2010 жылғы 31 тамызда мұражай аумағында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың қатысуымен поляк ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған Есткерткіш белгінің салтанатты ашылуы өтті.
2011 жылғы 15 мамырда мұражай аумағында Украина, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Польша және Ресей елшіліктері өкілдерінің қатысуымен украин ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған Ескерткіш белгінің ресми ашылуы өтті.
2011 жылғы 31 мамырда, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын Еске алу күні, мұражай аумағында Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Ғалымқызы Балаеваның қатысуымен Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан Республикасы елшілігі әзірбайжан ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған Ескерткіш белгісін ашты.
Іс-шара барысында Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Закир Арифоглы мұражай қорына әзірбайжан ұлтының 43 тұтқын-әйелдерінің мұрағаттық құжаттарын ресми түрде тапсырды.
2011 жылғы 7 қазанда мұражай аумағында Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайте ханымның қатысуымен литва ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған Ескерткіш белгінің ашылуы өтті.
2012 жылғы 23 тамызда мұражай аумағында Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасы елшілігі неміс ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған Ескерткіш белгісін ашты.
2013 жылғы 30 қазанда мұражайдың аумағында Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасы елшілігі «АЛЖИР»-де отырған кәріс ұлтының тұтқын-әйелдеріне арналған ескерткіш белгісін ашты.
2014 жылғы шілде айында Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігі «АЛЖИР»-де отырған француз тұтқын-әйелдеріне арналған Ескерткіш белгіні орнатты.
2014 жылғы 25 қыркүйекте мұражай аумағында Рига қаласының мэрі Нил Ушаковтың қатысуымен Қазақстан Республикасындағы Латвия Республикасы елшілігі «АЛЖИР» лагерінде жазасын өтеген латвиялық әйелдерге арналған ескерткіш белгісін ашты.
2015 жылғы қазан айында мұражай аумағында Қазақстан Республикасындағы Эстония және Армения елшіліктері «АЛЖИР»-де отырған эстон мен армян әйелдеріне Ескерткіш белгі орнатты.