Мұражайға келушілер
2018
20 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астана қаласының судьялары келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
22 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне № 44813 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшы орынбасары, полковнигі Нұртас Дәулетұлы Қабақовтың басқаруымен Қазақстан аймақтарынан әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі командирлерінің орынбасарлары келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
10 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстандағы Ұлыбританияның елшісі Майкл Гиффорд жұбайымен және әріптестерімен келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
11 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстандағы Беларусь Республикасы елшілігінің уәкіл-кеңесшісі Дмитрий Валентинович Зорин және оның әкесі 1994-2001 жж. аралығында Беларусь Республикасы орман шаруашылығы министрлігі қызметін атқарған Зорин Валентинмен келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Саяси қуғын-сүргін тарихын сақтағаны үшін қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, өткенді есте сақтау, оларды құрметтеу және жаңа қайғы қасіретті болдырмауы туралы пікір кітабына жазып қалдырды. Қонақтарға мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
16 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Дағдарыс орталығы-баспанасы» ҚММ-ден тұлғалардың зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған әйелдер балаларымен келді. Оларға ақысыз түрде «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дың ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
8 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Назарбаев университетінде Ауғанстанның денсаулық сақтау қызметкерлеріне ана мен бала денсаулығын қорғау тақырыбында өткен екі апталық семинар аясында Ауғанстаннан акушер-гинеколог әйелдер келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
21 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Целиноград ауданының 18 аймағынан 5-9 сынып оқушылары, аудандық олимпиада қатысушылары келді. Қатысушылар экскурсия қызметінсіз «Алаш» және «АЛЖИР» залдарымен (100 оқушы) танысты.
4 мамырда Целиноград ауданының Ақмол ауылына ресми сапар аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков, Сауытбек Әбдірахманұлы Әбдірахманов, Василий Иванович Олейник, Наринэ Гамлетовна Микаелян, Геннадий Геннадьевич Шиповских, Наталья Васильевна Жумадельдаевалар және т.б. келді. Қонақтарға мұражай аумағында орналасқан экспозициялар мен «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев келген қонақтарға алғысын білдіріп, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағын сыйға тартты. Экскурсия соңында мұражай қонақтары пікір кітабына саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін жазып қалдырды.
8 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 73 жылдығын мерекелеу аясында Мәскеу қаласынан Ұлы Отан соғысының ардагерлері, соның ішінде 1935 жылы туылған, делегация жетекшісі, Әскери қызмет ардагері және Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ардагері, Мәскеудің құрметті ардагері Виталий Валентинович Мешик, 1923 жылы туылған, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Екінші Прибалтикалық майдан дивизиясы 175 полктің 59 миномет взводының командирі, Эстония және Латвияны азат етуге қатысқан, Отан соғысының ІІ дәрежелі ордені мен «За победу над Германией» медалімен марапатталған Петр Тимофеевич Соломатин, 1937 жылы туылған, Ұлы Отан соғысының ардагері, қоршаудағы Ленинград тұрғыны Сергей Романович Сухоруковтар және т.б. келді.
Мұражай қонақтары пікір кітабына саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін жазып қалдырды. Мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев келген қонақтарға мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағын сыйға тартты. Сонымен қатар, қонақтар мұражай ұжымына Мәскеудегі қалалық әскери ардагерлер ұйымының, еңбек, қарулы күш және құқық қорғау органдары атынан ескерткіш таңбаларын табыстады.
22 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне тәжірибе алмасу мақсатында Мәскеу қаласы ГУЛАГ музейінің аға ғылыми қызметкері Илья Удоренко келді. «АЛЖИР» мұражайының қорына тапсырған құжаттардың ішінде: бес томнан тұратын «Лубянка. Сталин и МГБ СССР» жинағында МҚМ органдарының қызметі туралы құжаттар ұсынылған, Кеңес Одағы өмірінің барлық облыстарында кеңес үкіметіне қарсы әрекеттермен күрес көрсетілген, ХХ ғасырдың 30-40-50-шы жж. аралығындағы 1200-ден астам мұрағаттық материалдар, сонымен қатар Мелетин Владимирдің «Ангел трубящий» деректі фильмінде 1939 жылы «Сухановка» деп аты шыққан аса маңызды қылмыскерлерге арналған сондай-ақ, НКВД-ның бұрынғы басшыларын ұстаған 110-құпия азаптау арнайы нысаны болып өзгертілген Свято-Екатериндік ерлер монастырі туралы айтылған.
