2019
- 2008 год
- 2009 год
- 2010 год
- 2011 год
- 2012 год
- 2013 год
- 2014 год
- 2015 год
- 2016 год
- 2017 год
- 2018 год
- 2019 год
3 қаңтарда мұражай ұжымы Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетінің 4 курс студенті Динара Бекзатқызы Смағұлға «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстандық әйелдер (1920-1950 жж.») тақырыбындағы дипломдық жұмысты жазуға көмек көрсетті. Әдістемелік нұсқаулық түрінде мұражай кешенінің негізгі және ғылыми-көпшілік қорларындағы материалдар бойынша жинақталған «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының "ALJПR. Qorqiniєti tustey… Kak strashnyi son..." естеліктер жинағы мен қор материалдары бойынша жинақталған «Елбасының бастамасымен ашылған еді» каталогы берілді.
3 қаңтарда мұражай қорына қазіргі уақытта Мәскеуде тұратын Дроздовтар отбасының жақын досы Вадим Королев арқылы Александр Константинович пен Наталья Федоровна Дроздовтардың фотосуреттері келіп түсті. Александр Константинович Дроздов 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған, Блюхер маршал штабының әскери кеңесшісі болған. Жұбайы Наталья Федоровна Дроздова 1938 жылы 10 қаңтарда «отанын сатқан отбасы мүшесі» ретінде 8 жылға еңбекпен түзеу лагеріне жіберіліп, 1938 жылы 24 ақпанда Ақмола бөлімшесіне келді. Тапсырған материалдардың ішінде Александр мен Наталья Дроздовтардың тұтқынға дейінгі фотосуреттері мен қызы Тамараның анасы лагерден босатылғаннан кейінгі бірге түскен фотосуреттері, Наталья Дроздова мен оның қызы Тамараның жерленген жерінің фотосуреті бар.
Қаңтарда Марий Эл Республикасы Йошкар-Ола қаласынан Галина Яковлевна мұражай қорына «АЛЖИР» тұтқыны Изабелла Степановна Киселеваның архивтік құжаттарын тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде: Изабелла Степановна Киселеваға тиесілі 1947 жылғы еңбек кітапшасы, туу туралы куәлігі, Иван Алексеевич Киселев пен Изабелла Степановна Черниковская арасындағы неке қию туралы куәлігі, зейнеткерлік куәліктің түпнұсқасы, сонымен қатар философия ғылымдарының кандидаты, Марийск мемлекеттік университетінің философия және саясаттану кафедрасының оқытушысы Валерий Борисович Голубевтің «АЛЖИРская стужа» әңгімелер жинағы бар. Валерий Голубев Изабелла Киселевамен лагерден босатылғаннан кейін таныс болған және әңгімелер жинағының бір негізіне оның өмір тарихы кірген.
Изабелла Степановна Киселева 1938 жылы «отанын сатқан отбасы мүшесі» ретінде 8 жылға бас бостандығынан айырылып, еңбекпен түзеу лагерінде мерзімін өтеді. Босатылғаннан кейін ол мүлдем жалғыз қалды, баратын жері болмай жүргенде, вокзалда оны өзімен бірге тұруға шешім қабылдаған Я. Г. Фетисованың анасын кездестіреді. Осылай Изабелла Степановна Киселева Фетисовтардың отбасында 40 жыл өмір сүріп, 1986 жылы қайтыс болды.
12 ақпанда қазіргі таңда Канадада тұрып жатқан «АЛЖИР» тұтқыны Аракси Томасовна Малевичтің немересі Татьяна Сергеевна Воробьева мұражай қорына отбасылық архивінен тарих пәнінің мұғалімі, Ростов-на-Дону қаласы № 15 мектебінің директоры, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған атасы Владимир Александрович Малевичтің фотосуреті мен қайтыс болғаны туралы куәлігінің, Аракси Томасовна Малевичтың тұтқынға алынғаңға дейін фотосуретінің, еңбек кітапшасы мен ақтау туралы анықтамасының, Владимир және Аракси Малевичтердің ұлы Владимирдың фотосуретінің, қызы Ларисаның туылғаны туралы куәлігінің, сонымен қатар Владимир және Аракси Малевичтердің суреті салынған металл мойынтұмардың фотосуретінің көшірмелерін мұражайдың электрондық поштасына жіберді. Мойынтұмарды, құжаттар мен фотосуреттердің түпнұсқасын Татьяна Сергеевна мұражай қорына тапсыруға дайын екенін айтты.
Аракси Томасовна Малевич 1938 жылы 18 қыркүйекте «отанын сатқан отбасының мүшесі» ретінде 5 жылға еңбекпен түзету лагеріне жіберілген. «АЛЖИР»-де 1939 жылы 26 ақпанға дейін мерзімін өтеген. 1939 жылы 26 ақпанда қайтыс болды. «АЛЖИР» тұтқындарының бауырластар зиратында жерленген.
