2023
Мұражайға келушілер
- 2009 жыл
- 2010 жыл
- 2011 жыл
- 2011 жыл
- 2012 жыл
- 2013 жыл
- 2014 жыл
- 2015 жыл
- 2016 жыл
- 2017 жыл
- 2018 жыл
- 2019 жыл
- 2020 жыл
- 2021 жыл
- 2022 жыл
- 2023 жыл
- 2024 жыл
15 қаңтар күні «АЛЖИР» мұражай-мемориалды-мұражай кешеніне 1902 жылы туған, Қызылорда облысы Шилі ауданының тумасы, 1950 жылғы 27 тамыздағы Қызылорда облыстық сотының үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылып, РСФСР ҚК 58-10-бабының 2-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған Шеген Құдамановтың немересі Жадыра Өміртаева келді. Қонақтар үшін «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Сапар барысында ол мұражай қорына қуғын-сүргінге ұшыраған атасының түпнұсқа фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттарын тапсырды.
12 ақпан күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне USAID басшылық өкілдерінің делегациясы мен Қазақстан Республикасындағы АҚШ Төтенше және Өкілетті елшісі келді. Құрметті қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Сонымен қатар, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді. Құрметті қонақ музейдің пікір кітабына ХХ-ғасырдың 30-50-жылдарындағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтағаны үшін мұражай ұжымына алғысын білдірді.
24 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Италиядан Роберто мен Алтын Болтри келді. Орталық Азия елдеріндегі шетелдік эколог-сарапшылардың көзімен халықаралық экологиялық ұйымының консультанты, «Карлаг» және «АЛЖИР» лагерьлерін зерттеумен айналысатын Роберто Болтри «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген итальяндық әйелдер туралы ақпарат сурады. 2003 жылы Астана қаласы мен Ақмола облысы заңсыз қуғын-сүргін қауымдастығы шығарған «АЛЖИР» тұтқындары» кітабы бойынша итальяндық Мария Контардовна Варенцева 1938 жылы 22 наурызда КСРО ІІХК Ерекше Кеңесінің шешімімен «Отанын сатқандардың отбасы мүшесі» ретінде 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 1938 жылы 4 мамырда Мәскеудегі Бутырь түрмесінен әкелінді. Лагерьде 1943 жылдың 10 қарашасына дейін болды. 1943 жылдың 10 қарашасында қайтыс болды. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
15 сәуір күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Евгения Эммануиловна Весниктің немересі Антон Евгеньевич Весник келді. Евгения Весник «Отанын сатқандар отбасының» әйелі ретінде тұтқындалып, «АЛЖИР» лагерінде мерзімін өтеген. Ол қаз фермасында жұмыс істеді. Ұлы Евгений Яковлевич Весник (1923-2009 жж.) – КСРО халық әртісі, актер, режиссер. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Сонымен қатар, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.
24 сәуір күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Чех Республикасы Премьер-Министрі П. Фиала келді. «АЛЖИР» тұтқындарын еске алып, «Зерде» қабырғасына гүл шоғын қойды. АЛЖИР» лагерінде екі чех ұлтты әйел Евгения Эммануиловна Весник және Габриела Норбертовна Забранская-Равва мерзімін өтеген. Музей қорында Евгения Эммануиловна Весниктің архивтік материалдары бар. Құрметті қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
20 маусым күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне 1902 жылы туған, Қызылорда облысы Шилі ауданының тумасы, 1950 жылғы 27 тамыздағы Қызылорда облыстық сотының үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылып, РСФСР ҚК 58-10-бабының 2-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған Шеген Қодамановтың қыздары Шарипа, Сәлима Қодамановалар және немере, шөберелері келді. Биылғы жылдың ақпан айында немересі Жадыра Өміртаева атасына қатысты музей қорына тапсырған архивтік құжаттар, фотосуреттер мен жеке заттары Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «АЛЖИР»-дің бірегей жәдігерлері» көрмесіне қойылған.
Шеген Қодамановтың қыздары ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтағаны үшін музей ұжымына алғыс хат табыстады. Қонақтар үшін «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
25 маусым күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Еуропа Кеңесі мүшелері келді. Құрметті қонақтарға ақысыз түрде «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
11 шілде күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Голландиядан «АЛЖИР» тұтқыны Евгения Левинаның немере жиені Татьяна Яссиевич келді. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Кездесу барысында ол мұражай қорына немере әжесі Евгения Левинаныақталуы туралы анықтаманы тапсырды.
18 шілде күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Түркия Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы – Бас штаб бастығының міндетін уақытша атқарушы армия генералы Муса Авсевердің бастамасымен делегация келді. Құрметті қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
21 шілде күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Венгрия Премьер-Министрі Кеңсесінің шіркеу мен этникалық қауымдастықтармен байланыс жөніндегі мемлекеттік хатшысы Миклош Шолтес мырза келді. Құрметті қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
1 қазан күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне НАТО-ның Халықаралық әскери штабының директоры, генерал-лейтенант Я. Адамчактың бастамасымен делегация келді. Қонақтарға ақысыз түрде «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дың ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
10 қазан күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Польша муфтиі Томаш Мискевич келді. Құрметті қонаққа «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дың ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.