Мұражайдың қайырымдылық қызметі.
«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылғаннан бастап қайырымдылық қызметімен айналысуда
В июне для детей сирот, а также из многодетных и малообеспеченных семей летнего лагеря «Жас Шуак»
Маусымда «Ақниет» Меншікті қордың қолдауымен Астана қаласы «Замандас 21» Қоғамдық қоры «Жас Шуақ» жазғы лагерінен әлеуметтік тұрмысы төмен (көп балалы, жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұялар, жетім-балалар, 120 адам) балалар келді. Оларға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» және «Азаттықтың азапты жолы» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
12 мая для детей из малоимущих и малообеспеченных семей а. Акмол на безвозмездной основе были проведены
12 мамырда мұражайға Ақмол ауылында тұратын тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасындағы балалар (15 адам) келді. Оларға «Алаш», «АЛЖИР» және «Азаттықтың азапты жолы» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі мен «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» клипі көрсетілді.
8-10 апреля для детей из неблагополучных семей Есильского района, организованном акиматом Есильского района и туристической фирмой «Круиз»
8-10 сәуірдея «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Есіл ауданы әкімшілігі мен «Круиз» туристік фирмасы ұйымдастырған Есіл ауданы бойынша жағдайлары төмен отбасында тұратын 5-11 сыныптағы балалар келді. Оларға «Алаш», «АЛЖИР» және «Азаттықтың азапты жолы» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі мен «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» клипі көрсетілді.