Последние новости

28 «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» жобасы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мұражай маманы Меруерт Зайкенованың орындауында Абайдың 20-қара сөзі.

25 қазанда инстаграм, фэйсбук парақшалары мен ютуб каналында Нұр-Сұлтан қаласы №1 өнер мектебінің оқушылары Дамира Ахатова, Ақбота Баттал, Айша Жиянша, Әйгерім Омарова, Мария Безрукова, Сүлейма Мамышева, Дильназ Құсайынова, Анжелина Першина, Айзере Серікқалиева, Аруан Мәкеновалар мұражай қорына табыстаған жұмыстары негізінде жасалған бейнетүсірілім жарияланды.


Олар өз жұмыстарында «АЛЖИР» тұтқындарының өміріндегі қайғылы сәттерін: тұтқындалуын, балаларынан айырылуын, тұтқында сурет салу сәттерін бейнелеп берді.

28 қазанда өсіп келе жатқан ұрпақты Ұлы Далада болған тарихи оқиғалар мен қазақ даласында сегіз ғасыр бұрын құрылған Алтын Орда мемлекетінің тарихымен таныстыру мақсатында мұражай ұжымы Целиноград ауданының кітапханасымен бірлесіп жасаған «Алтын Орда – қазақ хандығының бабасы» бейнетүсірілімі жарияланды.

23 қазанда «АЛЖИР» мұражайының ұжымы Целиноград ауданының әкімдігімен бірлесіп «АЛЖИР» тұтқындары жерленген аумақта сенбілік ұйымдастырды.


Сенбілік барысында жиектер ақталды, қоршау жөнделіп, тұтқын әйелдерге арналған ескерткіш белгілер сырланды.

2020 жылғы 1 қазанда «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері Қазақстанға қоныс аударылғандар, бүгінде Ақмол ауылында тұратын Валентина мен Иван Дремельдерді, Раиса Аблякимованы Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, оларға азық-түлік пакеттерін табыстады.

"Отбасы - бақыт мекені" көрмесі (отбасы күніне орай)

«АЛЖИР» тұтқыны Шанина Жанбике

"Торғай Сүлейменова" слайд түріндегі көрме.

"Ұлы даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы" слайд түріндегі көрме (Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай).

FaLang translation system by Faboba