Мұражайға келушілер
2014
19 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған саяси қайраткер Жанайдар Сәдуақасовтың немересі Перизат Құрманқызы Сәдуақас келді.
22 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Кәріс елінің «Енхап» газетінің тілшісі Ким Хён Тэ келді.
26 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне тарих ғылымдарының докторы, профессор Махат Данагүл Ахметкәрімқызы келді.
5 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Финляндия Республикасы Парламентінің төрағасы Ээро Хейнялуоманың басшылығымен Финляндия делегациясы ресми сапармен келді.
3 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хон Ен Гынь келді.
12 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ресми сапармен Беларусь Республикасының мәдениет министрі Борис Владимирович Светлов және Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Иванович Ничкасов келді.
18 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Украина Республикасындағы Т. Г. Шевченко атындағы Әдеби Институтының директоры, академик Микола Григорович Жулинський келді. Сонымен қатар мұражайда «АЛЖИР» тұтқыны Лидия Михайловна Френкельдің немересі Дарья Виолина болды.
23 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ресми сапармен Тәжікстан Республикасының делегациясы келді.
14 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ресми сапармен Жапония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Масаёси Камохара келді. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» және «Азаттықтың азапты жолы» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
20 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ресми сапармен Эстон Республикасының делегациясы келді.
22 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне VII Астана экономикалық форумының қатысушылары келді.
27 мамырда «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам қайраткерлерінің қызметін жастар арасында насихаттау» тақырыбында өткізілген ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, қоғамдық пікірдің жетекшілері, белсенді жастар, жастар ұйымдарының және үкімет еместік мекемелерінің өкілдері, аймақтық жастар және қор орталықтары мен мемлекеттік органдар басшылары және БАҚ келді.
28 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ресми сапармен Польша Республикасының делегациясы келді.
14 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне саяси қуғын-сүргін құрбандары Мұхамедқали мен Шәкітай Тәтімовтердің немересі, Сырым Ғаппасұлы Ғаппасов келді.
21 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Хана Мартинсонның немересі Павел Воробьев келді.
23 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Анна Нестеровна Медяникованың қызы Галина Ивановна Медяникова келді.
25 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ресми сапармен Иордания Республикасының Парламент сенатының төрағасы Абдур - Рауф Рауабде келді.
1 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді.
11 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әсима Темкенқызы Бимендина келді.
12 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Мария Тимофеева Кузнецованың немересі Елена Николаевна Кузнецова келді.
12 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігінің екінші хатшысы Таро Фурубаяси келді.
17 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Қазақстан туралы ең үздік шығармашылық жұмысы» байқауының жеңімпаздары, Астана қаласына келу сыйақысына ие болған Малайзия, Ресей, Үндістан және Австрия елдерінің жүлдегерлері келді.
20 қыркүйекте мұражайға италияндық қонақтар келді.
24 қыркүйекте мұражайға Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының М.Мәметованың мемориалдық музейінің директоры Светлана Саржанқызы Бектенова келді.
26 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ғалым, биолог, жазушы, ақын, энциклопедияшы, қоғам қайраткері, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Жұмахан Күдериннің немересі Татьяна Күдерина келді.
2 қазанда мұражайға ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясының делегациясы келді.
6 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Кореядан делегация келді.
14 қазанда мұражайға Польшадан келген қонақтар, жаңа идеяларға негізделген тың жобаларды жүзеге асыратын Pattern Recognitijn фирмасы қызметкерлері Кинга Дуда, Рафат Крземинский және Магдалена Прзиор келді.
17 қазанда АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылының Ардагерлер қоғамының мүшелері келді.
23 қазанда мұражайға Белоруссиядан делегация келді.
6 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Молдова Республикасының делегациясы, ТМД-на кіретін мемлекеттердің, қауіпсіздік органдары және арнайы қызмет басшылары Кеңесінің 37-ші мәжілісіне қатысушылар келді.
9 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» лагерінің тұтқыны Роза Цыпкинаның отбасының досы, қазіргі уақытта АҚШ-тағы, Калифорния штатында тұратын Маргарита Севчик келді.
11 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» лагерінің тұтқыны, 1938 жылы «Отанын сатқандардың мүшесі» ретінде тұтқындалған Мария Владимировна Варламованың немересі Ирина Юрьевна Воронина келді.
14 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» лагерінің тұтқыны, 1938 жылы 5 жылға тұтқындалған, Гайнижамал Гайсинаның шөбересі Ержан Қайырбекұлы Қарғасеков келді.
18 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Павл Блок Әкенің ұйымдастыруымен Римдік Католик шіркеуінің делегациясы келді.
20 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан және Қырғызстан Республикаларындағы Словакия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Петер Юза келді.
27 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның тұңғыш Прокуроры Сүлеймен Есқараевтың ұрпақтары: қызы Мариэтта мен ұлы Ерік келді.
9 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне жазушы, драматург, әрі ғалым Мұхтар Әуезовтың немересі Зифа-Алуа Әуезова келді.
9 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Тәжікстан делегациясы келді.