nauchno-issledovatelskie-komandirovki-2018

Ғылыми іс-шаралар

Ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттарының бірі ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстел мен кездесулер өткізу болып табылады.

21-30 шілде аралығында мұражай қорын толықтыру мақсатында мұражай мамандары Г. Төлепбергенова мен С. Майлыбаева Алматы облысының Ішкі Істер Департаментінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары барысында 1937-1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткерлерінің жеке істеріндегі түпнұсқа фотосуреттерімен мұражай қоры толықты. Келіп түскен ақпараттың ішінде: қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның қайраткерлері, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мырзахмет Төлебаев, тұңғыш қазақ прокуроры Сүлеймен Есқараевтың тергеу кезінде қырынан және қарсы алдынан түсірілген фотосуреттері, тұтқындардың  сауалнамалары, мұрағаттық анықтамалары, жауап алу хаттамалары.

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатындағы жұмыс барысында қуғын-сүргін және ашаршылық тақырыбы бойынша мұражай қоры 1931-1933 жж. аштық құрбандарының естеліктері мен фотосуреттермен, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған  Ахмет Төлегеновтың қызы Бибігүл Төлегенованың әкесі туралы жазған естелктерімен толықты.

Зерттеу іссапар барысында мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» тұтқынының ұлы, қоршаудағы Ленинград тұрғыны, 1930 жылы туған Зельцер Михаил Ефимовичпен кездесдесті.  Әкесі – 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған, Томск қаласындағы құрылыс тресттің директоры Зельцер Ефим Маркович. Анасы – Лурье Брайна «халық жауы отбасының мүшесі» ретінде Еңбекпен түзеу лагеріне 5 жылға сотталып, өз мерзімін «АЛЖИР» лагерінде өтеген.

Михаил Ефимович Зельцер мұражай қорына қуғын-сүргінге ұшыраған ата-анасының және өз тағдыры туралы әңгімелеп  «М. Зельцер: Непрофессиональные раздумья. Всплески памяти на дневниковых страницах» авторлық кітабын, әкесі Зельцер Ефимнің 1929-1930 жж. түпнұсқа фотосуреттерін, анасы Лурье Брайн Соломоновнаның 1970 жж. бостандыққа шыққаннан кейін түскен фотосуретін, Л.Б. Соломоновнаның бостандыққа шыққаннан кейін ұлдары Рэм және Михаилмен 1948 жж.  түскен фотосуретін, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған ата-анасының мұрағаттық анықтамаларын тапсырды.

2018 жылғы 1-4 қазан аралығында  алдағы уақытта «АЛЖИР»  залын қайта құру және реэкспозиция жұмыстарына байланысты, сондай-ақ кәсіби тәжірибемен алмасу мақсатында Ресей Федерациясының Түмен қаласына зерттеу іс-сапары ұйымдастырылды. Мұражайдың бас инженері С.И. Оршабеков «Артемида Гласс» компаниясында мұражай жабдықтары мен сөрелерінің негізгі түрлерімен, мұражай залдарын жобалау, сонымен қатар мұражайлардың жарақтандыру техникалық түрлерімен танысты.

FaLang translation system by Faboba