Последние новости
24 сәуір күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде ​ ​ Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі телеэкспедиция аясында ​ 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған көрнекті мемлекет және қоғам ​ қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараның мақсаты - Алаштың арда ұлы, аса көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің есімін ұлықтау, оның ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру, ұрпағымызға ұлағат дарыту, ұлттық естеліктерді жаңғырту, сондай-ақ, қайраткердің жары Дәмеш Ермекова-Жүргенова және өзге де жазасын өтеген қайраткерлердің жарлары туралы тарихи деректер мен мәліметтермен бөлісу, рухтарына тағзым ету. Аталмыш шара Зерде қабырғасына гүл шоғын қою рәсімінен бастау алды. Директордың орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев кіріспе сөз айтты. Іс-шара барысында Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Т. Жүргенов «Қоғамдық қорының» төрағасы Аңсат Сәби Әбдіқадырұлы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Алиясқарұлы Көзейбаев, ардагер ұстаз, Темірбек Жүргеновтің туысы Марита Биназарқызы Қуанова, Т.Жүргеновтің келіні Гүлбарам Рақымжанқызы Ысқақова, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Қызылорда өңірлік комиссия мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары және философия ғылымдарының докторы Дәулет Кәрібайұлы Омаров сөз сөйлеп, қазақ мәдениеті мен әдебиеті, ғылымы мен білімін дамытуға зор үлес қосқан, өз ұлтының жарқын болашағы үшін күрескен, аса көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы баяндады. Т.Жүргеновтің кіші інісінің келіні Гүлбарам Рақымжанқызы Ысқақова Дамеш Жүргенова туралы айтты. Олар 1969 жылы танысып, ​ жақсы қарым-қатынаста болған. Дамеш Жүргенова – Қазақ КСР-на еңбек сіңірген дәрігер, 1938-1941 жылдары "АЛЖИР"-де ​ мерзімін өтеген. Гүлбарамның айтуынша, ол ақсүйек, білімді, мәдениетті, мейірімді және жанашыр әйел болған, өз зейнетақысынан Темірбектің інісінің отбасына көмектескен және 85 жасында миына ​ қан кетіп, қайтыс болған. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Сапар Әлияскарұлы Қөзейбаев музей Еуразиялық дизайнер одағының мүшесі, С. Айтбаев атындағы көркем сурет галереясының өнертанушысы Тұрсынбек Омаровтың қорына Т. Жүргеновтің бейнесі майлы бояумен салынған картинасын, "Музей – халық қазынасы", "Сырдың киелі ескерткіштері: мифтер, аңыздар, тарих", "Комиссар Жүргенов" кітаптарын және мұражай ұжымына іс-шараны өткізуге көмек көрсеткені үшін ​ алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, Самат Ілиясұлы мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағын сыйға берді. Іс-шара соңында қонақтарға «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені бойынша экскурсия өткізілді.
2023 жылы 5 сәуір күні Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Елорда музейлерінің қызметі туралы» тақырыбында Бірлескен мұражайлар Дирекциясы директорының орынбасары Самат Тергембаев брифинг өткізді. Баспасөз онлайн маслихатта «Атамекен этно-мемориалды кешені», «АЛЖИР» мұражайы, «Сәкен Сейфуллин» атындағы мұражайы, «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» мұражайларының бірлескені жайлы нақты ақпарат берілді. Сонымен қатар тікелей эфирде көрермендердің мұражайларға байланысты қойылған өзекті сұрақтарға жауап берілді.
