nauchno-issledovatelskie-komandirovki-2017

Ғылыми экспедициялар

Ғылыми экспедициялар«АЛЖИР» мұражайының ғылыми-зерттеу қызметінің бір бөлігі ғылыми-іздеу мен экспедициялық жұмыстары болып табылады.

Мұражай ашылған 2007 жылы, Алматы қаласына алғашқы іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» тұтқындары Уәзипа Күленова мен Мария Даниленкомен және Ілияс Жансүгіровтың балалары Саят пен Ильфамен, Қазақстанның тұңғыш банкирі Төребек Османовтың қызы Заремамен, сондай-ақ Тұрар Рысқұловтың қызы Сәулемен кездесу ұйымдастырылды.

9 қаңтарда мұражай қорын толықтыру мақсатында мұражай қызметкері С. Майлыбаева Қостанай облысы бойынша Ішкі істер департаментінің ақпараттық-аналитикалық бөлімінде зерттеу жұмысын жүргізіп, 1938-1953 жылдары «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген Фариза Серікбаеваның, Сусанна Шлесстің, Анна Чернованың, Валентина (Ульяна) Калининаның, София Циммерманның, Елена Тябинаның (Умутбаева), Валентина Харламованың, Павлина Забецкаялардың мұрағаттық анықтамаларын, тұтқындау анкеталары мен қорытындыларының көшірмелерін мұражай қорына тапсырды.   

10 қаңтарда мұражай қорын толықтыру мақсатында мұражай қызметкері Г. Бауржанова Леон Нұрмұхамедовтың сенімхаты бойынша Алматы қаласындағы Ішкі Істер департаменті ақпараттық-талдау орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ҚазКСР Денсаулық сақтау  халық комиссары 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Хасен мен оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Кира Ипполитқызы Нұрмұхамедовтардың мұрағаттық құжаттарын мұражай қорына тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде: Хасен Нұрмұхамедовтың мүшелік және әскери билеттері, түрмедегі  қырынан және қарсы алдынан түсірілген фотосуреті, Кира Нұрмұхамедованың төлқұжаты мен мүшелік билеті, сондай-ақ, 1937-1938 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Клара Райнгольдовна Гуславскаяның еңбекпен түзету лагерінде мерзімін өтегені туралы анықтамасы мен төлқұжаты бар.

10 қарашада мұражай қызметкерлері Л. Әбдірахманова мен Б. Саханова «ЭКСПО» Конгресс-орталығында өткен Алаш Орданың 100-жылдығына орай «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

10 қарашада мұражай қызметкерлері Р. Жақсыбаева мен Ж. Ергельдинова Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ұйымдастырған «Эрмитаж күндері» іс-шарасына қатысты. Іс-шара соңында «Эрмитаж күндері» қатысушыларына сертификаттар табысталды.

6-7 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Белапан» Беларусь Ақпараттық компаниясының жауапты редакторы Адарья Гуштын Беларус ұлтты тұтқын әйелдерінің мұрағаттық құжаттарымен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жұмыс мақсаты – «Белорусские новости» ғаламтор-газетінің беттерінде «АЛЖИР»-дің тұтқындары беларус-әйелдерінің тағдыры туралы мақаланы жарыққа шығару.

10 қарашада мұражай қызметкерлері Л. Әбдірахманова мен Б. Саханова «ЭКСПО» Конгресс-орталығында өткен Алаш Орданың 100-жылдығына орай «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

10 қарашада мұражай қызметкерлері Р. Жақсыбаева мен Ж. Ергельдинова Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ұйымдастырған «Эрмитаж күндері» іс-шарасына қатысты. Іс-шара соңында «Эрмитаж күндері» қатысушыларына сертификаттар табысталды.

6-7 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Белапан» Белорус Ақпараттық компаниясының жауапты редакторы Адарья Гуштын Белорус ұлтты тұтқын әйелдерінің мұрағаттық құжаттарымен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жұмыс мақсаты – «Белорусские новости» ғаламтор-газетінің беттерінде «АЛЖИР»-дің тұтқындары белорус-әйелдерінің тағдыры туралы мақаланы жарыққа шығару.

7 қарашада мұражай қызметкері Р. Жақсыбаева Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссиясының ұйымдастыруымен «Әлем естелігі – Memory of the world» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отырысына қатысты.

21 қарашада зерттеу жұмысы бөлімінің жетекшісі Л. Әбдірахманова Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85-жылдығына арналған «ХХІ ғасырдың музейі: музейлердің дамуындағы қазіргі заманғы тенденциялар және перспективалар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция барысында Л. Әбдірахманова 2017 жылғы шілдеде Астанаға сапары кезінде Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырған мұрағаттық құжаттары негізінде жазылған «АЛЖИР» тұтқындары – белорус әйелдерінің рухына» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Бұл мақала тарихи-өлкетану музейі шығарған жинаққа кірді. Мұражай ұжымы атынан естелік ретінде Л. Әбдірахманова мұражай кешенінің негізгі және ғылыми-көпшілік қорларындағы материалдар бойынша жинақталған «Елбасының бастамасымен ашылған еді» каталогы мен «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының "ALJПR. Qorqiniєti tьstey…. Kak strashnyi son….", мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағын табыстады.

24 қарашада мұражай қызметкерлері Л. Әбдірахманова, Э. Аяғанова, Ж. Ергельдинова, Г. Төлепбергенова және С. Майлыбаева Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш-қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференция соңында қызметкерлерге сертификаттар табыстады.

24 қарашада «АЛЖИР» мұражайы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Р. Жақсыбаева «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының жетекшісі С. К. Иманқұлованың басқаруымен өткен отырысына қатысты. Отырыс барысында Р.Р. Жақсыбаева Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай әлеуметтік-мәдени саласында атқарған ұзақ жылдағы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, мәдениет және өнер саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін, мәдениет, ақпарат және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедұлының атынан алғыс хатымен марапатталды.

Қарашада Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан елшілігі әзірбайжан жазушысы Мензер Ниярлы «АЛЖИР» тұтқыны Афруз Юсифқызы Алибекованың тағдыры туралы «Черный платок» повесін тапсырды.

FaLang translation system by Faboba