Ғылыми экспедициялар
Ғылыми экспедициялар«АЛЖИР» мұражайының ғылыми-зерттеу қызметінің бір бөлігі ғылыми-іздеу мен экспедициялық жұмыстары болып табылады.
Мұражай ашылған 2007 жылы, Алматы қаласына алғашқы іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері «АЛЖИР» тұтқындары Уәзипа Күленова мен Мария Даниленкомен және Ілияс Жансүгіровтың балалары Саят пен Ильфамен, Қазақстанның тұңғыш банкирі Төребек Османовтың қызы Заремамен, сондай-ақ Тұрар Рысқұловтың қызы Сәулемен кездесу ұйымдастырылды.
nauchno-issledovatelskie-komandirovki-2014
10-19 мамыр аралығында Томск қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында «НКВД-нің тергеу түрмесі» мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу және «Прерванная нить» тақырыбындағы көрмесі ұйымдастырылды. Мұражай қорына Ахмет Байтұрсыновтың, Әлімхан Ермековтың және «АЛЖИР» тұтқындары Дәмеш Ермекова мен Руфь Тамаринаның материалдары түсті.
30 шілде-2 тамыз аралығында Балқаш қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Мұражай қоры «АЛЖИР» тұтқыны Мағрифа Қазбекованың материалдарымен толықтырылды.
20-23 қазан аралығында мұражай қызметкерлері Минск қаласына іс-сапармен барып қайтты. Ұлы Отан соғысы мұражайында «АЛЖИР»-дің әйгілі есімдері» көрмесі, Мемлекеттік мұрағатта зерттеу жұмысы, сонымен қатар «АЛЖИР» тұтқындарының ұрпақтары Инна Бронштейнмен және Майя Кляшторнаямен кездесу ұйымдастырылды. Майя Кляшторная мұражай қорына анасы «АЛЖИР»-де отырғанда өзін ораған көрпесі мен өз қолымен кестелеп тіккен белбеуін тапсырды.
8-16 қараша аралығында мұражай қызметкерлері Орал қаласына іс-сапармен барып қайтты. Олар тарихи-өлкетану және Мәншүк Маметованың мұражайларында, тарих және археология орталығында «Сол бір зобалаң жылдар» көрмесі мен «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі мен «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» клипінің көрсетілімін ұйымдастырды.