Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы Туризм және Өлкетану орталығы ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырған «Отан жолымен» қалалық қашықтық өлкетану жобасының нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы № 62 мектеп-лицейінің 8 «Ж» сынып оқушысы Даржан Дильманов «Татьяна Афонина – Қазақ КСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер» тақырыбындағы «Немеркнущие звезды» номинациясы бойынша І орынға ие болып, қалалық Білім басқармасының Дипломымен марапатталды.
Жоба аясында Татьяна Павловнаның көп жылдар бойы жанында болған, оған қызындай қамқор болған шәкірті Валентина Алексеевна Быковскаяның қатысуымен бейнетүсірілім түсірілді, өлкетану-зерттеу жұмысы жазылып, Валентина Быковскаяның жеке мұрағатының материалдары мен музей қорының материалдары негізіндегі көрменің тұсаукесері жасалды.
Валентина Алексеевна мұражай қорына Татьяна Афонина 70-80-жылдары пайдаланған әтірдің құтысын, пианиносының үстінде жатқан кестесі мен Татьяна Павловна би көйлектеріне өзі сатып алған әшекейлерді табыс етті.