Мұражайдың қайырымдылық қызметі

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылғаннан бастап қайырымдылық қызметімен айналысуда.

«Ақмола-Феникс» АҚ және Ақмол ауылы әкімінің аппараты балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

24 желтоқсанда Жаңа жыл қарсанында мұражайдың театр үйірмесі Ақмол, Оразақ және Қараөткел ауылдарының мүмкіндігі шектеулі балаларына «Жаңа жылды шаттықпен қарсаламыз, Азиаданы да күтеміз!» атты мерекелік қойылым ұйымдастырып, өткізді.

19 наурызда мұражайдың театр үйірмесі Ақмол ауылының мүмкіндігі шектеулі балаларына «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік қойылым ұйымдастырып, өткізді.

1 маусымда Ақмол ауылының Мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Тәтті шәй» ұйымдастырылды. Мұражай қызметкерлері балаларға сыйлықтар таратып, №5 Ақмол орта мектебінің оқушылары концерттік бағдарлама ұсынды.

FaLang translation system by Faboba