nauchno-issledovatelskie-komandirovki-2010

Ғылыми экспедициялар

Ғылыми экспедициялар«АЛЖИР» мұражайының ғылыми-зерттеу қызметінің бір бөлігі ғылыми-іздеу мен экспедициялық жұмыстары болып табылады.

Мұражай ашылған 2007 жылы, Алматы қаласына алғашқы іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» тұтқындары Уәзипа Күленова мен Мария Даниленкомен және Ілияс Жансүгіровтың балалары Саят пен Ильфамен, Қазақстанның тұңғыш банкирі Төребек Османовтың қызы Заремамен, сондай-ақ Тұрар Рысқұловтың қызы Сәулемен кездесу ұйымдастырылды.

9-22 қаңтар аралығында мұражай қызметкерлері Санкт-Петербург қаласына іс-сапармен барып қайтты. Іс-сапар барысында Ресей Федерациясының еңбегі сіңген суретшісі, Гулагтың бұрынғы тұтқыны Савелий Лапицкиймен кездесу ұйымдастырылды. Ол мұражай қорына графикалық жұмыстары мен «Дорога в никуда», «Расход без учета», «Убивай, но я останусь», «Сталинская пирамида» және т.б. саяси плакаттарды тапсырды.

12-19 маусымаралығында Ақтөбе қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Зерттеу жұмысы тарихи-өлкетану мұражайы мен облыстық мұрағатында ұйымдастырылды. Жазушы, Мұхаметжан Тынышпаевтың қызметінің зерттеушісі Иван Николаевич Мирошниченко және «АЛЖИР» тұтқыны Ғалия Құрманованың ұлы Шанхай Усманов мұражай қорына архивтік құжаттарды тапсырды.

26 маусым-3 шілде аралығында Алматы қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Зерттеу жұмысы ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайында, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінде, ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатында Амангелді Иманов, Карлаг және т.б. тақырыптары бойынша материалдар жинақталды.

24 тамыз-6 қыркүйек аралығында мұражай қызметкерлері Ташкент қаласына барып қайтты. Жұмыс барысында Өзбекстан Респуликасының мұрағатында, Мемлекеттік тарих және саяси қуғын-сүргін мұражайларында «Алаш» партиясының мүшелері А. Байтұрсынов, Ж. Ақпаев, А. Бөкейханов, М.Шоқай және т.б. архивтік құжаттары жиналды.

27 сәуір-11 мамыр аралығында Санкт-Петербург қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында мұражай мен мұрағаттың, «Возвращенные имена», «Ленинградский мартиролог» орталықтарының, Ресей ұлттық кітапханасының және саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесті.

11-21 шілде аралығында мұражай қызметкерлері Қызылорда қаласына іс-сапармен барып қайтты. Іс-сапар барысында Мұстафа Шоқай қорының басшысы Базарбай Атабаевпен, Халел Досмұхамедовтың немересі Маратпен, неміс, татар, славян, шешен, қырғыз, поляк, еврей этномәдени орталықтарының басшыларымен кездесті. Мұражай қоры қоныс аударушылар мен Қазақстанға жер аударылғандардың архивтік құжаттары мен жеке заттарымен толықтырылды.

31 қазан-7 қараша аралығында мұражай қызметкерлері Павлодар қаласына барып қайтты. Зерттеу жұмысы Павлодар облысы бойынша мұрағаттар басқармасы мен саяси қуғын-сүргін құрбаны Павел Васильевтың мұражайында өткізілді.

8-18 қараша аралығында мұражай қызметкерлері Орал қаласына барып қайтты. Іс-сапар барысында зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен қалалық мұрағатында ұйымдастырылды. Мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» тұтқыны Галина Чучаринаның ұлы Владимир Шрамкомен кездесті.

27 қараша-3 желтоқсан аралығында мұражай қызметкерлері Семей қаласына барып қайтты. Зерттеу жұмысы Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы мен «Мұхтар Әуезов және «Алаш» қайраткерлерінің» музейінде жүргізілді. Мұражай қоры «1928 жылы Қазақстандағы бай шаруаларының тәркілеуі», «1937-1938 жылдардағы үлкен террор», «Алаш», «1986 жылғы желтоқсан көтерілісі» тақырыбындағы матералдарымен толықтырылды.

FaLang translation system by Faboba