2023 жылғы 16 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжімен бірлесіп Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – жыл басы» атты іс-шара ұйымдастырды. Наурыз мерекесінің басты мақсаты – қазақ жеріндегі бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қоршаған ортаға деген құрметті қатынасты қалыптастыру. Іс – шара қазақтың ұлттық мерекесі – Көрісу күнін көрсетуден басталды. Музей қызметкерлері С. Есімов, Қ. Дүйсекеев, Р. Жақсыбаева, Ш. Диярова, Ә. Сәлімжанова, Р. Брус, Қ. Бекмағанбетова, Ж. Мажитова, Г. Камышева, А. Аблякимова және колледж оқытушылары Т. Зайсанбаев, А. Шанбай, А. Бимырзаева, М Хамитова және М. Брянов бір-бірімен амандасып, жақсылық тілеп қана қоймай жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдірді. Бұл күн — «Адам аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні. Бұл күннің бір ерекшелігі – бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман шыққандықтарына тәубе келтіреді. Құт-береке мен молшылықты білдіретін «Шашу» ежелгі қазақ салт-дәстүрлерінің бірін Әмина Сәлімжанова мен Айше Аблякимова өткізді. Директордың орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев кіріспе сөзінде Наурыз мейрамында көрсетілетін дәстүрлер мен оның халықаралық деңгейі туралы айтты. Астана қаласы кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері – жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, оның ішінде Мақсат Серікұлы «Отаным Қазақ елі» әнін, Асқар Байған «Жоқ, жаным» әнін, Адия Сағатбек «Қазақстан» әнін, Сымбат Мошкалова, Әнел Нұржанова және Назлы Рахметтуллаева «Домбыра» әнін, Анель Нұржанова мен Әлия Мырзахметова «Япурай» әнін, Нұрасыл Батыржанұлы «Көктем» әнін орындады. Қарашаш Бекмағанбетова, Елена Саморокова, Әсем Ескендірова мен Гүлнұр Мейірханова қонақтарға мерекенің басты тағамы – «Наурыз» көжеден дәм татқызды. Мереке «Аунату» рәсімін көрсетумен жалғасты. Бұл рәсім "Малиновка" іздестіру тобының мүшесі – Ақмол ауылы жалпы білім беретін мектебінің 3 «г» сынып оқушысы Алрамин Абибулланың қатысуымен өткізілді. Ол сол кісіге ұқсап, жақсы адам болып өсу ниетімен құрметті қонақтың орнына отырғызылды. Мереке «Армрестлинг», «Қолтық жекпе-жек», «Жаяу тартыс» спорттық ойындарымен аяқталды.

"АЛЖИР" мұражай-мемориалды-мұражай кешеніне 1902 жылы туған, Қызылорда облысы Шилі ауданының тумасы, 1950 жылғы 27 тамыздағы Қызылорда облыстық сотының үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылып, РСФСР ҚК 58-10-бабының 2-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған Шеген Құдамановтың немересі Жадыра Өміртаева келді. Қонақтар үшін "Алаш", "АЛЖИР" залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, "АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы" деректі фильмі көрсетілді. Сапар барысында ол мұражай қорына қуғын-сүргінге ұшыраған атасының түпнұсқа фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттарын тапсырды.

14 ​ қыркүйек күні «АЛЖИР» музейінде Нұр-Сұлтан қаласында құқық бұзушылықтың алдың-алудың кешенді жоспары аясында Целиноград аудандық полиция бөлімімен бірлесіп «Заңдылық, құқық тәртібі және қоғамдық тәртіп» тақырыбында іс-шара өтті. Өткізу мақсаты – жастар арасында құқұқ бұзушылықтың алдын алу, жас ұрпақтың бойында құқұқтық сананы тәрбиелеу, өз бетінше шешім қабылау дағдаларын дамыту, жастар арасындағы құқұқтық сауаттылықтың жалпы деңгейін көтеру. Кездесу барысында жасөспірімдердің​ ісімен айналысатын​ инспектор, полиция капитаны ​ Бөлегенов Асхат Бақытұлы әкімшілік және қылмыстық заң нормаларын, соның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар туралы​ түсіндірді. Асхат Бақытұлы оқырмандарға оқу орнында және қоғамдық орындарда ережені ұстану, білімдерін жетілдіруге, адамгершілік және отбасы құндылықтарын басшылыққа ала отырып, заң талаптарын бұлжытпай орындауға сақтауға шақырды.
FaLang translation system by Faboba