2019 жылғы 6-9 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының қолдауымен «Аманат-«АЛЖИР»
Экспедицияны ұйымдастыру мақсаты – қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарымен кездесу, ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихын баяндайтын материал жинау, мұражай қорын толықтыру, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметін насихаттау.
Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен, оның ішінде Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссары мен АЛЖИР» тұтқыны Кира Ипполитовна Берсеневаның ұлы – Леон Хасенұлы Нұрмұхамедовпен, Яков Исаакович Крамер мен «АЛЖИР» тұтқыны Евгения Ефимовна Крамердің немересі – Наталия Анатольевна Григорьевамен, Курт Вильгельмович Августин мен «АЛЖИР» тұтқыны Клавдия Васильевна Августиннің қызы Марина Васильевна Кабаева (ұшқыш Марина Раскованың құрметіне есімін қойған) мен немересі Татьяна Валентиновна Гротовамен, сондай-ақ, қуғын-сүргін жылдары әкелері атылғаннан кейін аналарымен бірге Қазақстанға жер аударылған – Санкт-Петербург тарихи-ағартушылық құқық қорғау қоғамдық ұйымының басшысы Галина Израилевна Школьникпен, Маргарита Благовещенскаямен, Эльфрида Александровна Федосеевамен және Андрей Гордиковтармен кездесті.
Тәжірибе алмасу және мұражай қызметін насихаттау мақсатында мұражай қызметкерлері Ресей ұлттық кітапханасы «Қайта оралған есімдер» орталығының басшысы, Естелік кітабының редакторы Анатолий Яковлевич Разумовпен және Ресейдің саяси тарихы музейінің директоры Евгений Григорьевич Артемовпен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында музейлер арасында біріккен жоба, конференция, көшпелі көрме өткізу туралы меморандумға қол қойылды.
Санкт-Петербург қаласына ұйымдастырылған зерттеу іс-сапары барысында 150-ге жуық материал жинақталды.

FaLang translation system by Faboba