Мұражайға келушілер
2016
2 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Вести» бағдарламасы мен «Россия» телерадио тілшісі, АЛЖИР» лагерінің тарихы- мен танысу және «АЛЖИР» туралы бағдарласын шығару мақсатында Пунегов Эдуард келді.
18-24 наурызда мұражайға Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжіліс депутаттары мен маслихаттардың сайлауына Австрия, АҚШ, Германия, Греция, Израиль, Испания, Италия, Литва, Польша, Ресей, Румыния, Сербия, Түркия, Үндістан, Ұлыбританиядан БАӘ-ның тіркелген жетекші журналистері мен бақылаушылары келді.
21 наурызда мұражайға саяси қуғын-сүргін тақырыбын зерттеу және КСРО-да қуғын-сүргінге ұшыраған чехословак азаматтары жайлы материалдарын жинақтау мақсатында Чехия республикаласның астанасы Прага қаласындағы тоталитарлық режимдерін зерттеу Институтының өкілдері келді.
29 наурызда мұражайға Пенза облысы мәдениет және мұрағат басқармасының бастығы Т. В. Курдова, «АЛЖИР» лагерінің тарихы-мен танысуға келді.
23 сәуірде «АЛЖИР» мұражайына Ауғанстан Ислам Республикасының экс-президенті Хамид Карзайдың басшылығымен Астанаға ХІІІ Еуразиялық Медиа Форумға қатысу үшін делегация келді. Делегация құрамында Қазақстан Республикасындағы Ауғанстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Бараки Мохаммад Фарук келді.
24 сәуірде «АЛЖИР» мұражайына, «АЛЖИР»-дің бұрынғы тұтқыны Лидия Френкельдің немересі, Мәскеу қаласынан Дарья Виолина келді.
10 мамырда АЛЖИР лагері тарихымен танысу мақсатында, Белоруссиядан Ұлы Отан соғысы жылдары бала кезінде неміс концлагерлерінде болған қонақтар келді.
13 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астанадағы Норвегия консульдігінің өкілдері келді.
26 мамырда мұражайға Франция Орталық Банкінің басшысы Франсуа Виллеруа де Гало келді.
28 мамырда мұражайға 2011 жылғы экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, американдық экономист Томас Сарджент келді.
31 мамырда мұражайға Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Ерланқызы Бектұрова келді.
1 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде ТМД елдерінен келген құрылыс пен құрылыстық материалдар өнеркәсібі жұмысшыларының комитеттері төрағалары болды.
3 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтың жазушысы, драматург, әдебиетші, тарихшы, қоғам қайраткері Қошмұхамед Кемеңгерұлының ұрпақтары келді.
5 маусымда АЛЖИР лагері тарихымен танысу мақсатында мұражай кешеніне Германия мен Литвадан «КАDEX - 2016» VI-шы Халықаралық қару-жарақ пен әскери – техникалық мүлік көрмесінің қатысушылары келді.
8 маусымда «АЛЖИР» мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Анджей Бобер келді.
14 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Эстония және Латвия Республикаларының Елшіліктерінің өкілдері келді.
15 маусымда мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянық келді.
21 маусымда АЛЖИР лагері тарихымен танысу мақсатында мұражай кешеніне Ресей Президентінің кеңесшісі В.Ф. Яковлевтің басшылығымен Ресей Федерациясының делегациясы келді.
23 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Раиса Мамаеваның немересі Владимир Мамаев келді.
25 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьеннің бастамасымен Шарл де Голь қорының Президенті Жак Годфрен мырзаның басшылығымен Франциядан делегация келді.
5 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне демограф-ғалым Мақаш Байғалиұлы Тәтімовтың ұрпақтары келді.
5 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне қала күні мерекесіне орай Астана қаласы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайын Астанада өткізілетін ІІІ Халықаралық «Сахнадан сәлем!» атты театр фестиваліне А.С. Грибоедов атындағы Тбилиси мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры, «Русский клуб» Халықаралық мәдени-ағарту одағының президенті Николай Николаевич Свентицкий келді.
7 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасының Әділет министрі Берік Мәжитұлы Имашев келді.
14 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астана қаласындағы LTC Astana (Language Traning Center) оқу орталығының ағылшын тілі мұғалімдері Michela Casali мен Ken Shim келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
14 тамызында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Әмірғали мен Әлима Менешевтердың ұрпақтары Шолпан Көшерова мен оның қызы Сәуле келді.
18 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Иран Республикасының Төтенше өкілі Моджтаба Дамирчилу келді.
23 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Атбасар ауданының Октябрьское ауылы Ново-Самар орта мектебінің оқушылары келді.
