nauchno-issledovatelskie-komandirovki-2012

Ғылыми экспедициялар

Ғылыми экспедициялар«АЛЖИР» мұражайының ғылыми-зерттеу қызметінің бір бөлігі ғылыми-іздеу мен экспедициялық жұмыстары болып табылады.

Мұражай ашылған 2007 жылы, Алматы қаласына алғашқы іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» тұтқындары Уәзипа Күленова мен Мария Даниленкомен және Ілияс Жансүгіровтың балалары Саят пен Ильфамен, Қазақстанның тұңғыш банкирі Төребек Османовтың қызы Заремамен, сондай-ақ Тұрар Рысқұловтың қызы Сәулемен кездесу ұйымдастырылды.

>12-18 наурыз аралығында Атырау қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында ғылыми қызметкерлер Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты мен қалалық тарихи-өлкетану мұражайында жасаған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде мұражай қоры Батыс Қазақстан облысы бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлердің материалдарымен толықтырылды.

14-21 сәуір аралығында Алматы қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Азалия Ахметова, Владимир Даниленко, Саят Жансүгіров, Қадыр Ибраев, Зарема Османова, Сәуле Рысқұловалар мұражай қорына фото және архивтік материалдар мен аналарының жеке заттарын табыстады.

>6-16 маусым аралығында Балқаш қаласы мен Қарағанды облысы бойынша іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері Қарағанды облысы Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы, Қарағанды қаласының мұрағаты мен Балқаш қаласының тарихи-өлкетану мұражайында болды.

17-24 маусым аралығында Петропавл қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері тарихи-өлкетану мұражайында, облыстық және партия мұрағаттарында, «Асыл мұра» қоғамдық қорында, Достық үйінде, «Аблай ханның резиденциясы» мұражай кешенінде болды.

29-30 тамыз аралығында Қарағанды қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Мұражай қызметкерлері Қарағанды облысы Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы мен саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарында болды.

29 қазан-4 қарашааралығында Талдықорған және Алматы қалаларына іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері І. Жансүгіров пен М. Тышышпаевтардың мұражайларын, сонымен қатар саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесті. Мұражай қоры О. Жандосовтың, Ә. Лекеровтың, Ж. Шанин мен Ғ. Құватовтардың материалдарымен толықтырылды.

FaLang translation system by Faboba