Мұражайдың қайырымдылық қызметі.

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылғаннан бастап қайырымдылық қызметімен айналысуда

6-7 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Астана – мейірімді қала» акциясына мұражай қызметкерлері қатысып, Астана қаласында тұратын мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік өнімдерін табыстады.

14 қыркүйекте «АЛЖИР» мұражайының ұжымы «Мектепке жол» бағдарламасы аясында Целиноград ауданының Ақмол ауылында тұратын жағдайы төмен көп балалы отбасы Жұмбиндерге «АСER» компьютерін табыстады.

5-7 сәуірде мұражайға Ақмол ауылында тұратын тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасындағы балалар келді. Оларға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі мен «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» клипі көрсетілді.

FaLang translation system by Faboba