2021
Мұражайға келушілер
- 2009 жыл
- 2010 жыл
- 2011 жыл
- 2011 жыл
- 2012 жыл
- 2013 жыл
- 2014 жыл
- 2015 жыл
- 2016 жыл
- 2017 жыл
- 2018 жыл
- 2019 жыл
- 2020 жыл
- 2021 жыл
- 2022 жыл
- 2023 жыл
- 2024 жыл
16 қаңтар күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Ксения Трофимовна Чупряеваның немересі Игорь Витальевич Демченко келді. Ол мұражай қорына саяси қуғын-сүргін құрбандары Т. Рысқұловтың, С. Сейфуллиннің, І. Жансүгіровтың және Б.Майлиннің 125 жылдығына орай 2019 жылы Қазақстан ұлттық банкі шығарған мерейтойлық монета тапсырды.
16 ақпан күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасы елшілігінің делегациясы келді, атап айтқанда Қазақстан Республикасындағы Франция елшісі – Дидье Канесс, ынтымақтастық бойынша аташе – Александра Тиркюир Менс және т.б. Мұражайға келу мақсаты – Франция елшілігі мен «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықтың орнатылуы. Кездесу барысында «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген француз ұлтты әйелдердің, атап айтқанда Бланш Антоновна Бурлард Нейманның, Жанна Павловна Коршикованың, Юлия Георгиевна Процикованың және Мария Ивановна Салтаненко-Пужоланың рухына арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
28 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Шукюр Бейли Минабар Абушқызының немересі Марина Николаевна Мирчева келді. Ол әжесінің тұтқындалғанға дейін және лагерьден босатылғаннан кейінгі өмірі туралы айтып, мұражай қорына әжесінің 25 жастағы фотосуреті мен өмірінің соңғы күндері таққан бас орамалын табыс етті. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізілді, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді, сонымен қатар мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
30 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді. Қонақтарға мұражай аумағында орналасқан нысандар мен «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
31 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары келді. Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
31 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері келіп, мұражай қорына Қазақстан тарихын баяндайтын 20 дана кітап тапсырды. Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
31 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Ақмола облысы Мәдениет басқармасының қызметкерлері келді. Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
12 тамыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Сұлухан Бағзыбаеваның жиені Гүлмира Айхимбаева келді. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
19 тамыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Бахрейн мемлекетінен делегация келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді және мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
27 тамыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Оңтүстік Африка Республикасының Тұңғыш Президенті, Нобель сыйлығының лауреаты Нельсон Манделаның немересі Ндилека Мандела келді. Қонақты кіріспе сөз айтып директордың орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев қарсы алды. Ндилека Манделаға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді және мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» және «Алаш-«АЛЖИР» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
30 қыркүйек күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Венгрияның Парламенттік делегациясы келді, оның ішінде Венгрия Мемлекеттік жиналысының вице-спикері Марта Матраи, Парламентаралық қатынастар депатаментінің басшысы - Лайош Кохари, аудармашы - Эрика Короди. Аталған делегацияны Бірінші кеңесші, дипломатиялық миссия Басшысының орынбасары - Анико ДЕНГЕ және атташе Эндре Ладйански алып жүрді. Қонақтарды кіріспе сөзбен директордың орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев қарсы алды. Содан соң вице-спикер Марта Матраи венгр ұлтты «АЛЖИР» тұтқындарының рухына арналған ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойды.
Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
6 қазан күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Ресей Федерациясы Орлов облысының губернаторы Андрей Евгеньевич Клычков келді. Қонақтарды «Есіл» ауданының әкімі Берік Оралұлы Жакенов алып жүрді. Оларды кіріспе сөзбен директордың орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев қарсы алды. Зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Елена Саморокова қонақтарды «Қасірет қақпасы» монументімен, Сталиндік вагонмен, Қазақстан Республикасындағы шетелдік мемлекеттердің елшіліктері орнатқан Ескерткіш белгілермен, «Түңілу мен әлсіздік» және «Күрес пен үміт» композициялармен, «Көз жасы» стеласымен, 7270 әйелдердің есімдері жазылған Зерде қабырғасымен, барак пен «АЛЖИР» тұтқындарын балаларынан айыру» диорамасымен таныстырды. Содан соң экскурсия «Алаш» залы бойынша өткізілді. Қонақтар «АЛЖИР» залында «АЛЖИР» тұтқындарының архивтік құжаттары мен фотосуреттерімен танысты. Оларды «АЛЖИР» тұтқындарына қатысты жеке заттар ерекше қызықтырды.
29 қазан күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «А.Л.Ж.И.Р.» атты ресей көркем телесериалына түскен театр және кино актрисасы Ольга Лапшина келді. Қонаққа экскурсия өткізіліп, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
21 қараша күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Еуропарламент депутаттары келді. Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия өткізіліп, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай шығарылған «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
22 қараша күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Словакиядан делегация келді (2 адам). Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия өткізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.