15 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының төрағасы А. Р. Симонянның жетекшілігімен делегация келіп, «АЛЖИР» тұтқындарының рухына бас иіп, армян ұлтты әйелдерінің ескерткіш белгісіне гүл шоғын қойды. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.




10 сәуір күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Түркияның Анталия қаласынан филология ғылымдарыңың докторы (PhD), жазушы, аудармашы Ашур Өздемир, Стамбул қаласынан «Kam-Us Yayinlari» баспасының басшысы, жазушы, өнер академигі Айдемир Гүлтегин, Қырғызстаннан акын, журналист Елдар Атдокров, сондай-ақ қазақ ақындары Ерғожа Тілепбердиев, Гүлісхан Домалайқызы және Сәуле Шәтенова келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.



10 сәуір күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Алматы қаласынан «АЛЖИР» тұтқыны Зелипа Усербаеваның ұрпақтары келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.

28 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі делегациясы келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді, сондай-ақ мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
27 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Армения Республикасы Сыртқы істер министрі Арарат Самвелович Мирзоянның жетекшілігімен делегация келіп, «АЛЖИР» тұтқындарының рухына бас иіп, армян ұлтты әйелдерінің ескерткіш белгісіне гүл шоғын қойды. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша ақысыз түрде экскурсия жүргізіліп, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді. Сонымен қатар, қонақтар «АЛЖИР» лагерінің тұтқындары жерленген жерде армян ұлтты әйелдерінің ескерткішіне гүл шоғын қойды.
20 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Саха (Якутия) Республикасы мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Иванович Ноев келді. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Сонымен қатар, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
14 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігі аясында Целиноград ауданы "Жастар" ресурстық орталығы мен Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжімен бірлесіп Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – жыл басы» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара қазақтың ұлттық дәстүрі – Көрісуден басталды. Музей қызметкерлері "Жастар" ресурстық орталығының кызметкерлері мен кәсіптік-техникалық колледжінің мұғалімдері мен студенттерімен көрісіп, амандасып, жақсылық тілеп қана қоймай жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдірді. Құт-береке мен молшылықты білдіретін «Шашу» ежелгі қазақ салт-дәстүрлерінің бірі өткізілді. Астана қаласы кәсіптік-техникалық колледждің мұғалімдері Төребек Нығметұлы және Толғанай Әйтімбетқызы халық әндерін орындап, студенттер – жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар «Бес асық», «Ләңгі», «Жаяу тартыс» спорттық ойындар ойнады.
14 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі және Астана қаласындағы мекемелер арасында өткен «Ата салтым – асыл қазынам» атты байқау аясында «Көрісу» және «Біз шаншар» дәстүрлерін көрсетті. Мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ұмытылып бара жатқан көне дәстүрлерімізді қайта жаңғырту. Бұл күні музей қызметкерлері әділ қазы алқасымен көрісіп, амандасып, жақсылық тілеп қана қоймай жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдірді. Бұл күн — «Адам аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні. Бұл күннің бір ерекшелігі – бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман шыққандықтарына тәубе келтіреді. «Біз шаншар» рәсімі үйлену рәсімдерімен байланысты әдет-ғұрыптардың бірі болып табылады. Бұл рәсімнің мәні – құрметті жастағы ақсақал қонақтардың үйінде бізді көрнекті жеріне қадап, сондай-ақ үй шаруашылықтары қайрақтың жоғалып кеткенін байқайды. Бұл екі зат күнделікті өмірде өте қажет. Егер қыздың ата-анасы қайрақты қайтаруды сұрамаса, бұл құдаларды жіберуге болатындығын білдірді. Осындай ерекше тәсілмен біздің ежелгі ата-бабаларымыз балаларды үйлендіру арқылы туылуға ниет білдірді. Сонымен қатар, іс-шара барысында халық әндер орындалып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды, сондай-ақ мерекелік дастарқан жайылды. Музей ұжымы «Ата салтым – асыл қазынам» атты байқауына белсенді қатысқаны үшін Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.