2019
Мұражайға келушілер
- 2008 год
- 2009 год
- 2010 год
- 2011 год
- 2012 год
- 2013 год
- 2014 год
- 2015 год
- 2016 год
- 2017 год
- 2018 год
- 2019 год
18 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынан айырылған балалар - Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледж» МКҚК 1 курс студенттері келді. Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді (10 адам).
2019 жылғы 22 қаңтарда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында өсіп келе жатқан ұрпақты Отансүйгіштікке, патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық тарихқа деген құрмет пен мақтаныштарын қалыптастыру, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен Астана қаласының 27 мектебінен оқушылар, «Регата» жобасының қатысушылары келді. «Регата» - Астана қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары үшін ұйымдастырылған 13 мұражайға бару арнайы бағдарламасымен ұйымдастырылған жоба. Мақсаты - Астана қаласындағы мектеп мұражайларына бару үшін бірегей мүмкіндікті құру, туған өлке, қазақстан қоғамының даму тарихына елеулі үлес қосқан әйгілі адамдардың өмірі мен қызметі туралы жетік танып білу. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
24 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» лагерінің тарихымен танысу және кейіннен туристерді «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне тарту мақсатында Болгарияға туристік сапарларды ұйымдастырумен айналысатын «Varna-tour» компаниясының менеджерлері келді. Компанияның Астанада, Қарағандыда, Семейде, Өскеменде, Көкшетауда, Екібастұзда, Павлодар мен Қостанайда өкілдігі бар. Сапар барысында «Зерде» залында туристік компанияның менеджерлері мұражай ұжымымен кездесу өткізіліп, ішкі туризмді дамыту және ынтымақтастық меморандум жасасу мүмкіндігі туралы сұрақтар талқыланды.
Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
26 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Беларусь Республикасы Мемлекеттік шекара комитеті Төрағасының орынбасары, Генерал-майоры Сергей Игнатович Новиковтың бастамасымен Беларусь Республикасы Мемлекеттік шекара комитетінің офицерлері келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
9 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «2020 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауға көшу. АҚШ тәжірибесі» Астана қаласында 11 ақпанда дөңгелек үстел аясында өткен «FINEX-STANDART» аудиторлық ұйымының директоры Рита Еспенбетова, «Finex Education» оқу орталығының директоры Әсел Жанабекова және Оклахома штатының (АҚШ) «Hogan Taylor» аудиторлық компаниясының менеджері Карсон Дороти келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Сапар соңында Рита Еспенбетова мұражай қорына ХХ ғасырдың 1931-1933 жж. ашаршылықты өз көзімен көрген әкесі отставкадағы ІІМ подполковнигі Құрманбай Еспенбетовтың естеліктері бойынша жазылған «Күренбел қасіреті» кітабын тапсырды. Аталған кітап 2013 жылы Астана қаласында шығарылған және халықаралық байқауда 3-ші орынға ие болған.
23 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Беларусь Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздігі комитетінің қызметкерлері келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Олар саяси қуғын-сүргін тарихын сақтағаны үшін қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, өткенді есте сақтау, оларды құрметтеу және жаңа қайғы қасіретті болдырмауы туралы пікір кітабына жазып қалдырды. Қонақтарға мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
26 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Галачян Гагик Кимовичтың бастамасымен Армения Республикасының делегациясы келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
5 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Шабыт» Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенттері келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
26 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 1938 жылы 10 шілдеде «халық жауының әйелі» ретінде 8 жылға тұтқындалып, еңбекпен түзеу лагерінде мерзімін өтеген «АЛЖИР» тұтқыны Марфуға Капчукуровна Смағұлованың ұрпақтары Галина Викторовна мен Денис Харисович Смағұловтар келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
28 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Израиль Мемлекеті Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкерлері келді. Сапар барысында «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген еврей ұлтты тұтқын-әйелдерінің ескерткіш белгісіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қонақтарға мұражай аумағында орналасқан экспозициялар мен «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Экскурсия соңында қонақтар пікір кітабына саяси қуғын-сүргін тарихынан алған әсерін жазып қалдырды. Қонақтарға мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
12 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен семинар аясында АҚШ-нан, Моңғолиядан, Нұр-Сұлтан қаласынан және Қазақстанның аймақтарынан қоғам және діни бірлестіктерінің өкілдері келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
2019 жылғы 1 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстандағы Еуропалық одақтың елшісі Свен-Олов Карлсон отбасымен келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Сапар соңында қонақтар саяси қуғын-сүргін тарихын сақтағаны үшін қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, өткенді есте сақтау, оларды құрметтеу және жаңа қайғы қасіретті болдырмауы туралы пікір кітабына жазып қалдырды.
