20 қаңтарында мұражайға Қазақстан Республикасындағы Финляндия елшісі Микко Киннунен мен Финляндияның Сыртқы Істер министрлігінің өкілі Кристи Наринен келді.

12 ақпанда мұражайға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик, Жоғарғы кеңестің ХІІІ шақырылымның депутаты, сенатор, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенат комитетінің төрағасы, Білім беру Қазақ Академиясының Президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбай келді.

5 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі В.А. Брылев бастаған Беларусь Республикасынан келген делегация болды.

25 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне поляк делегациясы: Польша Парламентінің төрағасы Е. Вендерлих және депутаттар Т. Ленз бен Т. Латос келді.

15 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі О. Демин мырза бастаған Украина делегациясы келді.

16 мамырында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне қазақтың көрнекті жазушысы Сәкен Сейфуллиннің інісі Мәжит Сейфуллиннің қыздары Рымжан Сейфуллина, София Сейфуллина, Бағдат Сейфулинна және сәкентанушы Сәбит Қарашолақов келді.

22 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының елшісі Рокас Бернотас және Литваның ауыл шаруашылық министрі Б. Висайте келді.

24 мамырда мұражайға Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті мұражайының қызметкерлері келді.

29 мамырда 1930-1937 ж.ж. саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған футбол турнирының қатысушылары келді.

21 маусымда мұражайға Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, жазғы лагерьдің тәрбиеленушілері келді.

26 маусымда АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне өнертанушы, театрлық сыншы, профессор Әшірбек Сығай және әдебиет сыншысы профессор, филология ғылымдарының докторы Ергөбек Құлбек келді

1 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты Жұматай Әлиұлы Әлиев және «Нұр Отан» ХДП Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арман Асқарұлы Нұрғазин келді.

22 тамызда мұражайға Украина Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігінің өкілдері келіп, Зерде қабырғасына гүл шоқтарын қойды. 

18 қыркүйекте мұражайға Ресейдің қазіргі тарихының Мемлекеттік Орталық мұражайының бас директоры С.А. Архангелов қызметкерлерімен келді.

10 қазанда мұражайға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Респбуликасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Есім Ғарифолла мырзамен болашақ мәдениет және өнер танушы магистрлер келді. 

6 қарашада АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Әзірбайжан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Кирим Махамбетович Тахиров келді.

8 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь мемлекеттерінің Әділет министрлері, сонымен қатар ҚР Әділет министрінің бірінші орынбасары Эльвира Әбілқасымқызы Әзімова келді.

17 қарашада мұражайға ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты Ахмед Файздрахманұлы Мурадов келді. 

6 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжіліс депутаты Қ.А. Қазакен келді.

FaLang translation system by Faboba