nauchno-issledovatelskie-komandirovki-2009

Ғылыми экспедициялар

Ғылыми экспедициялар«АЛЖИР» мұражайының ғылыми-зерттеу қызметінің бір бөлігі ғылыми-іздеу мен экспедициялық жұмыстары болып табылады.

Мұражай ашылған 2007 жылы, Алматы қаласына алғашқы іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» тұтқындары Уәзипа Күленова мен Мария Даниленкомен және Ілияс Жансүгіровтың балалары Саят пен Ильфамен, Қазақстанның тұңғыш банкирі Төребек Османовтың қызы Заремамен, сондай-ақ Тұрар Рысқұловтың қызы Сәулемен кездесу ұйымдастырылды.

26 наурыз-6 сәуір аралығында Қызылорда қаласына ғылыми іс-сапар ұйымдастырылды.

Мұражай қоры саяси қуғын-сүргінге ұшыраған алашордашылар Халел Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов және Қазақстанға жер аударылған кәріс диаспорасының тарихын баяндайтын материалдармен толықты.

6-10 сәуір аралығында Қарағанды қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Қарағанды облысының Мемлекеттік мұрағатында «Қазақстанға қоныс аударушылар», «ХХ ғасырдың 30-шы жылдардың аяғындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы» тақырыбында материалдар жинақталды.

3-20 сәуір аралығында Алматы қаласына іс-сапар ұйымдастырылды.Мұражай қоры «АЛЖИР» тұтқындары Ш. Тәтімованың, Д. Жүргеневаның, З. Нұрмақовалардың жеке заттарымен толықтырылды.

25 сәуір-9 мамыр аралығында мұражай қызметкерлері Мәскеуде тұратын «АЛЖИР» тұтқындарының ұрпақтары Дарья Виолинамен, Кира Андронникошвилимен, Марат Киммен, Татьяна Бутылинамен, Зоя Серебряковамен, сонымен қатар Ресей Федерациясының Мемлекеттік мұрағатының, «Мемориал» қоғамының, «Дом на набережной», Мемлекеттік Гулаг мұражайларының және Икомның қызметкерлерімен кездесті.

13-25 шілде аралығында Жезқазған қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында Степлагтың бұрынғы саяси тұтқыны Юрий Грунинмен және КСРО мен ҚазКСР еңбегі сіңген металлург, Қазақстанға қоныс аударылған Эсруддин Муцаевпен кездесу ұйымдастырылды.

30 шілде-7 тамыз аралығында Орынбор қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Мұражай қызметкерлері Орынбор облысының мұрағатында, облыстық қазіргі заман тарихының құжаттар орталығында және облыстық тарихи-өлкетану мұражайында зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Орынбор облысының мұрағаты мұражай қорына 1937 жылғы «Правда» газетінің тігіндісін тапсырды.

FaLang translation system by Faboba