«АЛЖИР» тұтқыны Татьяна Павловна Ивинг-Афонина

 

1927 жылы Киев қаласындағы жеке меншік балет мектебін, 1929 жылы Ленинград қаласындағы балет класын  тәмамдаған.

1929-1930 жылдары Киев қаласындағы концерттік-эстрадалық бюроның балерина бишісі, 1930-37 жылдары Мемлекеттік музыка, эстрада және цирк бірлестігінде  балерина болды.

1937 жылы «халық жауының әйелі ретінде» жазықсыз қуғынға ұшырады. Оның күйеуі Авраменко (аты белгісіз), ұшақтарды шығару бойынша  инженер,  1937 жылы  «халық жауы» ретінде ұсталып атылған (ол көзі тірісінде күйеуі жайында айтпаған).

1943 жылы, лагерден  босатылып шыққаннан кейін,  Ақмола қаласында тұрды. Осы қалада әуелі  клубта, кейін В.И. Ленин атындағы теміржолшылар мәдениет сарайында қызмет жасап,  би үйірмесін ашты. Татьяна Павловна  32 жыл би үйірмесінің көркемдік жетекшісі болды.

Мәдени-ағартушылық қызметінің талантты ұйымдастырушысы, В.И. Ленин атындағы теміржолшылар сарайының алғашқы директоры, Қазақстан мәдениетінің еңбегі сіңірген қайраткері Борис Васильевич Афонинға тұрмысқа шықты.

1965 жылы Татьяна Павловнаға Кеңестер одағының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы берілді.

1981 жылы Татьяна Павловна зейнеткерлік демалысқа шықты.

 1995 жылы 21 қарашада Татьяна Павловна Афонина Акмола қаласында қайтыс болды.

FaLang translation system by Faboba