24 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Кореяны қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша министрдің орынбасары Ён Хо Кангоның бастамасымен корей делегациясы келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
31 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының мүшелері келді. Қонақтарға ақысыз түрде мұражай аумағында орналасқан экспозициялар мен «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Экскурсия соңында қонақтар Еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды.
1 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Ақмол ауылында тұратын көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан және Целиноград ауданы Аудандық бөлімінің есебінде тұрған балалар келді. Оларға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
20 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Польшаның күштік құрылымдар делегациясы келді. Делегация құрамында Польша Республикасы Ұлттық қауіпсіздік бюросының басшысы, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Павел Солох, Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич, Ұлттық қауіпсіздік Бюросы әскерлері қолбасшылығы Департаментінің директоры Ярослав Крашевски, Ұлттық қауіпсіздік Бюросы стратегиялық талдау департаментінің директоры Петр Влодарски және т.б. болды. Қонақтарға ақысыз түрде мұражай аумағында орналасқан экспозициялар мен «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев келген қонақтарға алғысын білдіріп, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағын сыйға тартты. Экскурсия соңында қонақтар мұражайға естелік кәдесыйын табыстап, пікір кітабына саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін жазып қалдырды.
21 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Елордамыз Астана қаласының 20-жылдығына орай 16-29 маусым аралығында өтіп жатқан ІІ Дүниежүзілік Астана театр фестивалінің қатысушылары келді. Франция, Литва, Ұлыбританиядан келген қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
26 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетінен делегация келді. Делегация құрамында әскери-тарихи мұражайының директоры, полковник Саид Хамад Алькалбани, сержант Маджид Джума Омар Альмаазме және қызметші Балкис Фли Жасим және т.б. келді. Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
27 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, КСРО және ҚазКСР халық артисі Асанәлі Әшімов келді. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия және «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылып, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағын сыйға берілді. Экскурсия соңында Асанәлі Әшімов пікір кітабына саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін жазып қалдырды.
8 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасының ішкі туризмді зерттеу мақсатында Глазго (Ұлыбритания) университетінің профессоры, менеджмент және маркетинг кафедрасының туризм оқытушысы Гийом Тиберьен келді. Сапар барысында мұражай қызметкерлері Р. Жақсыбаева мен Е. Саморокова «АЛЖИР» лагерінің тарихы, мұражай қызметі және саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау үшін өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді.
9 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Целиноград ауданы «Нұр Отан» партиясы ғимаратында топтық кеңес аясында, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Мәдешұлы Бекмағамбетовтың төрағалығымен Ақмола облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының мүшелері келді.
12 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Қазима Алманиязованың ұрпақтары келді. Қазима Алманиязова 1938 жылы Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде тұтқындалып, «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген. Қазима Алманиязованың ұрпақтары мұражай қорына тапсырған сандығы, камзолы және мұрағаттық құжаттары мұражай экспозициясында тұр.
20 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Миссия Сибирь» жастар жобасының қатысушылары келді. Литваның әр түрлі ұйымдарының өкілдері литва халқының тарихы, литвалық азаматтардың жаппай террорда қуғын-сүргінге ұшырап, Сібір және басқа ТМД елдеріне жер аударғаны туралы зерттеумен айналысады. Белгілі болғандай, «АЛЖИР» лагерінде 1938-1953 жылдары литва ұлтының 14 әйелі жазасын өтеген.
26 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Мүталлап және Зина Ахметовтердың ұрпақтары Дина Құлымбайқызы Байбұлова мен Клара Құлымбайқызы Байбұлова келді. Мүталлап Ахметов «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған. Зина Ибрагимқызы Ахметова «халық жауының әйелі» ретінде 8 жылға сотталып, өз мерзімін «АЛЖИР» лагерінде өтеген. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Қонақтарға мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
31 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 1937 жылы діни насихаттау ретінде қуғын-сүргінге ұшыраған, Қостанай облысының имамы Абдулахат Қадыровтың немересі Рамиль Ахадович Сафиуллин келді. Сапар барысында Р. Сафиуллин мұражай қорына өз атасы А. Қадыровтың жеке ісіндегі құжаттар көшірмелерін, соның ішінде: мұғалім куәлігін, А. Қадыровтың мұрағаттық анықтамасын, тінту және қамауға алу ордерін, тұтқындалған сауалнамасын, жауап алу хаттамасын, қамауға алу мен ату жазасы туралы қаулысын, Абдулахат Қадыровтың өмірі мен қызметіне арналған 2017 жылдың 14 желтоқсанында № 99 (3007) «Наш Костанай» газетінде шыққан «Остался свет его души» мақаласын тапсырды.
