4 маусым күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай ҚР Қорғаныс министрлігінің «№ 44813 әскери бөлімі» РММ мен «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК бірлесіп «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты іс-шара өткізді. Мақсаты: отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді дәріптеу, патриотизмге тәрбиелеу. Іс-шара барысында балабақша бүлдіршіндері Отан туралы тақпақ айтты. Балаларға тәттілер үлестірілді, сарбаздарға музей экспозициясы бойынша экскурсия жүргізілді.
31 мая внучка узницы «АЛЖИРа» Турара Рыскулова Адель Рыскулова передала в фонд музея семейный альбом с уникальными фотографиями.





31 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатысушылар келіп, Зерде қабырғасына гүл шоғын қойды. Қонактарға «Алаш» және «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша ақысыз түрде экскурсия жүргізілді.




31 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, Зерде қабырғасына гүл шоғын қойды. Қасым-Жомарт Кемелұлы боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемлекет басшысына экспозиция және саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары музей қорына 2023-2025 жылдары тапсырған «АЛЖИР» тұтқындары Лотта Райсс, Мирра Бухина, Азиза Рысқұлова, Мағрифа Қазбекова және Зоя Сағдағалиеваның жеке заттары қойылған «АЛЖИР»-дің бірегей жәдігерлері» көрмесі бойынша экскурсия жүргізілді.




31 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі өтті. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы өз сөзінде сталиндік репрессия кезінде ұлтымыздың зиялылары, білімді, көзі ашық азаматтар жаппай қудаланғаны, мыңдаған адам халық жауы атанып, аяусыз азапталғаны, сотсыз атылғаны, ұлтымыз аз ғана уақыт ішінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сияқты мыңдаған ең асыл перзенттерінен айырылғаны туралы айтты.

30 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштері «Айбын» Президент Полкі 0112 әскери бөлімінің» сарбаздары келді. Оларға «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша ақысыз түрде экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.


28 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Германия Федеративтік Республикасының Бундесрат Президенті А. Релингердің жетекшілігімен делегация келіп, Зерде қабырғасына гүл шоғын қойды. Қонақтарға музей аумағында орналасқан ескерткіш нысандар бойынша ағылшын тілінде экскурсия жүргізілді.




20 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен өзара меморандумға отырып, бірлескен зерттеу жобаларын дайындау; зерттеу нәтижелері бойынша бірлескен ғылыми жарияланымдар шығару; ғылыми және әдістемелік әдебиеттер алмасу; бірлескен ғылыми конференциялар мен кеңестер ұйымдастыру;ғылыми зерттеулер мен білім беру деңгейін арттыру үшін өзара көмек және кеңес беру; уақытша көрме, дәріс, дөңгелек үстел ұйымдастыру сияқты бағыттарын айқындайды.
«АЛЖИР мемориалдық- мұражай кешені» техникалық жағдайларға байланысты өз жұмысын ағымдағы жылғы 28 мамырдан бастап жалғастырады. (24-27 мамыр күндері мұражай кешені жөндеу жұмыстарына жабылады).