Посетители музея 2012г
Мұражайға келушілер
2012
13 ақпанда мұражайға Қазақстан Республикасының депутаттары А.С. Пекенин, Е.Я. Кантель және О.А. Киколенко келді.
14 ақпанда мұражайға Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісінің зайыбы М. Брылева келді.
15 ақпанда Украинаның өнеркәсіптік саясатының экс-министрі, «Авиазавод» Харьков Мемлекеттік өнеркәсіп өндірісінің Бас директоры, техникалық ғылымдарының докторы Анатолий Константинович Мялица келді.
15 наурызда мұражайға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Алихан Байменов келді.
7 сәуірде мұражайға «АЛЖИР» мұражайының тұтқыны Мүслима Ілиясованың қызы Бақыт Естековқызы Бегенова келді.
24 сәуірде мұражайға Қазақстан Республикасындағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Юрис Маклаковс келді.
18 мамырда мұражайға Халықаралық мұражайлар күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қызметкерлері, ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы, Астана әкімдігі жанындағы Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры қызметкерлері келді.
16 маусымда мұражайға «Жаңа әлемде Еуразиялық мәдениет» халықаралық форумының қатысушылары, Армения, Ресей, Тәжікстан мен Түркменістаннан келген делегация келді.
23-24 маусымда мұражайға Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының елшілігінің өкілдері келді.
28 маусымда мұражайға Венгриядан қонақтар келді.
10-13 шілдеде мұражайға Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттары: генерал-лейтенант, А.Б. Тасболатов, А.М. Айсин, А. Милютин келді.
7 қыркүйекте мұражайда Мәскеу қаласы үкіметінің саяси қуғын-сүргін құрбандарының құқықтарын қалпына келтіру жөнінде Ведомствоаралық комиссиясының төрағасы Марина Николаевна Суслованың бастамасымен келген делегация болды.
1 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қарттар күніне орай Целиноград ауданының зейнеткерлері келді.
2 қазанда мұражайға Қазақстандағы Швейцария елшісі отбасымен келді.
3 қазанда мұражайға Францияның қорғаныс мәселелері бойынша атташесі Кристиан Бартлен бастаған делегация келді.
11 қазанда мұражайға Астанада өткен «Л.Н. Гумилевтің мұрасы және қазіргі Еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық ғылыми форумның қатысушылары келді.
16 қазанда мұражайға Қазақстанның ғалым-демографы Мақаш Тәтімов келіп, жеңгесі, «АЛЖИР» тұтқыны Шәкітай Тәтімованың шәлі орамалын тапсырды.
15 қарашада мұражайға Алматы қаласынан «Видергебурт» неміс қоғамының өкілдері келді.
14 желтоқсанда мұражайға экономика ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ-нің доценті, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы Бауыржан Оқташұлы Қайранбеков келді.