18 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Түркия Республикасы Жандармерия күштерінің бас қолбасшысы Бекир Кальончудың жұбайы Нурхаят Четин келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
24 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Астананың мәдени мәтіні» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары келді.
28 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 2018 жылдың 25-29 тамызында Астана қаласында өткен 15 әлем Чемпионатының жүрдек радиотелеграфтың аясында АҚШ-тан, Бельгиядан, Молдовадан, Македониядан, Швециядан, Беларусиядан, Ресейден және басқа да елдерден чемпионаттың қатысушылары келді.
2018 жылғы 8 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне өлкетанушы, отставкадағы әділет подполковнигі, туған өлкесі Липецк облысы Лебедян ауданы Романов ауылы тарихының зерттеуімен айналысатын Раиса Михайловна Усович келді. Раиса Михайловна – 2016 жылы жарыққа шыққан, туған ауылының тарихы туралы «Романцев-Романов Рог-Романово» кітабының авторы.
Раиса Михайловна жерлесі Наталья Семеновна Карихтың шіркеуде староста болған кезінде өз сенімі үшін жапа шеккені, 1937 жылы контрреволюциялық қызметі үшін тұтқындалып, «АЛЖИР» лагерінде жазасын өтегені, алайда, 1942 жылы жазасын өтеп жүрген кезінде лагерде тұтқындар арасында діни үгіт-насихат жүргізді деп екінші рет тұтқындалғаны туралы айтты. РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-10 бабының 2-бөлігі бойынша Қарағанды облыстық соты Сот Коллегиясы Наталья Карихті жоғары жазалау үкіміне кесті. Наталья Карихпен бірге өз сенімі үшін тағы да 11 әйел ату жазасына кесілген. 2013 жылы Ақмол ауылында құдайға сиынғаны үшін жазаға тартылған 12 ақмолалық әйелдің рухына арнап православтық ғибадатхана ашылған.
8 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан «Отырар» қоғамдық қайырымдылық қорында тұрып және оқып жатқан тәрбиеленушілер келді. Оларға ақысыз түрде«Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
11 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астана қаласының «Арнайы түзету мектеп-интернаты» ММ-нің орталық жүйке жүйесі бұзылған, Даун синдромы бар, аутизмнен азап шеккен тәрбиеленуші мүгедек-балалар келді. Оларға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
16 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қытай Халық Республикасы Халықтық қарулы полициясының әскери қызметшілері келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
18 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Фатима Қадырқызы Дивееваның немересі мен шөбересі Альмара мен Айнұр келді. Фатима Дивееваның күйеуі – 1938 жылы қуғын-сүргін құрбаны болған, ҚазАКСР-ның ішкі сауда халық комиссары, КСРО жанындағы халық комиссариаты кеңесінің, ҚазКСР-дағы Халық комиссариатының тұрақты өкілі Шәкір Дивеев. Күйеуі тұтқындалғаннан кейін Фатима Дивеева Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде 8 жылға бас бостандығынан айырылып, еңбекпен түзеу лагерінде болған. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
20 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Венгриядан делегация келді. Қонақтарды Қазақстан Республикасындағы Венгрия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани алып жүрді. Сапар барысында «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген венгр тұтқын-әйелдерінің ескерткіш белгісіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
22 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Украина Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Кулеб Иван Дмитриевич және Бүкіләлемдік украиндар конгрессінің Президенті атынан Чолий Евген Ярославович және Астана қаласындағы басқа да украина елшілігінің өкілдері келді. Сапар барысында «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген украин тұтқын-әйелдерінің ескерткіш белгісіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Сапар соңында қонақтар пікір кітабына саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін жазып қалдырды.
