Мұражайға келушілер
2015
28 желтоқсанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Украина Республикасы Елшісінің үшінші хатшысы Ирина Владимировна Блащук бастаған Украина делегациясы келді.
2 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Куба Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Карлос Вальдес де ла Консепсионның басшылығымен Куба Республикасынан делегация келді.
10 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде Астана қаласына «Орта Азиядағы украиндықтар» атты зерттеу жобаны жүзеге асыруға келген Украинаның еңбек сіңірген тілшісі, Чернобыль атом электр станциясындағы апатын залалсыздандыруға қатысқан, еңбек ардагері Николай Иванович Хриенко болды.
14 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Словакия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Петером Юзаның басшылығымен Словакия Республикасынан делегация келді.
25 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің қорғаныс мәселелері бойынша атташе, полковник Руслан Николаевич Кузнецов келді.
4 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Павлодар қаласындағы Анастасия Цветаева мұражайының негізін қалаушы және қор сақтаушысы, М. Цветаева және П. Васильев атындағы әдеби сыйлықтың иегері, журналист, ақын – Григорьева Ольга Николаевна және Ресей Федерациясы Владимир ауданы Александр қаласындағы Марина және Анастасия Цветаевтардың әдеби- көркемдік мұражайының хатшысы, ғалым Эльвира Борисовна Калашникова келді.
19 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан облыстарынан прокурорлар келді.
13 наурызда мұражайға Т. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық академиясының «Өнер театры» факультетінің деканы Асхат Маемиров келді.
19 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Назарбаев Университеті»-не үйрету тренингтерін өткізу үшін келген Кембридж Университетінің білім беру факультетінің профессорлары мен оқытушылары болды.
25 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасы – Корея Республикасы арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық бойынша тобының орынбасары Чжан Юнсоктың басшылығымен Корея Республикасының Ұлттық делегациясы келді.
27 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде Астанаға VI-шы Корей-Орталық-Азия Халықаралық семинарына келген Оңтүстік Корея делегациясы болды.
31 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Франко-Ресей палатасының президенті Эммануель Кайдет және Ресей Федерациясындағы Франция елшісі Жан-Морис Репир зайыбымен келді.
7 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстандағы Арменияның Төтенше және Өкілетті елшісі Ара Саакян және консулы Мгер Эдвардович Баралян, сонымен қатар Астана қаласының армян этномәдени орталығының өкілдері келді.
8-10 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Есіл ауданы әкімшілігі мен «Круиз» туристік фирмасы ұйымдастырған Есіл ауданы бойынша жағдайлары төмен отбасында тұратын 5-11 сыныптағы балалар келді.
16 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу мақсатында Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Эрдоганның зайыбы Эмине Эрдоган келді.
18 сәуірде мұражайға Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Ұлы Жеңіске 70-жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты «Инвесторлар Альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысынан ардагерлер тобы келді.
27 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде Астанаға Президенттік сайлауды қадағалау үшін Халықаралық бақылаушы ретінде келген Грузиядан, Кореядан, Түркиядан делегация болды.
29 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Ресей қонақтары – А. С. Пушкин атындағы Ленинградтық мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор В.А. Варенко, Курстік мемлекеттік медицина университетінің философия кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Кравцова Елена Александровна, сонымен қатар Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушылары мен Қазақстан Ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» таңғы бағдарламасының тілшілері келді.
6 мамырда мұражайға Қазақстан-Орта Азияға автокруиз жасау арқылы Италиядан 22 адам туристтер келді.
8 мамырда мұражайға ЕЦ-166 түзеу мекемесіндегі еркін қамаудағы (30 адам) келді.
9 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне ҚР ұлттық экономика министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы облысының Ұлы Отан соғысының ардагерлері келді.
12 мамырда мұражайға Ақмол ауылында тұратын тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасындағы балалар (15 адам) келді.
15 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Целиноград ауданының Ішкі істер бөлімінде есепте тұратын балалар (8 адам) келді.
19 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астана қаласына арнайы іс-сапармен Үндістан делегациясы (16 адам) келді.
20 мамырда мұражайға Ислам Республикасының Пәкістан делегациясы (10 адам) келді.
23 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астанаға Астана экономикалық форумға – 2015 Европалық қайта құру және даму банкінің делегациясы келді.
30 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының рухына арнап, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттары келді.
9 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астана қаласының Халықаралық мектебінің оқушылары келді.
10 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Испания Республикасынан туристер келді.
23 маусымда мұражайға Астана қаласындағы № 62 мектептің жазғы лагеріндегі балалар (100 адам) келді. Оларға «Алаш», «АЛЖИР» және «Азаттықтың азапты жолы» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
Қаңтар – маусым аралығында мұражайға Ақмол ауылында тұратын (24 адам) мүмкіндігі шектеулі балалар келді.
10, 18, 30 маусымда «Ақниет» Меншікті қордың қолдауымен Астана қаласы «Замандас 21» Қоғамдық қоры «Жас Шуақ» жазғы лагерінен әлеуметтік тұрмысы төмен (көп балалы, жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұялар, жетім-балалар, 120 адам) балалар келді.
23-28 маусым аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Сахнадан сәлем» атты ІІІ Халықаралық театрлар фестиваліне қатысқан Ресей, Грузия және Қазақстан театрларының өкілдері келді.
