Мұражай педагогикасы
Мұражай педагогикасы
- 2013
«АЛЖИР» мұражай қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі – кіші ұрпақтың тарихқа, өнерге және мұражайға жұмылдыруы болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін мұражай әкімшілігі Ақмол ауылының № 5 орта мектебімен бірігіп қызмет атқару туралы меморандум жасады.
Мұражай ұжымы балалармен іс-шаралар өткізуде. Мұражай педагогикасы барысында өткізілетін іс-шараларға Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің 6 мен 17 жас аралығындағы балалар белсенді қатысуда.
"АЛЖИР" мұражайы, адамдар және оқиғалар туралы ақпараттың дереккөзі бола отырып, балаларға әсерлі ықпал етеді, олардың ортақтастық және аяныш сезімін туғызады. Сонымен қатар, мұражай мәдениет білімін арттыруға көмек береді
.Оқушылар сабақта тарих, ел және қала туралы білім алса, ендеше білімдерін сабақтан тыс уақытта кеңейтумен бірге, олар өздерін зерттеуші, экскурсия жүргізушісі, мұражай қызметкері болып сынап көре алады.
Материалдарды жинау, өткен және өзге оқиғаларға қатысу мақсатында ең кішкентай балалармен байқаулар мен ойындар, ересек балаларға Ақмол ауылының тұрғындарымен кездесу, сұхбат өткізу тапсырылады.
4 наурызда Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің оқушылары 8 Наурыз, Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған 1-5 сынып оқушылар арасында мерекеге байланысты ең жақсы жазылған анаға хат және түрлі-түсті бояулармен салынған суреттердің байқауы өтті.
«АЛЖИР» азабын тартқан аналар» тақырыбындағы көрмеге балалардың жұмыстары қойылды. Байқауға қатысқан барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ең жақсы салынған сурет 5 «Б» сынып оқушысы Фельде Валерия танылды.
20 наурызда мектеп оқушылары «Қош келдің – Наурыз» атты ойын-сауық мерекеге қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды. Қатысқан барлық оқушыларға мұражай әкімшілігі сыйлықтар табыс етті.
27 наурызда мұражайда «Шебер қолдар» шығармашылық клубы ашылды. Бағдарлама мақсаты: безендіру және қолданбалы өнердің әр түрінде өзін көрсете алатын оқушыларды тұлға ретінде тәрбиелеу, өнер, тарих, мәдениет, дәстүрлерді тану барысында оқушылардың өзін-өзі дамыту, жетілдіру, тұрақты жүйелі қажеттіліктерді қалыптастыру.
22 сәуірде 1-4 сынып оқушыларына арналған «Бояулар сыры» атты мұражай бағдарламасы өтті. Бағдарламаны экскурсия жүргізушілері Шуленкова А. С. мен Искендирова Ә. М. қатысқан балаларды екі топқа бөліп, жарыс түрінде ойын өткізді. Балаларға сурет бояуының сиқырлы сырын слайд арқылы түсіндіріп, әңгіме құрды. Шара соңында қатысушыларға мұражай әкімшілігі атынан сынып құралдары табысталды.
22 тамызда «Зерде» залында Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай Астана қаласының «Сарыарқа» ауданының психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалары, олардың ата-аналары мен тәрбиешілердің қатысуымен «Тәуелсіз елім – тірегім» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның басында қонақтар ҚР әнұранын орындап, «Тарих – таным айнасы» бейнепанорамалы көрмені тамашалады. Көрмеден кейін экскурсия жүргізушілері балаларға ҚР Конституциясы, Мемлекеттік рәміздері туралы әңгіме өткізді. Іс-шара соңында балаларға мұражай әкімшілігі сыйлықтар табыстады.
20 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай № 5 Ақмол орта мектебінің 7-10 сынып оқушылар арасында «Дархан халықтың дана Абайы» атты байқау өтті.
Байқауға қатысушылар Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерінен үзінді оқып, қанатты сөздерге тоқталды. Қатысқан барлық оқушыларға мұражай әкімшілік атынан мақтау қағазы мен І, ІІ, ІІІ орындарға диплом, «Елорда» кітабы және сыйлық табысталды.
23 қазанда мұражайдың «Зерде» мәжіліс залында оқушылардың шы-ғармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, білім деңгейлерін кеңейу, тарих беттерін парақтау аясында Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің қазақ және орыс сынып оқушылар арасында «Қуғын-сүргін тарихына балалық көзқараспен» атты шығармашылық байқау өтті. Байқауда үздік жазылған шығарманы іріктеп алып мұражайдың баспасынан шығатын «Мұражай педагогикасы» кітапшасына басып шығарылып, алғыс хатпен марапатталды.
24 қазанда Ақмол ауылының № 5 орта мектептің 3 сынып оқушылар арасында «Күзгі жапырақтар» атты мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өтті. Бағдарламаны экскурсия жүргізушілері А. Искендирова мен А. Шулен-кова қатысқан балаларды екі топқа бөліп, күзгі тақырыпқа байланысты тақ-пақтар мен жұмбақтарын тыңдап, жарыс түрінде ойын өткізді. Шара соңында сынып жетекшісі Г.К. Ақанова оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталып, қатысушы балаларға мұражай әкімшілігі атынан сыйлықтар табысталды.
Мұражайда Целиноград ауданының білім бөлімінің өтініші бойынша ауданның озат оқушыларына тегін экскурсия ұйымдастырылды. Фарфоровый, Родина, Тастық, Төңкеріс, Оразақ, Қосшы, Максимовка, Талапкер, Тайтөбе ауылдарының озат оқушылары келді.
Балалар «Алаш», «АЛЖИР» және «Азаттықтың азапты жолы» залдары бойынша экскурсия тындап, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмін көрді.
8 қарашада Тілдер мерекесіне арналған «Дархан халықтың дана Абайы» атты байқау өткені жайлы Ақмол орта мектеп мұғалімі М. Түркешова жас ұрпаққа үлгілі тәрбие, терең білім алуына себепші болған мұражай ұжымына «Ақмол ақпаратты» аудандық газеті арқылы алғысын білдірді.
19 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қыз-меткерлері Қорғалжын ауданының Арықты және Кеңбетайық аулының орта мектептеріне «Сол бір зұлмат жылдар» тақырыбындағы слайд көрмесі мен «АЛЖИР тұтқындары» атты дәріс өткізді.
Сонымен қатар «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» атты деректі фильмі мен «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» клипін тамашалады.
10 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері Астана қаласының № 13 орта мектеп оқушыларына, сонымен қатар Мичурин қыстағындағы № 43 орта мектеп оқушыларына «Сол бір зұлмат жылдар» тақырыбындағы слайд көрмесі мен «АЛЖИР» тұтқындары» атты дәріс өткізіп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» атты деректі фильмі мен «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» клипін тамашалатты.
12 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» мәжіліс залында желтоқсан оқиғасына қатысушылары мен Ақмол ауылының № 5 орта мектеп оқушылар арасында «Желтоқсан қаһармандарына – тағзым» атты ел тәуелсіздігі үшін құрбан болған азаматтарды еске алу шарасы өтті. Кеш барысында 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында қаза болған қыршын боздақтардың рухына тағзым етіп, жалпы Тәуелсіздік туралы ұғым, азаттықтың бағасы турасындағы ой-пікірлерін ортаға салды. Мерекелік шара соңында «1986 жыл: Алаш перзенттері» атты деректі фильм ұсынылды.
- 2014
2014 жылғы наурызда мұражай ұжымы «Репрессия: балалар көзімен» атты шығармалар жинағын жарыққа шығарды. Кітапшада Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің оқушылары ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тарихына өз көзқарастарын білдіріп, ойлары мен жан толғаныстарымен бөлісті: «Біз – Қазақстан болашағымыз, тарихымызды ұмытпауымыз керек және қуғын-сүргін ешқашан қайталанбауы үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет».
Сонымен қатар, шығармалар жинағына Карлаг балаларының тізімі, балалар үйіндегі тәрбиеленушінің есептік карточкасы, қуғын-сүргінге ұшыраған балалардың оқу үлгерімі туралы құжаттардың көшірмелері, «АЛЖИР» тұтқындары мен балаларының хаттары мен суреттері, Л.Реинькованың «Детям матерей, ставших жертвами политических репрессий посвящается…» және ақын В.Гундаревтің «Слезами пропитана Малиновка» атты өлеңдері, «АЛЖИР» тұтқыны Лизико Кицмарашвилидің суреттері енгізілді.
Бұл жинақ мұражайға және балаларға да өте маңызды, өйткені ол өскелең ұрпақты ойлануға және саяси қуғын-сүргін деген күрделі тақырыпты түсінуге үйретеді.
22 желтоқсанда «АЛЖИР» мұражай қызметкерлері Ақмол ауылындағы № 5 мектептің 1-ші сынып оқушылары үшін «Тарих пен ертегі әлеміне жаңа жылдық саяхат» атты танымдық – сауық кешін ұйымдастырды. Балалар «Жаңа Жыл» -дың шығу тарихымен көрнекілік слайды арқылы танысты, сонымен қатар түрлі ойындар ойнап, жұмбақтар шешіп, тақпақтар айтып, әртүрлі сыйлықтарға ие болды.
- 2015
Ақпанда «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенінде Астана қаласы мен Ақмол ауылы мектептері бойынша 1-5 және 5-8 сынып оқушыларының арасында Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған суреттер сайысы жарияланды. Суреттердің форматы А-4 болу керек, суреттерді мұражайға сәуірдің 30-на дейін тапсыру қажет. Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік суреттерден мұражайдың «Зерде» залында көрме ұйымдастыру және кітапша шығару жоспарланып отыр.
6-17 наурыз аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 1-4 сыныптағы оқушылардың жұмыстары көрсетілген.
12 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің маманы Әлібаева М. Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы № 5 орта мектебінің 9 сынып оқушыларына «Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі» атты тақырыбында семинар-дәріс өткізді. Іс-шараның басты мақсаты: «Жасөспірімдер арасында нашақорлықты болдырмау және алдын алу шараларын ұйымдастыру». Оқушыларға нашақорлық туралы және оның пайда болу себептері туралы толықтай мәлімет берілді.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында нашақорлықтың пайдалану көрсеткіші жылдан жылға өсіп барады. Соның арасында кәмелеттік жасқа толмаған жастар да бар. Наркотикалық заттардың адам ағзасына қаншалықты зиян екені айтылды. Оқушылар белсенділік танытып толықтай қатысты. Бірлесіп өткізілген іс-шараға барлық оқушылар бірлесіп ат салысты. Қойылған сұрақтарға белсенділік танытып жауап берді. Берілген ақпарат оқушыларға жақсы әсер берді.- 2016
18 наурызда «АЛЖИР» мұражайының ұжымы Ақмол ауылының №5 орта мектебінің 5-11 сынып оқушылары мен «Малиновка» іздеу клубымен бірігіп «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында мерекелік-танымдық ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Ұлтымыздың ұлылығы – Наурыз» тақырыбында қосымша көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ұлттық киімдер мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, Ақмол ауылының оқушылары мен «АЛЖИР» мұражайы қызметкерлерінің балаларының суреттері, өз қолымен жасаған кестелері мен бұйымдары қойылды.
Подкатегории
Мұражайдың баспасөз қызметі
Мұражайдың баспасөз қызметі
ТМД елдері мен Қазақстан қалалары бойынша ғылыми экспедициялар барысында 13 мыңнан астам жинақталған материалдар негізінде журналдар, кітаптар, «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың ұрпақтарының естеліктер жинақтары жарыққа шықты.
Мұражай ашылған 2007 жылы қордағы фото және архивтік материалдар негізінде «Узницы «АЛЖИРа» кітабы жарық көрді.
Кітапта архивтік құжаттары мен куәгерлердің естеліктері бойынша әйел қасіреті, Ақмол лагеріндегі ана мен баланың қайғысы көрсетілген.