24 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Гулаг мұражайының аға ғылыми қызметкері Илья Витальевич Удовенко келді.
25 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ақысыз түрде ТМД-ға қатысушы елдердің Қорғаныс Министрлерінің кеңесі жанындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс сұрақтары бойынша үйлестіру комитеті мәжілісі аясында өткен іс-шара қатысушылары РФ Әскери-ғарыштық күштерінің бас қолбасшысы В. Бондаревтың басшылығымен ТМД-ға қатысушы мемлекет елдерінің әскери делегациясы келді. Іс-шара барысында «АЛЖИР» тұтқындарының рухын есте мәңгі сақтау мақсатында Зерде қабырғасына гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.
28 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ақысыз түрде Корей Республикасы Қауышу министрі Хон Йон-пхе мен министрдің орынбасары Ким Нам-джунг келіп, Зерде қабырғасына гүл шоқтарын қойды.
8 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Беларусь Республикасы Ұлттық тарихи мұражайының ғылыми-қор бөлімінің жетекші маманы Наталья Мартынова келді.
15 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшелері келіп, Зерде қабырғасына гүл шоқтарын қойды.
10 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне С.К. Нұрмағанбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балалар келді.
10 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астана қаласы әкімдігінің «Дағдарыс орталығы-баспанасы» ҚММ-ден тұлғалардың зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған әйелдер балаларымен келді.
18 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Кәсіби –техникалық колледжі» ҚММ-де тұрып және білім алып жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар келді.
20 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Кеңес Одағының батыры Рахымжан Қошқарбаевтың ұрпақтары және «АЛЖИР» тұтқыны Әйіш Құлымбетованың қызы Орынша Қарабалина келді. Орынша Қарабалина әкесі Қазақ КСР-нің Орталық атқару комитетінің төрағасы, 1938 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Ұзақбай Құлымбетовтың ақтау туралы анықтамасының түпнұсқасы мен әкесінің әруағына арналған «Жүрек сыры» кітабы. Кітапта ол Ұзақбай және Әйіш Құлымбетовтардың балалары қуғын-сүргін жылдары көрген қайғы-қасіретін әңгімелейді. Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дың ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
20 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астана қаласының Мемлекеттік және Украинаның Әскери мұрағаттарының қызметкерлері келді. Қонақтарға «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, сонымен қатар «АЛЖИР»-дың ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
25 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне оқу жоспарының бір бөлігі болып табылатын достастық шет елдерге бару, Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен танысу мақсатында Үндістан Республикасындағы басқарма қорғаныс Колледжінің Жоғарғы қорғаныс курсындағы делегация мүшелерінің әйелдері келді.
6 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне XIX Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің қатысушылары келді.
10 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының көшбасшыларының және негізін қалаушылардың бірі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейханов: Алаш мұрығы және тәуелсіздік құндылығы» атты конференцияның қатысушылары және 1937 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жазушы, драматург Қошмұхамед Кемеңгеровтың шөбересі Қайырбек Кемеңгеров, сонымен қатар «Алаш» партиясының қызметін зерттеушісі Тұңғышбай Мұқановтар келіп, Зерде қабырғасына гүл шоқтарын қойды.
14 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Аустриядан, Ауғанстаннан, Қырғызстаннан, Корея Республикасынан, АҚШ және Франциядан Астана клубының екінші отырысының қатысушылары келді. Қонақтарға Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сәуле Әукенқызы Жәкішева экскурсия жүргізді.
14 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне әкесі атылып кеткеннен кейін анасымен бірге «отанын сатқандардың отбасы мүшесі» ретінде Қырғызстандағы лагерге жіберілген Стелла Нудольскаяның айтуы бойынша жазылған «Сахарный ребенок» әңгімесінің авторы, ресей жазушысы Ольга Константиновна Громова келді.
2 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Беларусь Республикасының әскери қайраткері, мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Валерий Вакульчик Павлович бастаған Беларусь Республикасының делегациясы келді.
13 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Ирина Людвиговна Столярскаяның Мәскеуде тұрып жатқан немересі М. Горький атындағы Мәскеу көркем академиялық театрының актрисасы Нина Владимировна Саруханова келді. Ирина Людвиговнаның күйеуі Профинтерннің порт жұмысшылары және Кеңестік бюро Интернационал теңізшілерінің меңгерушісі Альфред Карлович Бэм-Столярский қуғын-сүргінге ұшырап, 1937 жылы атылған.
14 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры Нұргүл Ақылбекқызы Шәмшиева келді.
25 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Эльмира Амангелдіқызы Суханбердина және Германия мемлекетінен қонақтар келді.