Мұражайдың қайырымдылық қызметі

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылғаннан бастап қайырымдылық қызметімен айналысуда.

10 ақпанда Целиноград ауданының Іскерлік әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жақсылық жаса. Твори добро» аудандық бірінші қайырымдылық кешіне мұражай қызметкері Г.Төлепбергенова қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қоғамның назарын аударту мен көмек көрсету, бір ауылда тұратын тұрғындардан мекен-жайға бағытталған қаражатты жинау, өмірде қиын жағдайға тап болған жандарға соның ішінде балалардың еміне.

Ақпан айында мұражай ұжымы 2017 жылғы 13 ақпанда Қараөткел ауылында тұратын өрттен зардап шеккен отбасыларға бір күндік айлық жалақысын аударды.

FaLang translation system by Faboba