Іс-сапар барысында мұражайдың директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев және мұражай маманы Раиса Рамазанқызы Жақсыбаева «АЛЖИР» тұтқындарының ұрпақтарымен, оның ішінде Елена Соколова-Кандарелидің қызы мен немересі – Тина Кандарели мен Нино Кордзахиямен, Мария Левановна Хобуаның ұлы мен немересі – Леван Пименович пен Тинико Хобуамен, Чхеидзе-Хочолава Прасковьяның немересі – Майя Папавомен, Кира Андронникашвилидің жиендері – Мераб пен Кирамен ( тәтесінің құрметіне есімі қойылған); Маргарита Кверенчхиладзенің ұлы –Реваз Кверенчхиладземен. Сондай-ақ, Тбилисия мемориалының төрағасы – Гурам Соселиямен, Тбилисияның Ұлттық мұражайының бас директоры - Давид Лордкипанидземен, Грузияның кеңестік тарихын зерттеу зертханасының басшысы – Ираклий Хвадагианимен және т.б. кездесті. Іс-шара аясында «АЛЖИР» мұражайының қызметкері Р.Р. Жақсыбаева «Дороги, которые не выбирали» тақырыбында слайд түріндегі көрменің тұсаукесерін ұйымдастырды. Сонымен қатар, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмінің, «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» клипінің, «Қазақстан бізді біріктіреді», «Алаш»-«АЛЖИР» , «Елбасының бастамасымен ашылған еді», «АЛЖИР». Қорқынышты түстей» «Ұрпақтар ұмытпайды» атты музей басылымдарының тұсаукесерін ұйымдастырды. Іс-шара барысында «АЛЖИР» тұтқындарының ұрпақтары - Реваз Кверенчхиладзе, Кира Андронникашвили, Тина Кандарели және т.б. сөз сөйледі. Мераб Андронникашвили 2008 жылы Астананы және музейді көрген соң 2010 жылы жазылған Қазақстанның елордаға деген махаббат туралы «Астана жұлдыздары» атты ән орындады. Ұрпақтар өз сөзінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорына қуғын-сүргіндердің құрбаны болған ата-аналарының рухын құрметтеуге және мәңгі есте сақтауға бағытталған іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Аталған іс-шараға 60 адам қатысты. Қонақтарға мұражайдан естелік ретінде "Ұрпақтар ұмытпайды" атты саяси қуғын-сүргінқұрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді. Сонымен қатар, «АЛЖИР» тұтқындарының ұрпақтарына қазақша ою өрнектелген орамал мен тақия сыйға беріліп, ұлттық тағамымыз-құрт пен отандық тәттілерден дәм татты. «Аманат-«АЛЖИР» қоғамдық қоры мен «АЛЖИР» мемориалды-кешені Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының қорына Тбилиси қаласына зерттеу экспедициясын ұйымдастыруға, сонымен қатар, Грузияның кеңестік тарихын зерттеу зертханасының басшысы Ираклий Хвадагианиға, Тбилиси мемориалының төрағасы Гурам Соселия мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарына материалдарды жинақтауға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді. Аталған іс-сапар аясында 100-ге жуық материал жиналды, оның ішінде түпнұсқа фотосуреттер, хаттар, архивтік құжаттар, «АЛЖИР» тұтқындарының жеке заттары.