2021 жылғы 27 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Оңтүстік Африка Республикасының Тұңғыш Президенті, Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның немересі Ндилека Мандела келді. Қонақты кіріспе сөз айтып директордың орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев қарсы алды. Ндилека Манделаға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді және мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» және «Алаш-«АЛЖИР» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді. Экскурсия соңында Ндилека Мандела музей ұжымына мазмұнды экскурсия және жылы қарсы алған үшін ризашылығын білдіре отырып, пікір кітабына алғыс жазып, сонымен қатар келген сапарынан естелік ретінде сыйлық табыстады.