26 маусымда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Малазия, Тайланд, Англия журналистері, сонымен қатар Англиядағы ақпараттық-сараптамалық орталықтың қызметкерлері келді.
27 маусымда мұражайға ЕЦ-166/1 түзеу мекемесінің қызметкерлері келді.
2 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Астанаға Пәкістан және Франция мемлекеттерінен генералдар келді.
16-30 шілде аралығында «Ақниет» меншікті қордың қолдауымен Астана қаласы «Замандас 21» Қоғамдық қоры «Жас Шуақ» жазғы лагерінен әлеуметтік тұрмысы төмен (көп балалы, жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұялар, жетім-балалар, 120 адам) балалар келді.
24 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, «Карлаг: память во имя будущего» ғылыми зерттеу жобасының меңгерушісі О.Н. Дулатбеков келді.
7 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне бұрынғы «АЛЖИР» тұтқыны Мария Ефимовна Звагельскаяның немересі Михаил Звагельский келді. Сонымен қатар дәл сол күні мұражайға Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігінің екінші хатшысы Таро Фурубаясидың басшылығымен елшіліктен делегация келді.
12 тамызда мұражайға ҚР Аэроұшқыш әскерінің № 68665 әскери бөлімінің қызметкерлері келді.
13 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Отаның сатқандардың отбасы мүшесі» ретінде 8 жылға сотталған «АЛЖИР» тұтқыны, Софья Айдархановна Берденованың немере жиені Ғалия Тұрлыбаева келді.
25 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Федеративтік Бразилия Республикасынан қонақтар келді.
26 тамызда мұражайға Астанадағы ҚР Әділет министрлігінің қызметкерлерімен тәжірибе алмасу мақсатында Латвия Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы – Райвис Кронбергс, Мемлекеттік хатшының кеңесшісі – Иво Зутис, Әкімшілік сотының директоры – Эдвинс Балшевич және Еуропалық сұрақтар департаментінің директоры – Анна Скрябина келді.
27 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Токио университетінің профессор-эмиритус – Масауки Ямаучи, Митсубиси бірлестігінің кеңесшісі, Мейдзи университетінің профессоры, Жапония Премьер-министрі ұлттық қауіпсіздік төрағасының хатшысы келді.
30 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған ҚазМЗУ-де өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Германиядан келген делегация болды.
7 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Куски и обрывки между жизнью и смертью» тақырыбындағы көрмені ұйымдастыру сұрақтарын талқылау мақсатында Швециядан, Стокгольм қаласындағы Армия мұражайының директоры – Эрнстелль Ева-Софи, ҚР-дағы Швецияның Төтенше және Өкілетті Елшісі – Камилл Христиан, Минск қаласындағы Ұлттық мұражайының директоры – Олег Рыжков келді.
11 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне (KRIVET) президенті – Ли Йонг-Сунның бастамасымен «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің респуликалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ жұмысшылары және Корея кәсіптік білім беру және оқытудың зерттеу институты (KRIVET) қызметкерлері келді.
15 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Беларусь Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі – Андрей Марленович Ковхутоның бастамасымен делегеация келді.
16 қыркүйекте мұражайға ТМД елдерінің өнеркәсіптік және қауіпсіздік бойынша Мемлекетаралық кеңесінің Астаналық ХІІІ-ші отырыс қатысушылары (34 адам) келді.
23 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Қазақстан Республикасындағы Канада Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі – Шон Стайл зайыбымен келді.
27 қыркүйекте «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Румыня Республикасының Энергетика Министрі Андрей Доминик Джеря келді. Дәл сол күні мұражайға «Светоч» балалар үйінің жетім балалары (15 адам) келді.
4 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Назарбаев Университеті профессорларының бастамасымен Астанаға білім бөлімімен тәжірибе алмасу мақсатында ЕГЛУ қазақ әдебиеті және шетел тілдерінің орыс тілі факультетінің деканы, доцент, филология ғылымдарының кандидаты – Маркосян Гаяне келді. Қонақтарға мұражай аумағында орналасқан экспозицияларымен «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, сонымен қатар «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.
4 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Назарбаев Университеті профессорларының бастамасымен Астанаға білім бөлімімен тәжірибе алмасу мақсатында ЕГЛУ қазақ әдебиеті және шетел тілдерінің орыс тілі факультетінің деканы, доцент, филология ғылымдарының кандидаты – Маркосян Гаяне келді.
6 қазанда мұражайға «АЛЖИР» тұтқыны – Роза Цыпкинаның отбасының досы, қазіргі таңда Калифорния штатында тұратын Маргарита Севчик келді.
7 қазанда мұражайға Астана қаласында өткен Үкіметаралық комиссияның 13-ші отырысына: мигранттардың сұрақтары бойынша мәселелерін шешетін өкілеттілік, Германияның ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, Парламент депутаттары, Германия делегациясы келді.
22 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Көкшетау қаласында өткен «Актуальные проблемы обеспечения пожарной безопасности» атты конференцияға Мәскеу қаласындағы Ресейдің Мемлекеттік Академиясының өрт қауіпсіздігіне қарсы ТЖМ-нен (10 адам) келді.