалай жеңгендерін және  отбасылық ошақты қалай сақтағанын айтып берді.

Іс-шара соңында дөңгелек үстел  қатысушылары «Алаш» бағында ағаш отырғызды.

12 қыркүйекте бас қор сақтаушы Ж. Ергельдинова және экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы музей ісі жөніндегі Көркемдік кеңес кезекті отырысының бағдарламасына қатысты. Бағдарлама барысында музей құндылықтарын тіркеудің автоматтандырылған жүйесін жасау, Қазақстан Республикасының музей қорларының 3D моделін құру, Қазақстан Республикасының мәдени мұрасының цифрландыру, музей жәдігерлерін цифрландыру және т.б. талқыланды. 

2018 жылғы 13 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында Целиноград ауданы «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бас маманы Нұрлан Бековпен мұражай ұжымының кездесуі өткізілді. Ол көрнекі материалдарды пайдалана отырып, «Жалған діни ағым түрлерінің байқалуы, қауіптілігі және мәні» тақырыбында  дәріс оқыды.

Дәріс сабағы барысында ұйымдарда бүлдіргіш діни ағымның таралуын алдын алу бойынша идеялар және ұсыныстар талқыланды.

Дәріс барысында Нұрлан Беков діни фактордың теріс әсерін бейтараптандыру адамдардың санасына және психикасына қандай шара қолдану қажет екенін айтып, мұражай қызметкерлерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

22 қыркүйекте мұражай қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Сенбілікте мұражай аумағы мен «Алаш» бағының аумағы қоқыстан тазартылып, сонымен қатар астыңғы қабаттың терезелері мен есіктеріне тазалық жүргізілді.

28 қыркүйекте «Көрме» көрме орталығында ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті  ұйымдастырған өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша мұражайдың техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері Ж. Әмірғалиев дөңгелек үстелге қатысты. 

27-28 қыркүйек аралығында мұражайдың кадр бөлімінің жетекшісі Н.Ш. Әбсадықова «Тілеп-қобыз сарайында» «Астана Өрлеу» ЖШС-нің ұйымдастыруымен өткен «Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу» тақырыбындағы интенсив-семинарына қатысып, сертификатқа ие болды.

8 қазанда «АЛЖИР» тұтқыны Софья Марковна Зорьканың қазіргі таңда Киевте тұрап жатқан шөбересі Сергей Пильчук мұражай қорына мұрағаттық құжаттардың көшірмелері мен қуғын-сүргінге ұшыраған арғы атасы мен арғы әжесінің фотосуреттерін электронды пошта арқылы тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде: 1957 жылғы 12 сәуірде Софья Марковна Зорьканың ақтау туралы анықтамасының көшірмесі, 1958 жылғы 4 наурызда Василий Ефимович Зорьканың ақтау туралы анықтамасының көшірмесі, Софья Марковна Зорьканың босатылғаннан кейінгі түскен фотосуреттерінің көшірмесі, Софья Марковна Зорьканың туғандарының ортасында түскен фотосуреттерінің көшірмесі.

9 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны    Раиса Моисеевна   Мамаеваның немересі, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының аймақтық техникалық кеңесшісі  Владимир Мамаев келді. Раиса Моисеевна   Мамаева – кеңестік шығыстанушы, қытайтанушы. Оның күйеуі – Иван Кирилович Мамаев Қытайдағы кеңес әскери кеңесшісі, майор, шығыстанушы, Қызыл ту Орденінің кавалері, 1937 жылы 5 желтоқсанда тұтқындалып, 1938 жылы 4 сәуірде түрмеде тергеу барысында қайтыс болды. Раиса Мамаева күйеуімен бірге тұтқындалып, КСРО Ішкі Істер Халық Коммиссариатының Ерекше Кеңесінің қаулысымен Раиса Мамаева «халық жауының әйелі» ретінде  8 жылға тұтқындалып, «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеді. Сапар барысында Владимир Мамаев мұражай қорына түпнұсқа хаттары мен құжаттарын тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде:  1939 жылы Раиса Мамаеваның «АЛЖИР» лагерінде Мәскеуге туысқандарына жазған түпнұсқа хаттары мен жеделхаттары, 1942 жылғы 30 тамыздағы КСРО НКВД-ның Ерекше Кеңесінің шешімі негізінде Раиса Моисеевна Мамаеваға қатысты істі тоқтату анықтамасы, 70-шы жылдары Талғат Бигельдиновтің мекен-жайына бағытталып жазылған хаттары, Раиса Мамаева босатылғаннан кейін Екі мәрте Отан соғысы Батыры атанған Талғат Бигельдиновтың өміріне арналған «Бигельдінің немересі – Талғат» повесімен жұмыс жасады.

10 қазанда директордың орынбасары К.Т. Дүйсекеев «Зерде» залында мұражай ұжымына «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» тақырыбындағы дәрісті ұйымдастырды. Дәріс барысында К.Т. Дүйсекеев қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экстремизм мен терроризм күрес көрінісінің басым бағыты болып табылады деп айтты.   

2018 жылғы 11 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында мұражай ұжымына өткен жиналысында мұражай директоры

Самат Ілиясұлы Тергембаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Талқылау барысында мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев қызметкерлерді жолдаудың мазмұнымен таныстырды. Талықлау барысында экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы С. Майлыбаева жолдаудың негізгі пунктеріне тоқталып ұжымның алдында баяндамасын оқыды. 15 адам қатысты.

2018 жылғы 12 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында мұражай ұжымына Целиноград аудандық филиалының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Рахим Жақиұлы Түлкібаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастырды.   

15 қазанда «АЛЖИР» тұтқыны Евгения Петровна Опенконың (Цой) қызы Надежда Степановна Хван мұражай қорына жеке мұрағатынан жеке заттарын тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде: Евгения Петровна Опенконың (Цой) босатылғаннан кейінгі туған-туыстары мен әріптестерінің ортасында түскен фотосуреттерінің көшірмелері, 70-ші жылдардағы анасының халаты, фарфордан жасалған сарафанда және орамал таққан қыздың мүсіні.  

18 қазанда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында  мұражайдың кадр бөлімінің жетекшісі Н.Ш. Әбсадықова және зерттеу жұмысы бөлімінің жетекшісі Л. Әбдірахманова Астана қаласының «Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ-сі ұйымдастырған қазақ әліпбиінен латын жазуына көшу мәселелері бойынша семинар жұмысына қатысты.

24 қазанда «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені» МКҚК директоры С.І. Тергембаев  пен Астана қаласындағы № 69 мектеп-гимназиясының директоры  К.К. Жүнісова арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде еңбек ынтымақтастық туралы келісім шарт жасалды.

30 қазанда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында «Ұлттың ұлы тұлғалары» тақырыбында әдеби кеші  ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың және 1937-1938 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Мағжан Жұмабаевтың және Сәкен Сейфуллиннің үздік шығармаларын Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің оқушылары оқыды.

Ақмол ауылының аудандық кітапхана қызметкерлері Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында жарыққа шыққан кітаптары мен жоғарыда аталған ақындардың көркем туындылар көрмесін ұйымдастырады. Іс-шара соңында қатысушыларға мұражайдың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba