Мұражайдың қайырымдылық қызметі

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылғаннан бастап қайырымдылық қызметімен айналысуда.

1 маусымда Ақмол ауылының мүмкіндігі шектеулі балаларын және №14913 әскери бөлімше балаларын Астана қаласының «Джунгли» аниматроникстер театрына апару ұйымдастырылды.

24 наурызда Ақмол ауылының Мәдениет үйінде «Жас көрермендер театры» МКҚК және “Астана-Байтерек” әйелдер клубымен бірігіп, Наурыз мерекесіне орай іс-шара өткізді. Мерекеге мүмкіндігі шектеулі балалар, Ақмол ауылының №5 орта мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары шақырылды.

FaLang translation system by Faboba