3 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Пекиндегі шет тілдер университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қытай-Ресей достығы Қоғамының Басқарма Президиум мүшесі Ли Иннань мен ресейлік әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Владимир Вениаминович Агеносов, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Сапар соңында қонақтар саяси қуғын-сүргін тарихын сақтағаны үшін қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, өткенді есте сақтау, оларды құрметтеу және жаңа қайғы қасіретті болдырмауы туралы пікір кітабына жазып қалдырды. Қонақтарға мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
15 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Израиль Мемлекетінің Қазақстан мен Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лиат Вексельман келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Қонақтар саяси қуғын-сүргін тарихын сақтағаны үшін қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, өткенді есте сақтау, оларды құрметтеу және жаңа қайғы қасіретті болдырмауы туралы пікір кітабына жазып қалдырды. Қонақтарға мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
19 мамырда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістер мәселелері жөніндегі Қазақстан-Герман Үкіметаралық комиссиясы XVII отырысының қатысушылары келді. Сапар барысында «АЛЖИР» лагерінде жазасын өтеген неміс әйелдерінің рухына арнап ескерткіш белгіге гүл қою рәсімі өтті. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
23 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген «Армения-Қазақстан» достық тобының делегациясы келді. Делегация құрамында Еуразиялық интеграция мәселелері және өңірлік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Сергеевич Мелкумян Микаел; Еуразиялық интеграция мәселелері және өңірлік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, топ жетекшісі Вагаршак Сосович Акобян; Сыртқы байланыстар жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Ануш Эдвардовна Беглоян; Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы аппаратының сыртқы байланыстар басқармасының жетекші маманы Софья Рудольфовна Мнацаканян және т. б. қатысты. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Қонақтар саяси қуғын-сүргін тарихын сақтағаны үшін қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, өткенді есте сақтау, оларды құрметтеу және жаңа қайғы қасіретті болдырмауы туралы пікір кітабына жазып қалдырды. Қонақтарға мұражайдан естелік ретіндемемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
29 мамырда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаныңда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітап-ханасының қызметкерлдері келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов пікір кітабында мұражай қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Қонақтарға мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы (2 дана) сыйға берілді.
29 мамырда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаныңда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне А.С. Грибоедов атындағы Тбилисси Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымы келді. Сапар барысында «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген ұлты грузин әйелдерінің рухына ашылған ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Осы күні сағат 19.00-де Ақмол ауылының Мәдениет үйінде аталған театр ұжымының қатысуымен «А.Л.Ж.И.Р.» спектаклінің тұсаукесері өтті.
31 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын құрметтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің басшысы Дональд Туск келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді (20 адам). Сапар барысында қонақтар Зерде қабырғасына гүл шоқтарын қойды.
31 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын құрметтеу мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева келді. Сапар барысында Дариға Нұрсұлтанқызы Зерде қабырғасына гүл шоқтарын қойды. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді (40 адам). Дариға Нұрсұлтанқызына мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
8-10 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аясында халықаралық бақылаушылар келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша ақысыз экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
9 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аясында бақылаушы ретінде шақырылған Ресей және Кеңес Одағының театр және кино актрисасы, РСФСР және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталья Утевлевна Орынбасарова келді. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Ол саяси қуғын-сүргін тарихын сақтағаны үшін қызметкерлерге алғысын білдіріп, өткенді есте сақтау, оларды құрметтеу және жаңа қайғы қасіретті болдырмауы туралы пікір кітабына жазып қалдырды. Қонаққа мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
14 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының Тапсырма-Жоспары бойынша «Самғау» халықаралық театр фестивалінің мүшелері мен қазылар алқасы өкілдері келді. Оларға ақысыз «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.