14 ақпанда мұражай ұжымы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Тарих» факультетінің 1 курс магистрі Мақпал Жәкияға «Карлаг аумағында құрылған қазақ ауылдарының тарихы» тақырыбындағы диссертациясын жазуға көмек көрсетті. Әдістемелік нұсқаулық түрінде мұражай қорындағы белорус ұлтты әйелдерінің материалдары ұсынылды, мұражай кешенінің негізгі және ғылыми-көпшілік қорларындағы материалдар бойынша жинақталған «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының "ALJПR. Qorqiniєti tustey… Kak strashnyi son..." естеліктер жинағы мен «Елбасының бастамасымен ашылған еді» каталогы және «Белорусские новости» онлайн-газетінің журналисі Адарья Гуштың «Как Сталин уничтожал женщин и детей. Репортаж из лагеря смерти «АЛЖИР» мақаласы берілді. Адарья Гуш мұражай қорында белорус ұлтты тұтқын әйелдерінің мұрағаттық құжаттарымен зерттеу жұмыстарын жүргізді.
25 ақпанда мұражайдың бас қор сақтаушысы Ж. Ергельдинова мен маман С. Майлыбаева Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өткен «Қазақстандық музей: жаһандану және ақпараттандыру дәуіріндегі идеялар мен шындықтар» атты «Open Space» үлгісіндегі (ашық кеңістік технологиясы) кәсіби сессия жұмысына қатысты.
Сессия барысында әлемдік мәдени кеңістікте өзара әрекеттесу мен интеграциялану тәжірибесі, музейлердің есепке алу қызметі, электрондық мәліметтер базасын қалыптастыру мәселесі, қор сақтау қызметі, ақпараттық ресурстарды ғылыми-қор жұмысында қолдану, музей топтамаларын жүйелендіру мен классификациялау тәжірибесі мен мәселелері. Ғылыми – зерттеу бағдарламалары және мәдени мұраны сақтау, музейдегі реставрациялау қызметі бойынша сұрақтар талқыланды. Сессия соңында мұражай қызметкерлеріне сертификаттар табысталды.
2019 жылғы сәуірде қазіргі таңда Канадада тұрып жатқан Татьяна Сергеевна Воробьева мұражай қорына отбасылық мұрағатынан әжесі «АЛЖИР» тұтқыны Аракси Томасовна Малевичтің мұрағаттық құжаттардың түпнұсқаларын тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде: Владимир Александрович Малевич пен Аракси Томасовна Мегерян арасындағы 1922 жылы 20 қаңтарда берілген неке қию туралы (куәлік) көшірмесі, Аракси Томасовна Малевичтің 1956 жылы 8 шілдеде нотариалды куәландырылған ақтау туралы анықтаманың көшірмесі, Аракси Томасовна Малевичтің 1915 жылы басталған еңбек кітапшасы, Владимир және Аракси Малевичтің қызы Лариса Малевичтің балалар үйінде тәрбиеленген жылдары туралы естеліктері.
Сәуірде «Музей» АЖ бойынша қабылдау актісі, түсім кітабы, материалдық-жауапкершілік сақтауға алу актісі, музей экспонаттарының инвентарлық кітабы, экспонаттардың қозғалысы, музей ішіндегі беру, беру актісі, қайтару актісі, уақытша сақтауға берілген заттарды қайтып беру, қалпына келтіруге тапсыру, қалпына келтіруден алу, заттарды есептен шығару кезеңдері бойынша мұражай қорындағы мәліметтерді енгізу жұмыстары жалғасуда.
13 мамырда Зикен Алишев мұражай қорына 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам және мемлекет қайраткері, Семей қазақ театрының директоры, жазушы, журналист, атасы Орымбек Бекұлы Бековтың өмірбаянын, ақтау туралы анықтамасының көшірмесін, 02.07.2016 жылғы «Орталық Қазақстан» газетінің № 105 (22 210) нөміріндегі «Қажырлы қайраткер немесе Бектің Орынбегі кім еді?» мақаласын және журналист, аудармашы, зерттеуші, драматург Думан Рамазанның «Қанатталды» пьесасын тапсырды.
24 мамырда Надежда Степановна Хван мұражай қорына анасы «АЛЖИР» тұтқыны Евгения Петровна Опенько-Цойдың 1972 жылы Сары ағаш шипажайында ҰОС ардагері, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлымен, 1988 жылы бауырларымен түскен және 1997 жылы Ақмола қаласында репрессия құрбандары ұрпақтарымен кездесуде түскен фотосуреттерін тапсырды.
29 мамырда «АЛЖИР» тұтқыны Валентина Грюнбергтің немересі Вера Константиновна Грюнберг-Иванникова отбасының досы мұражай қорына «АЛЖИР» тұтқыны Наталья Федоровна Дроздованың жеке заттарын тапсырды.
Мамырда «Музей» АЖ бойынша қабылдау актісі, түсім кітабы, материалдық-жауапкершілік сақтауға алу актісі, музей экспонаттарының инвентарлық кітабы, экспонаттардың қозғалысы, музей ішіндегі беру, беру актісі, қайтару актісі, уақытша сақтауға берілген заттарды қайтып беру, қалпына келтіруге тапсыру, қалпына келтіруден алу, заттарды есептен шығару кезеңдері бойынша мұражай қорындағы мәліметтерді енгізу жұмыстары жалғасуда.