27 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Үндістандағы Дели құрлық әскерлері колледжінің әскери қызметшілері келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
2018 жылғы қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне мүмкіндігі шектеулі адамдар: ІІ топтың мүгедектері, І топтың мүгедегі, мектеп жасына дейінгі балалар, көп балалы және аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалар, сонымен қатар Целиноград ауданының ІІ аудандық бөлімінің есебінде тұрған балалар келді. Оларға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
5 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Евгения Петровна Опенконың (Цой) қызы Надежда Степановна Хван келді. Сапар барысында Надежда Степановна мұражай қорына мұрағаттық құжаттардың көшірмелері мен фотосуреттерін тапсырды. Тапсырған құжаттардың ішінде: анасының өмірбаяны, 1997 жылғы № 4 санындағы қазақстандық әдеби-көркем және қоғамдық-саяси «Нива» журналының беттеріндегі Евгения Петровна Цойдың тағдырына арналған Владимир Сонның«Өмір сүр және есте сақтау» мақаласының нұсқасы, Евгения Петровна Цойдың босатылғаннан кейінгі түскен фотосуреті, ақтау туралы анықтамасы, сонымен қатар жеке заттарының ішінде «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 50 жыл» мерейтойлық медалі, мүшелік кітапшасының түпнұсқасы, «Отличник советской потребительской кооперации» белгішесі, «Еңбек ардагері» медалі, «Отличник народного просвещения Казахской ССР» белгішесі, түпнұсқа хаттары, 1952 жылы Евгения Петровна Цойдың қайта тұтқындауына байланысты хаты, Евгения Петровна Цойдың естеліктері бар СD-диск.
9 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич және ұлттық есте сақтау Институтының басшылары (Польша) келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
10 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Париж және Вашингтоннан 2018 жылғы 10-12 қазан аралығында Астана қаласында өткен Трансшекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану Конвенциясы Тараптары Кеңесінің Дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдарының өкілдері келді. Қонақтарды «АЛЖИР» тұтқыны Раиса Моисеевна Мамаеваның немересі, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының аймақтық техникалық кеңесшісі Владимир Мамаев алып жүрді.
10 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Ирина Карловна Грабскаяның ұлы Ян Горбачевски Техас штатынан (АҚШ) келді. Ирина Карловна 1917 жылы туылған, Польшаның шекарасынан заңсыз өткені үшін тұтқындалды. 2003 жылы Лондонда қайтыс болды. Ян Горбачевски мұражай қорына Ақмола қаласына Ирина Грабскаяның мекен-жайына жіберілген сканерленген жеделхат көшірмесін, 1941 жылы Ирина Грабскаяның мекен-жайына жазылған хат пен ашық хаттың көшірмесін, 1941 жылы «АЛЖИР» лагерінде құрақ матаға жазған хаттарын, Ирина Карловна Грабскаяның атына жазылған «Интурист» қонақүйге кіру рұқсатнамасының көшірмесін тапсырды.
11 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлері келді. Қонақтарға мұражай аумағында орналасқан экспозициялар мен «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Экскурсия соңында мұражай қонақтары пікір кітабына саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін жазып қалдырды.
17 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Молдовадан, Румыниядан аккредиттеу және рейтингтің Тәуелсіз агенттігінің қолдауымен Орталық Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарының басшылары делегациясы келді. Қонақтарға мұражай аумағында орналасқан экспозициялар мен «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Сапар соңында қонақтар саяси қуғын-сүргіндер тарихынан алған әсерлерін пікір кітабына жазып қалдырды.
18 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ақысыз түрде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі С.К. Нұрмағанбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» РММ мектебінің тәрбиеленушілері келді.
23 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Санкт-Петербургтен «Әйел. Түрме. Қоғам» құқық қорғау жобасының журналисі Наталия Донскова келді. Бұл қоғам тұтқындау орындарындағы әйелдер мен балалардың проблемаларына назар аудару үшін құрылған. Қазіргі уақытта Наталия Донскова Гулаг лагерьлерінде болған әйелдер мен балалардың тақырыбына арналған жобаны құру бойынша қызмет атқарады. Зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Е. Саморокова мұражайдың қызметі туралы, сондай-ақ мұражай қызметкерлері Отанын сатқандардың отбасы мүшесі ретінде тұтқындалған әйелдердің және балалардың тізімін нақтылау және зерделеу, зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқан туралы айтып берді.
2018 жылғы қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне мүмкіндігі шектеулі адамдар: І топтың мүгедегі, Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысқан қатысушы, мектеп жасына дейінгі балалар, көп балалы және аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалар, сонымен қатар Целиноград ауданының ІІ аудандық бөлімінің есебінде тұрған балалар келді.